Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттарды санау

01 шілде 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 1 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 Сандар мен цифрлар
Сабақ тақырыбы: Заттарды санау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Тілдік мақсаттар: қанша? (неше?); cанау; сан; саны.
Құндылықтарды дарыту
Сабақ барсында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, бірлесіп тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады.
Пәнаралық байланыстар: Тірек сөздерді қолдану арқылы сауат ашу пәнімен байланыс
АКТ қолдану дағдылары: 1 - 10 ға дейінгі сандарды санау. Материалдарды пайдаланып, заттарды санады, түсіп қалған сандарды анықтады.
Бастапқы білім: Күнделікті өмірде немесе балабақшада сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесі бар

Сабақтың басы
(Ұ) Психологиялық дайындық Оқушылармен шеңбер құру.
Оқушылардың бүгінгі сабақтарына сәттілік тілеу.
1 - тапсырма
а» (Оқушылардың санай алу қабілетін байқау)
1 - 10 - ға дейін санау
ә) Түсіп қалған сандарды анықта.
б) Шеңберде тұрып санамақ айту
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы.
Ортан терек - кезекші,
Шылдыр шүмек - көмекші.
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Шылдыр шүмек - мен,
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз

(Ұ) Оқушылар шеңберге тұрады, кезекпен саналады. Бірден аттап санайды, өздерінің нөмерлерін атайды. (шеңбердегі оқушылар біреуі - тұрады келесі – отырады.

Сабақтың ортасы
2 - тапсырма
(Ө) «Өзім жайлы» ойыны аясында: киімдегі түймелерді, үстелдегі борларды және т. б. заттарды санайды.

(Ұ) Оқулықпен жұмыс
Ережемен таныстыру
Санау бір санынан басталады. Заттарды бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он деп санаймыз. Заттарды санаған кезде сандарды ретімен қалдырмай санайды.
Суреттегі заттарды санау
Сынып бөлмесіндегі парталарды, орындықтарды санау.
Сергіту сәті
- Мен қанша рет шапалақ ұрсам, сендер де сонша рет қайталап шапалақ ұрыңдар.
- Алақандарыңды төрт рет соғыңдар
- Аяқтарыңмен үш рет тарсылдатыңдар
Алақай! - деп үш рет айқайлаңдар.
Заттарды санау. жүктеу
6 775
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көптаңбалы сандар
Көптаңбалы сандар
Көптаңбалы сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар қатарындағы 1 000 000 көлеміндегі санның орнын анықтау.
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
100 - ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандарды оқып, жаза алады; Санның бөлгішін, еселігін таба алады, жұп және тақ цифрларды, жұп және тақ сандар ұғымын біледі, сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін біледі
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Санау барысында натурал сандардың реттік нөмірі анықталатындығын түсінеді, он көлеміндегі тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау 1 - тапсырма. Сандарды өсу және кему ретімен жазу.
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Оларға іштей санауды үйрету. Санау кезінде 9 санына жеткен кезде, ол санды дауыстап айтуы керек. Осылайша ойынды жалғастырып ойнатуға болады. Бұған дейін алынған білім: Сандық сәуле, тура және кері санау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×