Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жәндіктер әлемі

28 шілде 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жәндіктер әлемі
Сабақтың мақсаты: Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Балалардың қол қимыл әрекетін жетілдіру, шығармашылық пен жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекіліктер: жәндіктер суреттері, жәндіктер, жаңғақ қабығы, ермексаз

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздер ме балалар, көңіл-күйлерің қалай?
- олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу үшін мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырамын
(Слайдқа жазылады, артынан суреті көрсетіледі).

1. Ызындап ән салады,
Жұп - жұқа қанаты,
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады. Ол не? (Шыбын)

2. Гүлдерге қонады,
Шырынын сорады,
Түр - түсі сары - ала. Бұл не? (Ара)

3. Қылдай белі бүгілген,
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? (Құмырсқа)

4. Төрт қанаты бар,
Инедей денесі бар.
Үлкен бақырайған көзі бар,
Бұл не екен, кім табар? (инелік)

5. Гүл үстінде әдемі,
Төрт жапырақ биледі,
Жұлып алайын деп едім,
Ұстатпай ұшып кетті. (көбелек)
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- жәндіктер.
- дұрыс, жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жәндіктер әлемі» деп аталады

ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, жәндіктер көктем мезгілінде, күн жылынғанда шыға бастайды. Мына жәндіктер қалай аталады? (көбелек, ара, инелік, құмырсқа, қоңыз, шегіртке, қанқыз, шыбын). Жәндіктердің арасында пайдалысы да бар, зияндысы да бар. Мысалы араны алсақ. Ол өте пайдалы жәндік. Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды, ал балды адамдар пайдаланады, емге қабылдайды, әртүрлі тәтті тағамдар дайындайды. Көбелектер гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады. Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді. Құмырсқа еңбекқор жәндік. Илеуіне қонған құстардың бүргелерін тазартады. Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып жібереді. Шегірткелер топталып жүреді.
Қанқыздың бізге тигізетін зияны жоқ, оны қолға ұстасақ өрмелеп жүреді, қанаттарын жайып ұшады. Енді өзіміз қанқызды мүсіндеп үйренейік.

1 тапсырма.
Қанқызды мүсіндеп үйрену.
Қызыл ермексазды сылау әдісі бойынша жаңғақ үстіне біркелкі етіп жағамыз. Қызыл ермексаз тегістеліп жағылған жаңғақ үстіне ұсақ қара дөңгелектерді орналастырып, аяқтарын иіп, жаңғаққа қосып біріктіреміз. (қанқыз суреті)

2 тапсырма.
Сипап сезу арқылы қапшықтың ішінен жәндіктерді тап.
Қапшықтың ішінде бірнеше заттар салынған, соның ішінен жәндіктерді сипап сезіп табу қажет.

Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты орнына.
Оңға, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

3 тапсырма
Топшамамен жұмыс
Артығын тап.
Шарты: Берілген топшаманың ішіндегі суретке мұқият қарап бір артық суретті табу.
2 513
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Жәндіктердің характерлік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балаларды түрлі жәндіктермен кездескенде өздерін дұрыс ұстау түсініктерін бекіту.
Insects – Жәндіктер
Insects – Жәндіктер
табиғатқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге
Көбелек пен инелік
Көбелек пен инелік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×