Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығарма. Қыс

27 шілде 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шығарма. Қыс.
Мақсаты: а) оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, ә) оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру; б) әдемі жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жазбаша бақылау
Әдісі: қорыту

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
II. Шығарма. Қыс.

III. Сурет бойынша әңгімелеу.
Қыс келді. Түн ұзара бастады, Қар қалың жауды, Аяз қатты болады, Өзен суы мұз болып қатты, Балалар далада қармен ойнады, Қардан ойыншықтар жасады, Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр, Бәрі жылы киім киген, Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр. Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде құстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып - қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні - түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.
Сурет бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау;

ІҮ. Сабақты қорыту:
Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық?
Бұл мәтіннен өзіңе қандай әсер алдың?
1 963
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мазмұндама «Екі дос»
Мазмұндама «Екі дос»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету, логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру, ойын жүйелі жеткізуге,
Мен қалай жазушы болдым? М. Зверев
Мен қалай жазушы болдым? М. Зверев
– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды.
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оралхан Бөкей: «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесі
Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзіне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
"Мен қалай жазушы болдым" М.Зверев
"Мен қалай жазушы болдым" М.Зверев
Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Хасенова Еркегүл Мұстахимқызы
Мазмұндама «Жалқау мысық»
Мазмұндама «Жалқау мысық»
Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;
Мәтіннің түрлері
Мәтіннің түрлері
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға мәтіннің түрлері туралы түсіндіру, білімділікке, тапқырлыққа баулу; ә) ақыл-ойын, логикалық жаттығулар жүргізу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту; б) Сауаттылыққа, көркем жазуға,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×