Білімділер поралы

Біз шыныққан баламыз

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім аумағы; «Денсаулық»
Білім бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Біз шыныққан баламыз
Мақсаты: Балаларға түрлі кедергілерден өтуді үйрету, шыдамдылық пен ұқыптылық қасиеттерін дамыту. Ұжымдаса жұмыс жасауға баулу, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: бөрене, доғалар, құм салынған қапшықтар.
Сөздік жұмыс: қос аяқпен секіру, еңбектеу.

Мотивациялық - қозғаушылық
Тәрбиеші балалармен бірге залға паровоз болып кіріп бір қатарға сапқа тұрады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр солармен де амандасайық.
- Ал енді шеңберге тұрып, жаттығуымызды жасайық.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар,
Биік болып өседі.
Құлпыра бер кең далам,
Өскен ағашты көрейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін.
(қимылмен қайталайды)

Ұйымдастыру - іздестіру
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, менің ұялы телефоныма қояннан хат келіпті.
«Сәлеметсіңдер ме, «Балапан» тобының балалары, менің атым Қоян. Сендердің балабақшаларыңда балалар көп деп естідім және олардың бәрі бір - бірімен дос екен, менің де сендермен дос болғым келеді. Бірақ мен алыс орманда тұрамын. Анашым маған үйден жалғыз шығуға болмайды деген. Сондықтан сендерді қонаққа шақырамын»
- Қалай балалар барамыз ба?
- Қоянның үйі орманда екен, олай болса жүріңдер серуенге шығайық.
Тәрбиеші балаларды жеңіл жүріспен алып жүреді.
- Балалар қараңдаршы бұл құстың ұясы, қане құстар қалай ұшады?
(құстардың жүрісін салады)
- Балалар, ал мынау қандай жануар? Аюлар қалай жүреді? Қорбаңдап жүреді, дұрыс. Қане аюдың апанының қасынан ақырын аяқтың ұшымен, бір сызық бойымен жүріп өтейік.
- Орманда көптеген жануарлар мекен етеді, мынау қасқырдың апаны, қасқыр жыртқыш аң, олар да төрт аяқтар жүреді, бізде қасқыр сияқты төрт аяқтап мына доғалардың өтейік.
- Балалар, міне қоянның үйі де көрінді.
Қоян шығып, балалармен амандасады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, менімен бірге менің сүйікті тақпағымды айтасыңдар ма?
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 16
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 16
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика