Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сергіту сәттерінің жинағы

02 маусым 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сергіту сәттерінің жинағы
1. Доп, доп,
Топ, топ,
Допты қоямыз.
Аяқпен тебеміз,
Доп жоқ,
Қап, қап,
Тап, тап!

2. Қар - қар - қар,
Гули - гули - гули.
Сен қайда барасың?
Мен жем жеуге барамын
Мен де барайыншы?
- Жоқ
- ЫЫЫЫЫЫ
Жылама, жылама
Жүр екеуміз бірге барайық

3. Түлкі - түлкі - түлкішек
Түнде қайда барасың?
Апам үйіне барамын.
Апан саған не береді?
Ешкі сауып сүт береді.
Оны қайда қоясың?
Тал түбіне қоямын.
Ит ішіп кетсе қайтесің?
Бақан ала қуамын.
Жеткізбесе қайтесің?
Жылап, жылап қоямын.

4. Ал балалар тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарайық, солға қарайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

5. Жел соғады,
Жаңбыр жауады.
Ағаштар қозғалады.
Балалар тығылады.

6. Орнымыздан тұрайық,
Шапалақты соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.

7 Қанат жаям жалма - жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам,
Аяғымның ұшына.

8. Ұзын мұртты тышқан,
Келе жатты жұмыстан.
Алдына үлкен доп қойдым,
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.

9. Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар,
Үп - үлкен боп өседі.

10. Бала, бала, балақан,
Қане, біздің алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай, былай ойнат.

Топ – топ, топ - топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса – жаса, жарқын күн,
Жаса – жаса, алтын күн.

11. Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ!

.
12. Ал балалар тұрайық,
Әсем шеңбер құрайық.
Ирек, қайнар, құсқанаты
Өрнектерін құрайық.

13. Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашайық,
Беске бесті қосайық.

14. Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

15. Ақ қоян - ау, ақ қоян,
Орнынан тұршы,
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Бізбен бірге ойнашы.

16. Есікте тұр бір құлып,
Біз оны қалай ашамыз?
Созамыз,
Айналдырамыз,
Соғамыз, ашамыз.

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы
Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі
Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі Турлыбекова. Г. К.
Сергіту сәттерінің жинағы жүктеу
3 548
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сергіту жаттығулары
Сергіту жаттығулары
Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз бір дем алайық.
Бастауыш сыныптарына сергіту сәттері (1 - 4 сынып)
Бастауыш сыныптарына сергіту сәттері (1 - 4 сынып)
Сабақ арасында бастауыш сынып оқушылары тез шаршайтынын білеміз сондықтан сабақ ортасында оқушыларды бір рет сергітіп алған жөн. Төмендегі өлеңдер сергіту сәтінде қолдануға болады.
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері Бала, бала балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай - былай ойнат. Топ - топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн
Сергіту сәттері
Сергіту сәттері
Түсінік хат Бастауыш сыныптарда, әсіресе 1 - сыныпта мектеп табалдырығын жаңа ғана аттаған оқушылар мектепке ережелеріне, сабақта отыру үрдісіне үйренбегендіктен оқыту процесіне үйрену,
Дала жануарларының тіршілігі
Дала жануарларының тіршілігі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Сергіту жаттығу
Сергіту жаттығу
Сергіту жаттығулары (даярлық тобында, бастауыш сыныптарда)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×