Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нан қайдан пайда болады?

06 тамыз 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім саласы: «Әлеуметтік орта»
Ашық оқу іс - әрекеті: «Экология негіздері»
Тақырыбы: Нан қайдан пайда болады?
Мақсаты: Балаларды нанның біздің дастарханымызға қалай келетіні жайлы түсінік беру.
Дәнді егуден бастап, нан болғанға дейінгі еңбек түрлерімен таныстыру. Адам еңбегін құрметтеуді, нанды қадірлеуді үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, нан түрлері.
Билингвизм: Нан – хлеб, бәліш - пирошки, бөлішке – булочка.

Мотивациялық қозғалыс.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.

Іздену ұйымдастырушысы.
- Балалар жылдың неше мезгілі бар? (4мезгіл)
- Қазір қай мезгіл? (Күз)
- Күзде неше ай бар? (3 ай)
- Күзде ауа райы қандай болады? (салқын)
- Балалар мен жұмбақ жасырамын, қане кім жауабын айтар екен,
Аспай піскен
Қайнамай түскен (жеміс)
- Жемістер қашан піседі?
- Күзде
Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас (нан)
- Балалар, біз күнде ақ нан, қара нан немесе тәтті бөлкелер, печеньелер, торттар жейміз. Бұлар неден жасалатынын білесіңдер ме?
- Ұннан
- Ал ұнды неден алады?
- Ұнды мына ыдыстағы дәндерден алады.
- Барлығың мұқият қараңдар, Барлық дәндер бірдей ме? Мына дөңгелек дәндер – бидай, ал сопақ дәндер арпа. Бидай мен арпа дәнді – дақылдар. Бидайдан - ақ нан, арпадан – қара нан дайындалады. Олар егістікте өседі алдымен егіс даласын, жерді трактормен жыртады. Әбден жұмсартылған жерге тұқым себеді. Оны су құйып баптайды. Егінге жаңбырдың да пайдасы көп. Күн көзі мен су мол болса, егін бітік шығады. Күзде егін піскенде оны комбайынмен жинайды. Ол сабақтарды орап, одан дәндерді бөлек шығарады. Бұл дәндер ұзын арнаулы жендерден жүк машиналарына құйылады. Сосын дәндерді элеваторға апарады. Онда оларды кептіріп, бір бөлігін тұқымдыққа қалдырса, бір бөлігін диірменге тартады.
- Енді ұнды қайда апарады деп ойлайсыңдар?
- Наубайханаға.
- Наубайханада наубайшы көп нандар. Тоқаштар, печеньелер пісіреді.
Есік соғылады.
- Балалар, есік соғып тұрған кім екен көрейікші.
- Наубайшы келеді. Балаларға нан пісіру жолын көрсетеді.
- Сөйтіп піскен нан дүкенге келеді. Біз дүкеннен нан сатып аламыз.

Сергіту сәті
Көлбең, көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Тасып піскен бидайды.
Айтшы қалай жинайды?
Комбайынмен бидайды,
Былай, былай жинайды.
Қаптап ұшқан торғайдан,
Оны қалай қорғайды?
Қаптап ұшқан торғайдан,
Оны былай қорғайды.

Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы,
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің
«Ақерке» шағын орталығы тәрбиешісі
Сайдова Наргиз Мейрамовна
Нан қайдан пайда болады? жүктеу
4 458
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Нан дастарханға қалай келеді?»
«Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.
Ас атасы – нан
Ас атасы – нан
"Ас атасы – нан" екенін түсіндіру. Нанды қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
Алтын күз
Алтын күз
Күздің негізгі белгілерімен күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрлерімен таныстырып, алған білімдерімен тиянақтау. Әңгіме құрап айтуға үйрету.
Ас атасы - нан
Ас атасы - нан
Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Егіс алқабында
Егіс алқабында
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Нан дастарханға қалай келеді
Нан дастарханға қалай келеді
Жалпы білім беретін № 6 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×