Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдері (ертегілер әлемінде)

23 шілде 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныптан тыс шара, 5 сынып
Тақырыбы: Жыл мезгілдері (ертегілер әлемінде)
Сыныптан тыс шара
Мақсаты:
А) Оқушы бойындағы шығармашылық көңіл күй тудыру, шығармашылық қабілетін дамыту, шығармашылық ой талдауға бейімдеу;
Ә) Оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып бойына сіңіру;
Б) Өз ойларын еркін айтуға, оқушының тез қабылдауына жол ашу, ойлау қабілеттерін арттыру.

Жоспар:
Автор – бірінші оқушы
Мезгіл қарт – екінші оқушы
«Қыс» - үшінші оқушы
«Күз» - төртінші
«Жаз» - бесінші оқушы

I. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар! Алдарыңызда 6 В сынып оқушылары ертегіден үзінді көрсетеді.

Автор: Ерте - ерте заманда Мезгіл атты батыр өмір сүріпті. Оның төрт ұл - қызы болыпты. Батыр әке қыздарының өнерлі, данышпан болуын арман етіпті. Бір күні төртеуін шақырып алып:
Мезгіл қарт: - Қарақтарым, батырлық бойға біткен қайрат пен елге деген махаббаттан туады. Сендердің бойларыңда екі қасиеттің екеуі де бар. Енді төртеуің әлемнің төрт жағына тарап, өнер үйреніп келіңдер.
Өнерлерің тек өздерің үшін емес, халық игілігіне ассын, - деп балаларын ұзақ сапарға шығарып салыпты.
Автор: Ай өтіпті, ұлдары мен қыздары оралмапты, жылдар өтіпті, оралмапты. Мезгіл батыр қартая бастапты. Қыздарын сағынған әке тау жотасына шығып, балаларын күтеді екен. Бір күні үлкен ұлы үстінде тұлып, аяғында байпақ, басында түлкі тымақ киіп оралыпты.
Қыс - Армысың, әке?
Бар бол, ұлым.
Мезгіл қарт: - Көрсет онда өнеріңді!
Қыс: Бүкіл әлем ақ көрпе жамылып, айнала тамаша құбылысқа енді. Өзен, көл бетіне айнадай көк мұз қатты. Жылы киінген бала көк мұзда асыр салып, сырғанақ тепті. Төбеден төмен қарай шанамен зырлады. Қар атыста ойнаған балалардың беттері қызыл алмадай балбырап, гүл - гүл жайнады.
Мезгіл қарт: - Жарайсың, ұлым! Ризамын саған! Көңілі таза жандарға қуаныш әкеліпсің. Өнерлі бол, мәңгі тірі бол, - деп батасын беріпті.
Қыс: - Қош болыңыз әке!
Мезгіл қарт: - Қош бол, ұлым.
Автор: Осы кезде Мезгіл қарттың қызы Көктем оралыпты.
Көктем: - Сәлеметсіз бе, әке! Неге мұнша жаурап отырсыз? Мен сіздің Көктем деген қызың боламын.
Мезгіл қарт: - Сенбісің, айналдым менің Көктемім!
Көктем: - Иә, әке менмін.
Күн жадырап, ашылып, айналаның қары ағыл – тегіл ери бастайды. Жер беті жайқалып көкорай шалғынға бөленеді. Қызғалдақ пен түрлі гүлдер жайнады. Жас балалар асыр салып, қырға шығып, гүл тереді.
Мезгіл қарт: - Айналдым, қызым Көктемім! Мәңгі жас бол!. Ел қуанса, сен де қуан!
Көктем: - Рахмет әке, Сау болыңыз!
Автор: Қуанышпен күндердің өткенін Мезгіл батыр байқамай қалыпты. Қайтадан ел аралауға шығыпты. Осы кезде Мезгіл қарттың Жаз деген қызы оралыпты.
Жаз: - Саумысың, әке! Қуанышыңыз қуанышқа ұлассын! Бұл сіздің келген Жаз деген қызың боламын.
Мезгіл қарт: - Армысың қызым! Сен де өзіңнің өнеріңді ортаға сал.
Жаз: Күн бұрынғыдан да ұзара бастады. Шаруа баққан ел қыс қамына бірден кірісті. Мол - мол пішен жияды. Бала біткен көлдің салқын суынан шықпайтын болды. Күштілерге күш қосылып, ел қуанды. Бұл нағыз жаз еді, ел мәз еді.
Мезгіл қарт: - Жарайсың, қызым! Ризамын мен саған. Өнерлі бол, мәңгі тірі бол, - деп батасын беріпті.
Автор: Мезгіл қарт өзінің Күз атты ұлын күтеді.
Күз: - Армысың, әке!- деді Күз атты ұлы.
Мезгіл қарт: - Бар бол ұлым! Сен де келіп жеттің бе? Кәрі әкеңді қалай қуантпақ ойың бар?
Күз: - Әке өнерім жалғыз Сізді ғана қуантпас. Мен өнерімді халық үшін меңгердім. Сондықтан бүкіл жұртқа өнерім ортақ болсын.
Мезгіл қарт: - Онда не тұрыс бар, көрсет өнеріңді.
Күз: Теңіздей толқыған бидай сарғыш тартып, егіншілер астықтың астында қалды. Қырманда тау - тау болып, ақ маржандай бидай үйілді. Бау – бақшадағы жемістер пісіп, ел оны жинап ала бастады...
Мезгіл қарт: - Бар бол балам! Рахмет, сау бол!
Күз: - Сау бол әке!
Автор: Төрт перзентіне риза болған Мезгіл қарт оларға алғыс айтып, тілек білдірді.
Мезгіл қарт: Қарақтарым, сендер халық үшін туған екенсіңдер. Енді өмір бойы халық игілігіне қызмет етіңдер. Өмірлерің әрқашан өркенді болсын! Ел қуанса, сендер де қуаныңдар. Сендерді енді «Жыл мезгілдері» десін. Сау болыңдар, - деді әкесі.
Автор: Содан бастап, Мезгіл балалары жыл сайын кезектесіп келіп отыратын болыпты.

Қорытынды: Бүгінгі біздің 6 «в» класс оқушылары қонақтарға өздерінің ертегілерден үзінді көрсетті. Оқушылар сіздерге көп - рахмет. Келген қонақтарға да көп - көп рахмет. Алдағы уақытта сіздерге жұмыста табыс тілейміз.
Жыл мезгілдері (ертегілер әлемінде). жүктеу
144
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ертегі. Жыл мезгілдері туралы
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен
Ертегілер әлемінде
Ертегілер әлемінде
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Мәншүк
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Жыл мезгілдері (Ертегі)
Жыл мезгілдері (Ертегі)
Атырау қаласы, Дамбы селосы, Амангелді орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы Зиннор Мерейлі Шығармашылыққа баулыған ұстазы Урбисинова Маржан Кубегенқызы
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Борашева Гүлбаршын Ермекқызы
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Семей қаласы. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Оразбекова М.Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.