Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу

18 қыркүйек 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу, ережесімен таныстыру
Тілдік мақсат Сандарды үш тілде білу
Пәндік лексика мен терминдер
Бір - один - оne, екі - два - two, үш - три - three, төрт - четыре - four, бес - пять - five, алты - шесть - six, жеті - семь - seven, сегіз - восемь - eight, тоғыз - девять - nine, он - десять - ten.
Талқылауға арналған сұрақтар
Периметрді қалай табамыз?

Басталуы
І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин)
Психологиялық дайындық:
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Фигуралардың бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.- деп
- Біз бүгін сендермен «Фигуралар еліне» саяхатқа аттанамыз, бірақ жолымыз оңай болмайды, қиындықтарды жеңу үшін тапсырмалар орындауға тура келеді.
(Пішіндер әні ойналады)
Геометрияның даму тарихынан үзінді:
«Геометрия» сөзі грек тілінен шыққан. «Гео» — жер, «метео» — өлшеймін. «Геометрия» Ежелгі Мысырда біздің дәуірімізге дейін 2000 жылға жуық бұрын, яғни 4000 жыл бұрын туған. Египет перғауыны әрбір мысырлыққа азғантай жер бөліп берген, олар перғауынға жер үшін салық төлеп отырған. Бірақ Ніл өзені ылғи тасып, жер телімдерін басып қала бергеннен кейін, перғауын жер телімін қаншалықты кішірейіп қалғанын, соған сай енді қанша салық салу керектігін білу үшін жер өлшегіштерді жіберіп отырды. «Геометрия» Мысырда осылай туып, одан басқа елдерге тараған.
Ежелгі Грекия мысырлықтардан олардың геометриялық білімдерін үйренді. Нақ Ежелгі Грекияда «Геометрия» логикалық талдау және дәлелдеу жүйесімен ғылым ретінде қалыптасты. Бұл ғылым геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды.
Топқа бөлу
Сыныпты үш топқа бөлу
1 – топ: Үшбұрыш.
Үшбұрыштың қабырғалары нешеу?
2 – топ: Төртбұрыш. Төртбұрыштың қабырғалалары нешеу?
3 - топ: Шаршы. Тік төртбұрыш пен шаршының айырмашылығы неде?
Бағалау туралы түсінік
Әр орындалған тапсырма фигуралармен бағаланады.
- «орташа»
- «жақсы»
-«өте жақсы»

Мектеп: «Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп»КММ
Мұғалімнің есімі: Алимова И.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу. жүктеу
1 342
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Оқушылардың тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен таныстыру, екі амалмен шығарылатын есептерді құру, шешу, бекіту.
Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі
Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі
Сабақтың мақсат - міндеттері: А) білімділік: Оқушыларға тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін есептеу тәсілдерін түсіндіріп, тапсырмаларды орындау.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Утегенова Дариға
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері
Атырау қаласы. Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзиева Нұрғаным Сабырқызы
Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп - гимназия бастауыш класс мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×