Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болымды және болымсыз етістік

20 тамыз 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға болымды, болымсыз етістік туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту.
Білімділік: Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл – ойын, тіл байлығын, көркем жазу дағдысын, ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды достыққа, табандылыққа, шығармашылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Б. Блум таксономиясы, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекі
ой қозғау, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ойындар,
Қолданған технология: Дамыта оқыту технологиясы,.
Көрнекіліктер: суреттер, кесте, бағалау парағы, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу, өзін – өзі тану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сыныпты 3 топқа бөлу.
Топ жетекшілерін сайлау
1. Психологиялық дайындық
2. Сабақтың мақсатын хабарлау
3. Сабақ кезеңдерімен таныстыру.
Б. Блум бойынша:
1. Білім
2. Түсінік
3. Қолдану
4. Талдау
5. Жинақтау
6. Бағалау

ІІ. Негізгі бөлім
Білім.
Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау
«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап!» Үш топ топтасып жауап жазады
1 топ Етістік дегеніміз не? Етістіктің түрлерін ата?
2 топ
1. Дара етістік дегеніміз не?
2. Күрделі етістік дегеніміз не?-
3 топ
1. Негізгі етістік дегеніміз не?
2. Туынды етістік дегеніміз не?
26 - жаттығу
Ек
Тап
Ілме
Секір
Тебеді
Іздепті
Көрінеді
Ілме - іс әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Түсінік.
Мақсаты: Болымды және болымсыз етістіктерге түсінік беру.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Тапсырма: Тақтада берілген сөздерді екі бағанға топтап жазыңдар
Көркем жазу минуты
28 - жаттығу
ЖҮЗ – ЖҮЗБЕ
КҮЛ – КҮЛМЕ
ТӨК – ТӨКПЕ
ЖАЗ – ЖАЗБА
БАР – БАРМА
ТАҚ – ТАҚПА
- Көшіріп жазу. Қосымшалы етістіктерді талдау
Неліктен олай топтадыңдар?
- Бірінші қатар іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
- Екінші қатар іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Қорытынды шығару. (оқушылардың ереже шығарып, қорытындылауы)
Болымсыз етістіктер болымды етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатынын айту. Сонымен қатар емес, жоқ болымды етістікпен тіркесіп келіп жасалады..
Мысал: айт - айтпа, жаз - жазба, кет - кетпе, сөйле - сөйлеме, т..
Қолдану.
Мақсаты: Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.
Тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Ережені түсініп, мәнерлеп оқу.
1 топ
29 - жаттығу
- Сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Болымсыз етістіктерді тап. Олардың қалай жасалғанын айт.
«Кім шапшаң?» 2 - топ
30 - жаттығу
- Мына етістіктерден болымсыз етістік жаса..
Ал, аш, жап, сөйле, шақыр, тарт, үз, үрле
- Болымсыз етістік жасау үшін қандай жұрнақ пайдаландың
31 – жаттығу. жатқа жазу 3 - топ
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Киіміңе мақтанба,
Біліміңе мақтан.
- Болымсыз етістіктердің астын сыз.
- Мақалдардың мәнін түсіндір.
32 - жаттығу
- Тыйым сөздерді оқы. Етістіктерді тауып, олардың болымды, болымсыз екенін айт. «Сана туннелі» әдісі
1. Аққу киелі құс саналады. Сондықтан аққуды атуға болмайды.
2. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.
3. Автобуста қарттарға, өзіңнен үлкендерге орын бер.
4. Малды аяғыңмен теппе.
5. Нанды бір қолмен үзіп жеме.
6. Кітапты таза ұста.
7. Құстарға жемсауыт жаса.
8. Сүт тағамдарын жерге төкпе.
Жинақтау
Мақсаты: болымды, болымсыз етістік туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау
1 - топ Интерактивтік тапсырма
2 топ Тест
3 топ Семантикалық карта
Болымды және болымсыз етістік. жүктеу​​​
9 461
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтай отырып, етістік туралы берілген білімді әр түрлі материалдар - ойындар бойынша еске түсіру, талдау.
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету. Сөздік қорын, тілін дамыту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, танымдық - ізденушілік әрекетін белсендіру.
Қазақ тілі пәнінен «Жануарлар әлемі» тарауы бойынша орта мерзімді сабақ жоспары
Қазақ тілі пәнінен «Жануарлар әлемі» тарауы бойынша орта мерзімді сабақ жоспары
4 - сыныбында қазақ тілі пәнінен «Жануарлар әлемі» тарауы бойынша орта мерзімді сабақ жоспары
Болымды, болымсыз етістік
Болымды, болымсыз етістік
Сабақтың тақырыбы: Болымды, болымсыз етістік
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×