Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қ – Ғ дыбыстарын ажырату

28 маусым 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қ – Ғ дыбыстарын ажырату.
Мақсаттары:
Коррекциялық – білімділігі:
1) Қ - Ғ дыбыстарының айтылуы мен артикуляциясын салыстыру және нақтылау.
2) Қ – Ғ дыбыстарын буындарда, сөздерде, сөйлемдерде сұрақтарға жауап беру арқылы анық, дұрыс айтуға, ажыратуға үйрету.
3) Сөздердегі дыбыстарды анық айтуға үйретіп, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Коррекциялық – дамытушылығы:
4) Мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді көріп, есту арқылы қабылдауға машықтандыру.
5) Мәтіннің мазмұнын түсініп, сұраққа жауап беруге дағдыландыру.
Коррекциялық – тәрбиелігі:
6) Бір – бірінің жауабын мұқият тыңдап, кезектілікпен сөйлесуге, қойылған сұраққа толық жауап беруге баулу.
Көрнекі құралдар: дыбыстардың артикуляциялық кескіндері, айна,
суреттер, үлестірмелер, мультимедия.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Логопедия сабағына не үшін келеміз?

2. Психологиялық жаттығу
- Мен бәрінде білемін, менің қолымнан бәрі де келеді.
- Мен сөйлеу ережесін сақтаймын.
- Мен асықпай, саспай, тынысымды дұрыс алып, анық сөйлеймін.
- Мен сұрақтарға ойланып, толық жауап беремін.
- Мен сабағымды жақсы өткізуге тырысамын.
Логопед: жарайсыңдар. Олай болса, бүгінгі сабақта дыбыстарды анық, сұрақтарға толық, терең тыныс алып, ойымызды жинақтап айтамыз.

3. Тыныс алу жаттығулары (мұрын және ауыз арқылы тыныс алуды ажырату)
- Терең тыныстап демаламыз (ауаны ішке тартамыз, сыртқа шығарамыз)
- Терең тыныс алып, (ф) дыбысын шығару
- Терең тыныс алып, мұрыннан шығару
- Терең тыныс алып, ма – мо – му – ми буынын шығару
«Қарды ұшыру» - мұрынмен терең дем алып, қолғаптағы қарды ұшыру.

4. Артикуляциялық гимнастика. «Күрекше», «Ине», «Түтікше» «Тіс тазалау», «Сылақшы», «Кесе», «Ат шауып келеді»,

5. Жаңылтпаш айту:
Қыс қатты – ақ,
Қыспаққа - ап.
Құс тоңып жүр,
Қыстап қап.

Қоғабай қомағай ма?
Жоқ, ағай
Қоғабай қомағай емес,
Зор, ағай
(слайд)
- Қай дыбыстар жиі қайталанып тұр?
Бүгінгі сабақта қ және ғ дыбыстарын буындарда, сөздерде, сөйлемдерде дұрыс анық айтып, есту арқылы ажыратуға үйренеміз

6. «Қ - Ғ» дыбыстарын буындарда ажырату. «Керісінше айт» ойыны.
Мен айтамын – қа, сен айтасың – ға
Мен айтамын – қо, сен айтасың – ғо
Мен айтамын – қи, сен айтасың – ғи
Мен айтамын – қы, сен айтасың – ғы
Мен айтамын – қу, сен айтасың – ғу
Мен айтамын – құ, сен айтасың – ғұ

7. Фонематикалық қабылдауын дамыту. «Кім зейінді?» ойыны.
Кім жақсы естиді екен? Мен Қ мен Ғ дыбыстарына сөздер айтамын. Сендер сол дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында кездесуін қолдарыңдағы сандар бойынша көрсетіп анықтайсыңдар.
Мысалы: қар, жұмыртқа, қант, асық, ғарыш, тоғыз, бақа, торғай, тақта, сауысқан, бағдаршам, ғаламтор, сандық, қоржын, мұғалім, сызғыш, сабақ, шағала.

8. Тапсырма. «Қ - Ғ» дыбыстарын сөздерде ажырату.
(Сөздерді қайтала. Оқы) Сөздердің айырмашылығы неде?
Таға – тақа
Ғалам – қалам
Ғалым – қалың
Ғашық – қашық
Қарыш – ғарыш
Қамыр – ғұмыр

9. «Ойлан тап» ойыны. Торкөздерден қ - ғ дыбыстары бар сөздерді тап.
(сабақ, аққу, қағаз, сағат, аға)

С А Б А Қ Н О С
А П К Ц А В Г А
Ғ У Р А Ғ О Ш Қ
А Л О Б А Л Ы Қ
Т Я М Ы З А Г У
Д Ч Ж Щ И З К Н

10. «Жоғалған әріпті тап» ойыны.
(Көп нүктенің орнына қ - ғ әріптерінің бірін қойып жаз)

Топыра..., тама..., қайма... ы, жоры..., қуырша.. ы, ая.., ла.. ы, қара... ай, таби... ат, қарлы... аш,... айшы.

