Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


10 саны және цифры

03 тамыз 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім саласы: Таным
Ұйымдастыру іс - әрекеті: ҚМТҚ
Тақырыбы: 10 саны және цифры
Мақсаты: 10 санымен цифрымен таныстыру, құрамын анықтау.
Білімділігі: 10 санының пайда болуы және оның цифрымен таныстыру.
Дамытушылығы: Логикалық ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Санамақтар айтқызып, математикада ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Зейінділігі; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілікт ер: Суреттер, тапсырмалар, 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар. Ыдыстағы құм.
Әдіс - тәсілдер: Ғажайып сәт, түсіндіру, көрсету, салыстыру, өзін - өзі бағалау.
Технологиялық қамтамасыз ету: Вен диаграммасы.
Сөздік қоры: Құрамы, өрнек

Мотивация қозғаушы.
Шыттық шеңбер
Кел, балалар, санайық.
Айналаға қарайық.
Зымыран ұшпас аспанға
Санмен бұйрық бермесек.
Жасырынбақ ойынын
Ойнай алмас есепсіз
Ендеше оқып үйренейік
Қатар - қатар санауды.

Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, жаңа келе жатсам Буратиноны көрдім. Ол өте көңілсіз, сендер оны көрдіңдер ме? Оған не болды екен?!
Буратино кіреді. (ренжіп)
- Мен оқығым келеді. Санауды білгім келеді. Мектепке барамын, бірақ ештеңе білмеймін.
- Буратино, уайымдама, біздің балалар саған көмектеседі.
Буратино: - Мен келе жатып кілт тауып алдым, және мынандай қорапша. Оның ішінде сандар бар екен.
- Буратино, бұл сандар емес, әріптер. Әріптер артында тапсырмалар бар екен. Кім тапсырмаларды орындайды, осы кілт ашатын құпия есікті табады.
1. «М» әрпі. 1 - 9 - ға дейін кері санау.
Жоғалған сандарды тап. Ауызша.
2. «А» әрпі. Логикалық есептер. Жауабын құм салынған ыдыста жазады.
5 тен4 - ті алайық
Қанша қалды санайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық.
3. «Т» әрпі. Саны бір - біріне артық, кем заттарды теңестіру, салыстыру.
2 *4 3*5 4*4
4. «Е» әрпі. Сан құрамын анықтау.
9 санының құрамын табу.
5. «М» Сиқырлы сан.
10 санын көрсету. 10 саны екі цифрдан тұрады. 1 және 0 цифры арқылы жазылады.
10 саны 9 санынан кейін тұрады.
9 затқа 1 зат қосылу арқылы 10 - ды шығарып алуға болады.
Ағылшын т. ТЭН.
6. «А» Сергіту сәті.
7. «Т» әрпі. 10 санының құрамын табу.
10 саны және цифры. жүктеу
1 744
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу.
1 - 5 сандары
1 - 5 сандары
5 - ке дейін санауды бір саны және цифрымен таныстыру;
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету.
8 саны мен цифры
8 саны мен цифры
8-ге дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 8-ге дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту. «8»санын ажырату, сандар ішінен таба алу
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю. Гагарин атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Курмашева Нургуль Мухамбеткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×