Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әнуарбек Дүйсенбиев «Атай»

11 маусым 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әнуарбек Дүйсенбиев «Атай»
Сабақтың танымдық мақсаты: Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы мәліметтер беру және «Атай» өлеңінің мазмұнын ашу.
Сілтеме: Әдебиеттік оқу. Алматы «Атамұра» баспасы 2013
Б. Қабатай, С. Рахметова
Дереккөздер мен жабдықтар: Тақта, оқулық, гүлдер, қима қағаздар, мультимедиялық тақта.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар топтарда еркін ұйымдасып, ойларын еркін жеткізе алады.

Сабақтың жүру барысы:
1. Сыныптың оқушыларын қызыл, жасыл, сары түстер арқылы топқа бөлу.
2. «Сұрақтар шеңбері» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексеріледі
- Алтай қандай адам?
- Келешекте Қанат кіммен дос болады деп ойлайсыңдар?
- Асан саған ұнады ма?
Бірде Алтайды апасы қайда жұмсады?
Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды?
Алтай Қанатқа қалай көмектесті?
Жәнібек Кәрбозин кім? Оның қандай әңгімесімен таныстық?
Апасы Алтайдың ісін қалай бағалады?
Оқиға қандай мезгілде болған?
Қазір нан қанша тұрады?
Осындай жағдайға тап болсаң қайтер едің?
Әңгіме кімнің атынан баяндалған?
Алтайдың өз жанұясы туралы не айтты?
4. Жұмбақтарды шешу.
•Гүл – гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең? (Көктем)
•Қырға кілем жайылды. (Қызғалдақ)
•Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш)

5. «Адасқан әріптер» ойыны
ЙАТА.(тақырыпты ашу)
«Атай» деген сөзді естігенде ойларына не түседі?

6. Дәптермен жұмыс.
7. Көрнекілікпен жұмыс
Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңімен танысамыз. Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.
8. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу. Әр шумақты жеке - жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру. Өлеңді іштей оқу. Өлеңді дауыстап оқыту.«Атай» өлеңін мәнерлеп оқыту, сұрақ қою арқылы білімдерін ауызша баяндау.
9. Сергіту сәті «Қарлығаш»
10. «Сұрақты ұстап ал!» әдісі
Оқушылар көктем туралы өз ойларын айтады.
1 - топ. Өлеңге сүйеніп, көктем белгілерін атайды.
2 - топ Көктемгі еңбек түрлерін атайды
3 - топ Суретпен жұмыс жасайды.

11. Қорытынды.
Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақ несімен ерекшеленгенін, өз ойларын жазып, жабыстырады.
12. Үйге тапсырма беру
«Атай» өлеңін мәнерлеп оқу.
«Атай» өлеңі бойынша өз ойларын мазмұндап жазу.

Мұғалім: Ещанова Ж. С.
Әнуарбек Дүйсенбиев «Атай» жүктеу
2 045
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Автор туралы мәлімет беру, оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу, отбасы мүшелерінің қарым — қатынасы, тәлімдік үлгі — өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту, жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ана туралы түсініктерін кеңейту, сүйіспеншіліктерін ояту. Өлеңнен мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады.
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Автор туралы мәлімет беру, оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу, отбасы мүшелерінің қарым — қатынасы, тәлімдік үлгі — өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту, жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата
"Атай" Әнуарбек Дүйсенбиев
"Атай" Әнуарбек Дүйсенбиев
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы, балаларға арналған прозалық шығармалардың авторы, журналист Әнуарбек Дүйсенбиев 1931 жылы қазан айының 25 жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған.
Жиырма тиын
Жиырма тиын
Атырау қаласы. Бастауыш сынып мұғалімі Утегулова Акмарал Таттигаликызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×