«Допты қағып ал» ойыны. (Сөздерді үлгі бойынша өзгертіп айту.)
Ақ – ағы оқ – оғы тақ – тағу
Бақ -... жоқ – қақ -
Дақ -... уық -... жық -...

11. Дидактикалық ойын: «Біліміңді мықта»
(қ – ғ ) дыбыстары кездесетін сөздерді тауып жазу. 1 - 2 сөйлем ойлау.

12. Тапсырма. Сөзжұмбақты шеш. Тапқан сөздерді анық, дұрыс айт. Бір сөзбен қалай атауға болады?(құстар). Құстар сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Көлденең. 1. Қыстайтын қара құс (қарға)
2. Кішкентай ғана қыстайтын сұр құс (торғай)
3. Жұмыртқалайтын үй құсы (тауық)
4. Әдемі, мойыны ұзын құс (аққу)
Тігінен.
1. Құйрығы айыр құс (қарлығаш)

Дыбыстық талдау: құстар – неше буын, неше дыбыс, неше әріп?
- дауысты дыбыстарды ата: ұ, а
- дауыссыз дыбыстарды ата: қ, с, т, р
- қ дыбысы қай буында?

13. Мәтінмен жұмыс. (қ – ғ дыбыстары бар сөздерді анық оқу)
Қыстайтын құстар
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста қар жауады, күн суық болады. Су қатып, мұз болады. Ағаштар ақ тон киеді.
Торғай, сауысқан, көгершін, қарға, суықторғай қыстап қалады.
Жылы жаққа ұшпайтын, суыққа төзімді құстарды қысқы құстар деп атаймыз. Қысқа қарай олардың қауырсындарының мамық жүндері қалыңдайды, сондықтан олар суықта тоңбайды, төзімді болады.
Қыста ағаштар мен бұталарда қураған жапырақтар сақталып қалады. Құстар соны азық етеді. Қыста оларға дән тауып жеу өте қиын, сондықтан олар үйдің маңайына ұшып келеді. Біз құстарға қамқорлық жасауымыз қажет. Қыста құстарға арнап жемшашар жасап, ағашқа ілу керек.

Мәтінге байланысты сұрақтар:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата.
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қыстап қалатын құстарды ата.
- Қыс мезгілі саған ұнай ма? т. б

14. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. (қ - ғ дыбыстары бар сөздерді ата)

15. Логоритмикалар айту. Шарты: буын ұйқастан сөз құрап айту.
Ақ – ақ – ақ – қу – қу – қу – шығады «аққу»
Қар – қар – қар – ға – ға – ға – шығады «қарға»
Ға - ға – ға – қағу үшін керек балға
Ға – ға – ға – ұшып келді қарға

Ақ – ақ – ақ – өседі ағашта жаңғақ
Қа – қа – қа – таңертең жедім жұмыртқа
Қы – қы – қы – бәйгеде озды жылқы
Ық – ық – ық – жұмсақ екен жастық.

16. Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін сабақта не істедік?
Қандай дыбыстарды ажыратуға үйрендік?

Атырау қаласы
Облыстық арнаулы тіл мүкістігі бар балаларға арналған
№3 мектеп – интернаты
Мұғалім – логопед
Сапиоллина Ақманар Сапиоллақызы
Қ – Ғ дыбыстарын ажырату. жүктеу
5 303
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әрекет
Әрекет
Білімділік: Сөздің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру: тақырыптық сөздерді әдеби тілдегі норманы сақтай отырып айтуға үйрету, «і», «қ» «ұ», дыбыстарын дұрыс айтуын нақтылау және бекіту;
Н дыбысы
Н дыбысы
Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын молайтуға, сөздерді буынға бөліп айтуға дағдыландыру. Диафрагмалды тыныс алуын дамыту.
My face
My face
ағылшын дыбыстарын дұры сайту; This is a …/ These are... зат есімнің жекеше және көпше түрін қолдану; ағылшы тіліне деген қызығушылықты көрсету, тілдік қарым – қатынас техникасын қалыптастыру, есту және тыңдау дағдыларын дамыту;
Ы - І дыбыстарын ажырату
Ы - І дыбыстарын ажырату
[Ы] және [І] дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту 2. балалардың танымдық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Фонетика - фонематикалық есту қабілетін арттыру. Өз
С - З дыбыстарын ажырату «Қыс»
С - З дыбыстарын ажырату «Қыс»
Қызылорда қаласы, "№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнаулы (түзету) мектеп интернаты" коммуналды мемлекеттік мекемесінде мұғалім - логопед Жолдыбаева Галия Абашовна
Мектепалды даярлық топтарының сөйлеу қабілеттерін дамыту
Мектепалды даярлық топтарының сөйлеу қабілеттерін дамыту
Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 220 мектептің даярлық тобының мұғалімі: Садуакасова Венера Аккасынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×