Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

17 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда қаласы,
№7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы

Дүниетану 4-сынып
Тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.
Мақсаты:
1. Білімділік: ауаның ластану көздері мен ластануды болдырмау туралы бастапқы көзқарас қалыптастыру, ауаның тіршілік үшін маңыздылығын ұғындыру
2. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, сөздік қорларын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: тазалыққа, жанашырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Типі: аралас сабақ
Әдісі: ертегі-сабақ, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, таратпалар
Барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың оқу құралын түгелдеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ауа райын бақылау не үшін керек?
2. Климат деген не?
3. Қазақстанның климаты жайлы не білесің?
4. Бүгінгі ауа райын қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
1) Құпия шарды жарайық,
Таң - тамаша болайық.
Ішіндегі жұмбақтың,
Шешуін тез табайық.
Ребус: Жауабы: ауаны қорғау
2) Бүгін біз сендермен ауаның ластану және оны қорғау жөнінде әңгімелеп, өз ойымызды ортаға саламыз. /тақырыпты түсіндіру/
3) Ауаның ластануы: табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
4) Сурет бойынша түсіндіру. Түсіндірме сөздік: Жанартау.
Жанартаудан зиянды газ және бу тарап, ауаға араласып, оны ластайды.
5) «Тізбек бойымен әңгімелесу» ойыны
Мақсаты: Оқу материалы бойынша білім деңгейін анықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Шарты: Оқушылар тізбек бойымен отырады. Мәтін үш топқа үш бөлімге бөлініп беріледі.
1. Мәтінді тізбектей мәнерлеп оқу.
2. Бір оқушы түгелімен оқиды.
3. Мұғалім кез-келген ойыншыға нұсқайды. Сол оқушыдан бастап сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.

Сергіту сәті
Мұғалім: Бір атайдың үш баласы болыпты. Бір күні атай үш баласының алдында құлап қалыпты. Балалары қорқып кетіп қасына келгенде: «Таза ауа жетпей жатыр» - депті. Сонда үлкен ұлы: «Онда терезені ашайық, ауа кірсін»- депті. Сонда атай: «Даланың да ауасы таза болмай тұр ғой»- депті. Сонда кіші баласы: «Сонда ауа қалай ластанады?»- депті. Енді біз сол сұраққа алдымызда тұрған қағаздарға бір ауыз сөзбен жазып, әрқайсысымыз өз тобымыздың тұсына жапсырайық.
«Зейінді болсаң, тез ойлан!» айдары бойынша
І топ: Орман ағаштарының аттары
ІІ топ: Орман ағаштары кесілгеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болады?
ІІІ топ: Орман ағаштарының тигізер пайдасы қандай?
/Әр оқушы жауабын жазып, тақтадағы сызбаның ішіне өз тобының тұсына жауаптарын жапсырмалайды/
Әр топтан бір оқушы шығып, өз тобының ойын дауыстап оқып, келесі топтың пікірін алады.
Мұғалім: Сонда атай балаларына: «Ауа ластанған екен. Ал енді сол ластанған ауаның зияны мен оны тазартудың жолы қандай?»-деп сұрайды. Үш баласы да ойланып қалады. Енді біз оларға көмектесейік.
Олар түрлі сурет сататын базарға келеді. «Түрлі сурет сататын базар» ойыны
Мақсаты: оқушыларды іздене білуге үйрету
Шарты: үш топқа арнап мұғалім бірнеше суреттерді балалардың өз қалауларымен таратады. Суреттің артында тірек сөздер бар. Әр оқушы сол
тірек сөздерді қолданып, берілген суретке қатысты ауаны тазалаудың жолын табуы тиіс. Не үшін алғандығы түсіндіріледі.
Мұғалім: Осылайша балалары әкелеріне ауа жайлы барлығын айтып болғаны сол екен, атай: «Маған енді сол таза ауа жетпей жатырған жоқ па? Сол таза ауа қайда болады екен?»-дейді. Балалары тағы ойланып қалады.
Балалары да сендер сияқты таза ауаның тауда, көгалда, орманда, су жағасында болатыны айтты. Ал сендер неге олай болатындығын маған айтыңдаршы. «Зейінді болсаң, тез ойлан!» айдары бойынша.
Мұғалім: Балалары таза ауаның қайда бар екенін білген соң, атайды ауыл сыртындағы таудың етегіндегі құстары сайраған тоғай ішіндегі, суы шипалы мұздай, мөлдір бұлақ жағасына дем алуға апарыпты. Балаларына риза болған атай: «Естеріңде болсын ...»-деп ақыл айтқан екен. Сол ақылын қазір біз өзіміз тауып көрейікші.
«Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма» айдары бойынша.
1. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың үні жоқ.
2. Таза ауа – жанға азық.
3. Жасай берер табиғат адамзатсыз,
Адам өмір сүре алмас табиғатсыз.
ҮІ. Қорытынды. Осындай ластанған ауасы бар жерлерді экологиялық аймаққа жатқызамыз. Ол жерлерде экологиялық проблемалар болады.
«.... Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр»-деген Шыңғыс Айтматов
Біз жеріміз де сондай экологиялық аймаққа жатады. Оның әсерінен адамдар көптеген ауруларға шалдығып, жаңа туған нәрестелер түрлі ақаулықтармен туылады.
Сонымен «Мен не білдім?» айдары бойынша: ауаның ластануы, ауаны ластаушы заттардың пайда, болу себептері, ластанған ауаның зияны және ауаны қалай қорғау керектігін айттық. Ең бастысы: ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру екендігін білдік. Сондықтан мектеп пен үйіміздің ауласына ағаш пен гүлдер, сынып пен үйімізге гүлдерді көп етіп егейік.
«Сендер кімсіңдер? Қандай уәде бересіңдер?» айдары бойынша:
«5» болсын алған бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
«ҚУАНЫШТЫ ХАБАРЛАМА»
Құрметті ата-ана! Бүгін сіздің балаңыз ________________
Дүниетану сабағында белсенділік көрсетті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындап шықты. Рахмет!
23 870
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оқушыларды айналадағы ортаның тазалығын сақтау жауапкершілігін, азаматтық сезімдерін қалыптастыру. Экологиялық тәрбие беру.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның қалай ластанатыны, ауға таралатын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабатының өзін-өзі тазарта алмайтындығы, ол үшін арнайы шараларды жүзеге асыру арқылы қорғауға болатындығы жөнінде мағлұмат беру.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қашаған Құржыманұлы атындағы № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шегербаева Роза Лесқызы
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Әділғалиева Гүлжихан Бағытжанқызы
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×