Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қадыр Мырза Әли «Ана» өлеңі

08 маусым 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли «Ана» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қадыр Мырза Әли өмірі мен «Ана»өлеңінің мазмұнын оқушыларға меңгерту.
Дамытушылық: өз бетінше ана ұғымы туралы кең ауқымды ой айтуын қалыптастыру.
Тәрбиелік: күнделікті өмірде ананың, әйел азаматшалардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Топтау стратегиясы, өлең шығару.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, үнтаспа, жыр жинақтары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. «Жылы сезім» (оқушылар шеңбер құру арқылы бірін - бірі оқыған шығармаларындағы жағымды кейіпкерлерге ұқсатып, атап айту)
2. Үй тапсырмасын сұрау. Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» романы бойынша «Бәйге жарысы» туралы эссе жазу.
3. Өткен тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар.
1) Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты.
2) Ат үстінде неше түрлі өнер көрсетіп, сырнай тартып жүрген бала кім?
3) Мөңкеге Ақан неге «Байқа бала Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағында отыр» деді?
4.«Ой шақыру» (Қ. Мырза Әлінің «Қазақ осы» әні қосылып тұрады. Тақтадан ақын портреті көрсетіледі.)
- Оқушылар, сендерге ән таныс па?
- Бұл кімнің өлеңі? Ақын туралы не білеміз?
- Қандай өлеңдерін білесіздер? Ойымызды ауызша білдіреміз.
(Балалардың жауабы тыңдалады.)- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да жерлес ақынымыз, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығы мен өлеңдеріне арналмақ.

5. Жаңа білімді меңгерту. Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ - дың филология факультетін бітірген. 1958 - 1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т. б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шетелдіктер өте жоғары бағалады.

1. Ақынның «Ана» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең
дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
2. Өлең мазмұнын түсіндіру.
3. Әдебиет теориясынан білім беру.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды - метафора
Ақ сүт - эпитет
4. Өлең құрылысына қарай талдау.
Алғашқы дәм, /ол да сендік /сүт еді,/- а, 3бунақ, 11 буын.
Ақ сүт берген/ қашанда үміт /күтеді,/- а, 3 бунақ, 12 буын.
Отанымның/ өзі сенен /басталып./- б, 3 бунақ, 11 буын.
Жауларыма /жеткен жерден /бітеді./- а, 3 бунақ, 11 буын.
Бұл өлең 3 шумақты, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір - он екі буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасымен құрылған(а, а, б, а).
5. Топтық жұмыс. (оқушыларды екі топқа бөлу)
1 - топ. Ана тақырыбында мақал - мәтел жазу.
2 - топ. Ана тақырыбында нақыл, қанатты сөздер жазу.
6. Шығармашылықпен жұмыс. (Оқушылар «ана»тақырыбында өлең шығарады )
Оқушы:
Ана деген өмірдің мәні ғой,
Баға жетпес құндылығы, сәні ғой.
Қадірлеңдер, бағалаңдар ананы,
Мейірімге бөлеген ол баршаны.
Оқушы:
Ана деген өмірімнің тірегі,
Тек «бала» деп соғып тұрар жүрегі.
Ана сүтін бәрің татып көрдіңдер,
Баласының қамын ойлап жүреді.

6. Жаңа білімді бекіту.“РАФТ” әдісі. (Өтілген тақырып бойынша)
Білемін. Қадыр Мырза Әлидің ақын екендігін.
Нені білдім? Ақын өмірі мен «Ана»өлеңінің мазмұнын.
Нені білгім келеді? Қадыр Мырза Әлидің отбасы туралы.
7. Үйге тапсырма беру. Ақын өмірін оқу,«Ана» өлеңін жаттау, эссе жазу.
8. Қорытынды. Бағалау.
Қадыр Мырза Әли «Ана» өлеңі. жүктеу
4 446
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі
Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі
Қазақ өмірінде өзіндіктің өшпестей ізін қалдырып, қазақ әдебиетіне барынша үлес қосып келе жатқан Тұманбай Молдағалиев өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өту.
Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы алыптарының бірі – Қ. Мырза Әлінің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, ақын туралы оқушы білімдерін толықтыру.
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу; Өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сәкен Жүнісов "Ақырғы бәйге"
Сәкен Жүнісов "Ақырғы бәйге"
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Қадыр Мырза Әлі «Нұр» өлеңі
Қадыр Мырза Әлі «Нұр» өлеңі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ләззат Байгазиева
Қадыр Мырза Әли "Кәрі қыран"өлеңі
Қадыр Мырза Әли "Кәрі қыран"өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×