Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

17 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Миялы селосы, Б. Аманшин орта мектебі,
бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Лаззат Амангелдиевна


Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Сұрақтарын қойып заттың атын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Шапшаң
ойын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. Сөйлеу
тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, оқыту, жаздыру
Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, сөзжұмбақ

Жүрісі: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1) 7 - жаттығу
2) Зат есім
Аты Сыны Саны Қимылы
Кім? Не? Қандай? Қанша? Не істеді?
Кімдер? Нелер? Қай? Неше? Қайтті?
Нешінші? Не қылды?
Сөз таптары
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Етістік

ІІІ. Жаңа сабақ «Білгірлер аялдамасы» 1 – жаттығу
1) Түсіндіру
а) Суреттерге қара.
ә) Суреттердегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?
б) Не? Сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді ата.

2) Ережені еске түсіру
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұрақтар қойылады.: адам, әншілер, кеме, ағаштар.

ІV. «Тапқырлар аялдамасы» Оқулықпен жұмыс 2 - жаттығу
а) Суретке қарап, зат есімдерді тауып айт.
ә) Тапқан зат есімдерің қойылатын сұрақтардың әр басқа екенін дәлелдеп бер.

V. «Білімділер аялдамасы» 4 - жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз
Төрт түлік:..
Аңдар:..
Құстар:...
Отбасы мүшелері:...

VІ. Сергіту сәті
1. Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді... ( шымшық)
2. Бата алмас түлкі,
Үсті тікен... (кірпі)
3. Дамыл таппай бір мезет,
Жорытумен жүр сұр... (көжек)

VІІ. «Мергендер аялдамасы» Ауызша жұмыс 5 – жаттығу
Оқы, әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай айтуға болады?
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -...
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -...
Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз -...

VІІІ. «Ойшылдар аялдамасы»
1) Өз бетімен жұмыс 6 – жаттығу
а) Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдердің үстіне з. е. деп белгіле.
ә) Мәтінде қай сөз көп?
Кім? Не?
2) Әр оқушыға сурет беріледі. Атын атап, сұрақ қою керек?

ІХ. Топтастыру
Зат есім туралы не білеміз?

Х. Үйге тапсырма 3 - жаттығу
а) Мәтінді көшіріп жаз
ә) Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
б) Зат есімдерге сұрақ қой

ХІ. Қорыту, бағалау.
4 749
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау, еске түсіру;
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалжанова Муслима Иниятовна
Зат есім 1-6 жаттығу
Зат есім 1-6 жаттығу
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №183 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш Сәбитқызы
Зат есім
Зат есім
Мақсаты: Білімділігі: Зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2 - сыныпта өткен білімді еске түсіру және кеңейту. Тәрбиелілігі: Оқушылардың бір - біріне деген сыйластық, жылы сезімдері тудыру, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Зат есім
Зат есім
Зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2-сыныпта өткен білімді еске түсіру және кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×