Қазақстанның
білім беру порталы.

Мүсіндеу: Торғай

27 шілде 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Торғай
Білімділік: Балаларға ермексазды пайдаланып, құстардың бірнеше бөліктен мүсіндей білуге үйрету;
Дамытушылық: Олардың дене бөліктерін дұрыс орналастыру, дамыту, ой – өрісін, ойлау қабілетін, қол икемдерін дамыту;
Тәрбиелік: Балаларды шығармашылыққа, ұқыптылыққа, құстарды қорғауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Оқу іс – әрекетіне қолданылатын құралдар: құстардың суреті, ермексаз, тақтайшалар.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басын ұстап қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда бәлкім жан жағым

Ұйымдастырушылық ізденістік

Шығармашылық жұмыс
Тәрбиешінің түсіндіруі:
- Балалар Қазақстандағы қандай құстарды білесіңдер ме?
- Ендеше балалар, біздер торғай деген құспен танысамыз және оны ермексаздан жасап үйренеміз.
Құстар туралы бейне ролик
Жер шарына кең тараған 27 түрі бар. Африка, Еуропа мен Азияда кең таралған, кейбір түрлері жерсіндіру мақсатымен Америка, Австралия мен Жаңа Зеландияға апарылған. Қоразы мен мекиенінің сыртқы түсі әртүрлі: қораздарының тамақ асты қара түсті болады. Көпшілігі – отырықшы, кейбіреулері – жыл құстары. Ұзындығы 12 – 15 см. Ағаш қуыстарын, індерді, үй - жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. Қорегі – дәнмен; балапандарын бастапқы уақытта жәндіктермен, кейіннен өсімдік тұқымдарымен қоректендіреді. Шөл торғайлар сирек кездесетін құс ретінде «Қызыл кітапқа» енгізіліп, қорғауға алынған.
Торғайды мүсіндеу үшін денесін сопақша етіп есіп аламыз, мойнын сәл созып шығару. Басын домалақтап жасап алып, мойнына әкеліп біріктіріп жабыстырамыз, саусақтармен тегістейді. Берік орналасуына мән беруіміз керек. Тұмсығын басынан шымшып созып шығарады. Қанаттарын таяқшамен екі жақ бүйіріне сызып бедерлеп түсіру.

Сергіту сәті:
Бойымызды ұзартып
Биікке қол созайық
Бармақ басын қозғалтып
Беске жұмыс жасайық.

Балалар көрсетілген үлгімен торғайдың мүсінін жасайды.
Мүсіндеу: Торғай. жүктеу
71
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Құстар сайрайды
Құстар сайрайды
құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс – әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру; құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Құстар сайрайды
Құстар сайрайды
Құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс - әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру;
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Құстар сайрайды
Құстар сайрайды
құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл күй туғызу, оны өз іс – әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру; құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Б. Қозекеевтің «Құстар келді» өлеңі, «Құстың ұясы»
Б. Қозекеевтің «Құстар келді» өлеңі, «Құстың ұясы»
Өлеңді оқып беріп, мағынасын түсіндіру, құстарға қамқор болуға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, тыңдап түсіну дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Домалатылған пішінді шаншу, жалпақтау тәсілімен ұяны мүсіндеуді
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.