Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі

11 тамыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан - жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2050 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15 - 20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым — профессор Б. Кенжебаев: «Бала біздің болашағымыз». Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, — ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында. Менің болашақ мамандығым ұстаз болғандықтан, жас ұрпақтың тағдыры мен үшін әрдайым өзекті. Қазіргі таңда бастауыш сынып ұстаздары үшін оқушыларының мектепке дайындығы мен бейімделуі бірқатар кедергілер мен қиындықтарға толы.

Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі — балаға да және оның ата - анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан - жақты даярланған болуы қажет. Осыған орай мен оқушылардың мектепке, оқу үрдісіне тез бейімделуін қатаң бақыладым.

Биылғы 2016 - 2017 оқу жылында 1 «Ә» сыныбында 18 оқушы болды. Соның ішінде 10 - ы қыз бала, 8 - і ұл бала. 14 оқушы осы мектептің даярлық тобында болған, 2 оқушы №2 орта мектептен, 1оқушы қазақ мектеп гимназиясының даярлық тобынан, 1 оқушы «Ақбота» балабақшасының даярлық тобынан келген. Оқушылардың басым бөлігі осы мектептің оқушылары болғандықтан олармен тіл табысу қиын болған жоқ. Өйткені мен бұл сыныпта жұмыс істегенмін. Бірақ оқушылар мектепке әртүрлі деңгейдегі дайындықпен келді. Бірақ басқа 4 бала үшін мектепке, оның тәртібі мен талаптарына, мұғалімге бейімделу сәл қиындық туғызды. Өйткені таныс емес мұғалім, оқушылар және орта. Әдетте мектепке бейімделудің 4 деңгейі болады: жоғары, орта, төмен және өте төмен. Менің оқушыларым менің тәртібім мен менің талаптарыма үйрене бастады.

Ата - аналармен өткізілген сынып жиналысында, мектеп ішілік жалпы жиналыста оқушының мектепке бейімделуі жайлы көп сөз қозғалған болатын. Сондықтан ата - аналармен де тығыз жұмыс жүргізілді. Оқудың алғашқы аптасында - ақ кейбір оқушылар өздерін әлі оқушы сезіне қоймады. Өздерін даярлық сыныптағыдай сезініп, іс - әрекеттер жасай бастады. Тек оқудың 5 - 6 апталарында жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері тұрақты бола бастайды және біртіндеп жоғарылайды. Оқумен байланысты барлық жүктемеге қатысты тұрақты бейімделу басталды. Оқу жүктемесіне ағзаның физиологиялық бейімделуі қиын кезең болғанымен, ол оқудың 5 - 6 апталарында аяқтала бастады.

«Мектеп күйзелісі» - бұл баланың мектепке баруымен байланысты психикалық күйінің бұзылуы сияқты жылау, мектепке барғым келмейді деген оқушылар тарапынан қылықтар болған емес.
Балалардың ішінен мектепке бейімделу ауыр, қиын болған балалар болған жоқ. Мұнда денсаулық жағдайының бұзылуы оқу жылының басында 2 - 3 оқушыда ғана болды.

Менің ойымша менің оқушыларымның бейімделудің ауыр болған жоқ. Бірақ бастапқы бетте жаңартылған бағдарлама бойынша оқушылардың оқу тәртібі және оқу жүктемесі аса ауыр болды. Тіпті мен үшін де. Денсаулық жағдайына байланысты кейбір оқушылардың бейімделуі қиын болатын шығар. Менің оқушыларымның арасында денсаулығында кінәраты бар оқушылар болған жоқ. Барлық оқушылар денсаулық тобының негізгі тобында.
Сырттан келген 4 оқушы сынып ұжымына тез үйренісіп кетті. Әлеуметтік - психологиялық тез бейімделді.

Қазіргі таңда менің оқушыларым мектепке бейімделіп болды деген ойдамын. Алғашқы уақытта мен тек оларға сапалы білім мен тәрбие беруде көп жұмыс жасаймын деген ойдамын. Себебі білімді, тәрбиелі оқушылар мұғалімінің мәртебесі мен мақтанышы.

Дайындаған 1 - сынып мұғалімі: Хамзина А. Ж.
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі. жүктеу
86
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Бүгінгі ХХІ ғасыр біздің ұрпаққа яғни болашақ жастарға бұйырған бақыт. Еліміз егемендік алып, көк туымыз көк аспаның астында желбіреп ашық аспан аясында желбіреп тұр.
Эссе
Эссе
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, №1ЖББ ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Хизирова Маржанкул Хожабекқызы
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Текелі қаласы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биембаева Жанар Бақытқызы
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Технология пәнінде оқытудың жаңа технологиясын қолданып, оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М. Н
Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы
Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Лаубайқызы

Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.