Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санау

16 шілде 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санау
Мақсаты: 5 - ке дейін санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру; геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау; талдау және салыстыра алу қабілетін арттыру; реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, сиқырлы қорапша, жүгері жармасы, текше, таратпа цифрлар.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, қызықтыру, сұрақ - жауап. «Кір жаятын жіп» әдісі, Асық терапиясы.
Үш тілділік: сан - цифр -, бір – один - one, екі - два - two, үш - три - three, төрт - четыре - four, бес - пять - five

Мотивациялық қозғаушылық - Балалар, айналамызда көңіл - күйі көтеріңкі, жақсы адамдар болғанын бәріміз ұнатамыз иә.
- Ендеше көңіл - күйімізді көтеріп алу үшін шаттық шеңберін орындайық

Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басығой
Ал қанекей бәріміз
«Қош келдіңіздер» баршаңыз.

Ұйымдастыру ізденушілік
- Бүгін біз қарапайым математика оқу қызметінде 1 - ден 5 - ке дейінгі сандарды қайталаймыз.
Саусақтарын үш тілде айтқызу
5 саусақтың атын атау: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек
- Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз?
- Ал бізге қатты ұнайтын ертегінің аты қандай?
- Ол үшін балалар барлығымыз 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санап шығайық
12345 - тура,
54321 - кері санайды.

- Қоянның тапсырмасын орындайық
«Көршісін тап» ойыны
«Шығарып көр» ойыны (есептер беріледі)
5 санының құрамымен таныстыру

Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз
«Сиқырлы қорапша» ойыны
Қол қимылының бағыты ауада пысықталады, содан кейін үстел үстінде саусақпен және аяқ ұшымен орындалады.
- Қасқыр бізге «Сиқырлы қорапшасын» беріп жіберіпті. Мен сиқырлы қорапшаны лақтырып жіберемін. Партаға қай цифр жазылған беті түседі, біз:
1. Түскен цифрды ауада саусақпен жазамыз
2. Цифрды мұқият жүгері жармасына саусақтың көмегімен жазамыз
3. Цифрды аяғымыздың ұшымен еденге жазамыз

«Сәйкестендір» ойыны
Шарты: берілген сандармен жемістерді санына қарай сәйкестендіру

Аюдың тапсырмасы
1. Берілген кестеден 5 цифрын сызып тастауға көмектесу
2. 5 санының көршілері қандай пішінде орналасқанын табу.

Түлкінің тапсырмасы
«Өз орнын тап» ойыны
Шашылған сандарды ретімен қою
Тақтадағы жеміс - жидектердің санына сәйкес, алдарындағы цифрды тауып көтеру.
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санау. жүктеу
1 937
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
5 - ке дейін санау тура және кері санау
5 - ке дейін санау тура және кері санау
Реттік санауды үйрету, Қанша? Нешінші? сұрақтарына жауап беруге үйрету, математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау 1 - тапсырма. Сандарды өсу және кему ретімен жазу.
10 саны
10 саны
Сабақтың мақсаты: 10 - ға дейін реттік санауды меңгерту. Міндеттері:  10 саның реттік тура, кері санауды үйрету.  Математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар қатарына берілген тапсырмаларды анықтау. 1 - 20 көлемінде реттік санауға үйрету. Тура және кері санау.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№1 бөбекжай балабақшасы" КМҚК Балауса тобының тәрбиешісі: Умирбаева Жанар Шаймуратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×