Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаз мезгілінің картотекасы

25 мам 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
"ЖАЗ МЕЗГІЛІНІҢ" КАРТОТЕКАСЫ
Серуен №1
1. Бақылау: Ауладағы қыдырып жүрген мысыққа бақылау жасау.
2. Еңбек. Аула сыпырушыға көмектесу.
3. Жеке жұмыс. Балалармен мысық туралы өлең жаттау.
Ойға батып мысық
Отыр көзін қысып
Әндетіп бір баяу
Дейді мияу, мияу, мияу.
Мысық сүтке тойды
Көзін қысып қойды
Әндетіп бір баяу
Дейді мияу, мияу, мияу.

4. Ойындар: «Тышқан мен мысық»
«Кім тез жетеді?»
5. Көркем сөз: Бала мысық батыл - ақ,
Тышқан ұстау талабы.
Сылдыр етсе жапырақ,
Дереу бұға қалады.

Серуен №2
1. Бақылау: Балабақша ауласының тазалығын бақылау.
Мақсаты: тазалыққа, әсемдікке баулу. Еңбек сүйгіштікке, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
2. Еңбек. Телімдегі қағаз және ағаш қалдықтарын жинастыру.
3. Жеке жұмыс: 1 - 2 балаға балабақша туралы өлеңдерін қайталату, әңгімелету.
4. Ойындар: «Кім шапшаң?»
«Ұтып ал»
5. Көркем сөз. Тазалық - денсаулық кепілі.(мақал)

Серуен №3
1. Бақылау: Ауа – райын бақылау.
Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістерді аңғаруға және айтуға үйрету. Желдің бағытын қалай білу керектігін түсіндіру. Өз ойларын толық жеткізе білуге жұмыстану.
2. Қимылды ойындар: «Кім өз жалаушасына тез жетеді?»
«Қуыспақ»
3. Жеке жұмыс: Жұмбақ жаттау
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
4. Еңбек: Телімдегі гүлдерге су құю.
5. Көркем сөз: Жаңбыр, жаңбыр жау – жау,
Көк белеңді сау – сау.

Серуен №4
Бақылау: Жаңбырдың жауғанын бақылату
Мақсаты: Жаңбырдың неден пайда болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру. Оның табиғатқа тигізер пайдасын білдіру. Жерге сіңуін көсету. Ақ жауын ба, нөсер ме? Айыра білуге баулу.
2. Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр», «Жасырынбақ»
3. Жеке жұмыс: Жұмбақ шешуге үйрету.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.
4. Еңбек. Телімдегі қағаз, қоқыстарды жинау
5. Көркем сөз: Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр.
Арық суы мол болсын.
Өсімдіктер көп болсын.
Жауған жерің шөп болсын

Серуен №5
1. Бақылау: Ағаштың жапырақтарын салыстыра бақылау.
Мақсаты: Ағаштардың түрлеріне қарай жапырақтарының да әртүрлі болатындығын көрсету. Аққайың ағашының жапырағымен таныстыру. Оны емен ағашының жапырағымен салыстыра отырып, айырмашылықтарын айтуға үйрету. Ағаштың пайдасы туралы өз ойларын жеткізе білуге баулу.
2. Қимылды ойын: «Шеңберге дәл түсір»
«Өз ағашыңды тап»
«Кім тез жинайды»
3. Жеке жұмыс. 3 – 4 баламен маршпен дұрыс жүруді үйрету
4. Еңбек. Телімдегі бұтақтарды жинау.
5. Көркем сөз. Жапырақтар, жапырақтар,
Күз болғанда сарғаяды.
Ал қазір тұр алдымызда,
Жап - жасыл боп бояуы

Серуен №6
1. Бақылау: Құстарға бақылау жасау.
Мақсаты: Олардың түрлерімен жақынырақ таныстыру. Балалардың аяушылық, қамқорлық сезімін дамыту. Құстар біздің досымыз, құстар қалықтап төбемізде ұшып жүр айналаны бағдарлап бақылау.
2. Еңбек: Құстарға жем шашу, нан қиқымын салу.
Жемсауыттарын жем жеп болғаннан кейін тазалап қою.
3. Жеке жұмыс: 2 – 3 балаға асфальт үстіне сурет салдыру. (құстың ұясы, құстар т. б)
4. Қимылды ойындар:
«Өз орыңды тап»
«Ұшты – ұшты»
5. Көркем сөз: Сауысқан – қорқақ құс,
Көкек – мақтаншақ құс.
Бұлбұл - әнші құс,
Көгершін – бейбітшілік құсы.

Серуен №7
1. Бақылау: Бақбақ гүліне бақылау жасау.
Мақсаты: Гүлзарда өсіп тұрған бақбақ гүлінің жапырағын, гүлін қарап басқа гүлден өзгешелігін ажыратып айта білуге үйрету. Гүлдер ауламызды көрктендіріп тұрғанын айту әңгімелеу.
2. Қимылды ойындар: «Ғарышкерлер мектебі»
«Бұлақ»
4. Жеке жұмыс: 2 - 3 балаға бақ - бақ гүлінің емдік қасиеті туралы мәлімет беру.
3. Еңбек: гүлдерге су құю, түптерін қопсыту.
5. Жұмбақ жасыру: Қырға кілем жайдым.
(қызғалдақ)
Тал басында тамаша үй.
(ұя)
6. Допты шеңберге түсіруге үйрету.
Қолдарына ұстап тұрған доптарын жеке - жеке шеңберге дәлдеп түсіру

Серуен №8

1. Бақылау: Бағдаршамды бақылау.
Мақсаты: Бағдаршамның шамдарын түстеріне қарай ажыратып білуге, әр түстің берілетін белгісімен жолда жүру ережесін сақтауға үйрету. Жасыл түс - жаяу адам жүретін белгі екенін, қызыл түс - көліктер жүретін белгі, қызғылт сасы - әзірленуге арналған белгі екенін ұйрету.
2. Қимылды ойындар: «Күн мен түн»
«Өз орныңды тап»
3. Жеке жұмыс. Тіл дамыту жаттығуларын қайталату.
4. Еңбек. Сынған ағаш қалдықтарын жинау
5. Көркем сөз.
6. Дөңгелекті жалауға дейін айналдырып бар.

Серуен №9
1. Бақылау: Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Жаңбырдың жауғанын бақылату арқылы жерге түскен су тамшыларының оған сіңіп кетуінің мәнісін түсіндіру, жаңбырдың пайдасын білгізу.
2. Қимылды ойындар: «Күн мен жаңбыр»
«Дауысынан таны»
3. Жеке жұмыс: 2 - 3 балаға жаңбырлы күннің суретін салуды үйрету.
4. Еңбек. Аула сыпырушыға көмектесу.
5. Жұмбақ жасыру. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың
(жаңбыр)
6. Гимнастикалық баспалдаққа мініп түсу.
Жаз мезгілінің картотекасы жүктеу
13 972
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Ойыншылар 3 - 4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар: бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде - ит, үшіншісінде - мысық, төртіншісінде - аю, қоян.
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы Картотека № 1 Бақылау: Жаңбырды бақылау. Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып, оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.
Ойыншықтар сыры
Ойыншықтар сыры
Алматы облысы, Қаратал ауданы, №97 балабақша тәрбиешісі Наренбаева Махаббат Жұмабекқызы
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Әбен Феруза
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×