Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнбағыс панносы

25 қыркүйек 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Күнбағыс панносы
Мақсаты: Оқушыларға «Күнбағыс» панносын жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: дайын панно. Оқушыларға керекті құрал-жабдықтар: сары, жасыл, ашық жасыл және қара түсті тоқыма жібі, қатырма қағаз, ПВА желімі, қайшы, қарындаш.

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
II. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Күнбағыс – ірі жапырақты, сары гүлді, дәні майлы өсімдік. Одан өсімдік майын, шекілдеуік алады. Күнбағысты көз алдымызға елестете отырып, өз бетімізше жасап көрейік. Сергіту сәті

IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2. Сұрақ - жауап.
3. Практикалық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Қатырма қағаздың дәл ортасына қарындашпен күнбағыстың суретін саламыз.
2. Күнбағыстың дәнін жасау үшін қатырма қағазға аздап желім жағып, қара түсті тоқыма жібін айналдыра отырып желімдейміз.
3. Тоқыма жіптің сары түсімен күнбағыстың гүл күлтелерін желімдейміз.
4. Күнбағыстың сабағын жасау үшін жасыл түсті үш тоқыма жіпті өріп алып, қатырма қағазға жапсырамыз.
5. Жапырақтарына ашық жасыл түсті тоқыма жібін таңдап, оны да желімдейміз.
Жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтау.

V. Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Күнбағыс қай жерлерде өседі? Одан қандай шикізаттар алынады?
VI. Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
1 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек пәні бойынша күнделікті сабақ жоспарлары
Еңбек пәні бойынша күнделікті сабақ жоспарлары
Еңбек пәнінен күнделікті сабақ жоспарлары
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары. Күнбағыстың ауруларымен зиянкестерін және олардың зияндылығын түсіндіру, жаңа термин сөздерді меңгерту, жоспарлы әңгімелеу
Күнбағыс майының құпиялары
Күнбағыс майының құпиялары
Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%- ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады.
Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназия технология пәні мұғалімі Домаева Ақмарал Абдикаримовна
Қағаздан гүл құрастыру
Қағаздан гүл құрастыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Панно түрлері
Панно түрлері
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Бәтима Қаниқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×