Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыстап қалатын құстар

20 мам 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Сабақтың мақсаты: қыстап қалатын құстар және олардың қысқы тіршілігі жайында білімдерін қалыптастыру
Сабақтың міндеті:
1. білімділік: Оқушыларға қыстап қалатын құстар және олардың қысқы тіршілігі жайында мағлұмат беру, қыс мезгілі туралы қалыптасқан білімдерін бекіту;
2. түзете - дамытушылық: сұраққа толық жауап беру арқылы сөздік қорларын дамыту, жұмбақ шешу арқылы логикалық ойлауын дамыту; суреттерді бояу арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
3. тәрбиелік: Табиғатты қорғай білуге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, жұмбақ шешу
Сабақтың көрнектілігі: құстардың суреттері, құстың азығын салатын науа, құстарға беретін азық, құстардың дауысы бар үнтаспа,

Сабақтың барысы:
I. Дайындық кезеңі: (2 мин)
Сабаққа психологиялық - педагогикалық дайындық жасау:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Көңіл - күйлерін қалай? Балалар кім сұраққа жақсы, толық жауап береді, мен сендерге құсты берем, сендер өздерінің алдарында жатқан тоғайға қондырасыңдар. Сабақ аяқталғанда, қонған құстарды санаймыз.
- Айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің қай айы?
- Ал, балалар бізде қыс мезгілі біткеннен кейін, қандай жыл мезгілі келеді?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Қазір бізде қандай сабақ?

II. Жаңа сабаққа кіріспе (5 мин)
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырам. Ал, сендер жауабын табындар.
- Орманда жоғары,
Ағашқа қонады,
Тұмсығын балға етіп,
Тоқ - тоқ соғады. (Тоқылдақ)
- Мәпелейміз, баптаймыз,
Биіктерге самғаймыз.
«Бейбітшілік құсы» деп,
Қай құсты айтып мақтаймыз. (көгершін)
- Енді, бәріміз маған қараймыз. Мұқият тыңдап отырамыз. (құстардың дауысы бар үнтаспаны қосу)
- Балалар, айтыңдаршы сендер ненің дауысын естідіңдер?
- Өте жақсы, құстардың! Сонымен балалар сендер қалай ойлайсыңдар, біздің бүгінгі сабағымыз не туралы?
- Қандай ақылды балаларсыңдар! Өте жақсы. Құстар туралы.
- Қандай құстар туралы деп ойлайсыңдар?

III. Жаңа сабақ: (10 мин)
Балалар біз бүгін сендермен қыстап қалатын құстар әңгімелейміз. Қыстап қалатын құстар дегеніміз өз туған жерінде қалатын, шыдамды, суыққа төзімді, тоңбайтын отырықшы құстар. Ондай құстарға қарға, торғай, бүркіт, көгершін, сауысқан жатады. Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді. Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Ондай адамды құсбегі деп атайды. Бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз.

IV. Сергіту сәті: (2 мин)
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Қарға құсап жорғалап,
Қане, қанат қағайық.

- Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
- Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды. Қарға мен торғайдың дауыстағаның салу.
- Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.
- Балалар айтыңдаршы, қыстап қалатын құстар неліктен өз жерлерінде қалады?
- Шыдамды құстар. Қысқа төзімді құстар. Тоңбайтын құстар. Елін, жерін сүйетін құстар.
- Мына суреттегі құстардың қайсысы сендерге таныс. (аттарын атау, сөйлей алмайтын балалар суреттерін көрсетеді)
Азықтарды құстардың қасына апарып ілу, сөйлей алмайтын балаларға.
Етті - бүркітке, күнбағысты - көгершінге, тарыны - торғайға апарып ілу.

V. Практикалық жұмыс (8 мин)
Құстардың азығын салатын науа жасау
- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, құстар қыста не туралы сөйлеседі? Қане, тыныш отырып, дауыстарын тыңдайық.
- Қалай ойлайсыңдар, неліктен олардың дауыстарында қызықты ән, қуаныш, қорқыныш, уайым, көмекке шақыру сезіледі.
- Өйткені оларға қысты күні суық және жейтін азықтары жоқ.
- Әрине қыстайтын құстар азықты өздері таба алады, сонда да қане біз оларға көмек ретінде азық салатын науа жасап берейік.
- Өте жақсы, балалар! Біз ертеңгі сабақта осы істеген науамызды далаға шығып, талға іліп қояйық.

VI. Бекіту (3 мин)
- Бірақ, науаны жай ғана іліп қою аз болады. Оның ішіне біз азық салу керекпіз. Ол үшін біз бір ойын ойнап жіберейік. Егер ойынды жақсы ойнасақ, құстар жейтін азықты да табамыз.
Ойын: «Құстардың атын атау»
Шарты: Мен төртбұрышты лақтырам, ал сендер бет жағына қарап түскен құстың атын атайсыңдар. (Бірнеше рет қайталау)
- Сонымен, біз бүгін қандай құстар туралы айттық?
- Қыстайтын құстарға нелер жатады?

VII. Бағалау (2 мин)
- Жақсы балалар, біз құстардың азығын таптық. Науаға салып қоямыз. Бірақ менің қолымда екі түрлі азық. Қане, көрейікші! Біріншісінде - тары, ал екіншісінде не екен?
- Балалар, қараңдаршы бұл не? (кәмпит). Ал, балалар құстар кәмпит жей ме?
- Жооқ, жемейді. Сондықтан балалар сендер сабаққа жақсы қатысқандарын үшін құстар кәмпитті сендерге сыйлыққа әкеліпті.

VIII. Үй тапсырмасын беру (1 мин)
Өздеріне ұнаған қыстайтын құстың суретін салу

IX. Рефлекция (2 мин)
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Сабақта сендерге не істеген ұнады?
- Қане, санайықшы кімнің тоғайына көп құс қонды екен? Құстарды санау
6 099
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, мақал - мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×