Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мінездеме 1 сынып

17 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сарыкемер орта жалпы білім беретін
мектебінің 1 сынып оқушысы
Даулетбай Арунаға мінездеме
Аруна 2018 ж 1 қыркүйекте мектепке қабылданды. Мектепке дейінгі мекемеде болған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Темпераменті сангвиник – флегматик. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым – қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.

Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады.
Математикадан сандарды оқып, қосып және азайтып алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған.
Сауат ашудан барлық әріптерді толық меңгерген. Сөздермен мен сөйлемдерді тұтас жүргізіп оқиды. Мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Зейіні тұрақты. Негізгі қолы оңқай.

Даулетбай Арунаға мінездеме
Сынып жетекшісі: А. Аманова
Психолог:
19 226
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жоғары сынып оқушыларына мінездеме
Жоғары сынып оқушыларына мінездеме
Жоғары сынып оқушыларына мінездеме
Оқушыға мінездеме
Оқушыға мінездеме
Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі.
Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі
Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі
Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Оқушыларға мінездемелер үлгісі
Оқушыларға мінездемелер үлгісі
Сыныпқа мінездеме Ақсай қаласының № 5 ЖОББМ 9 «Ғ» сыныбында 15 оқушы оқиды. Оның 8 қыз, 7 ұл бала. Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, «Балапан» балабақшасының меңгерушісі Ж. Маниева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×