Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 санын қосу және азайту

17 қаңтар 2020, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 9 санын қосу және азайту тәсілдері жөніндегі оқушылардың білімдерін бекіту, жаңа білімді меңгерту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша қызығушылығын ояту, ой шақыру, мағынаны таныту, ой толғаныс кезеңін түзу. Ұжымды өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету, білімді, ақылды, іздемпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Үй тапсырмасын пысықтау. Оқулық, дәптер, қима суреттер, телеэкран (қағаздан жасалған) сабаққа дайындалуды талап ету. Жаңа сабақ: а) психологиялық дайындық жасау.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Бар адамды құрметтеп.
Бас иеміз біз. Қане балалар, жұмбақ шешейік, ол үшін «Кел, балалар ойлайық» әнін орындайық. Кел, балалар ойнайық, Ойнайық та ойлайық, Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық. Ендеше, математикалық жұмбақтар арқылы сөз жұмбақты шешейік.
1. Ал, балалар, балалар, Қағазбенен қалам ал, Екі ешкінің мүйізі, Кане, кімдер табады? Сонда қанша болады? 2+2 = 4 Т
2. Мынау алты ақ алма, Нұрбибі мен Жанарға 3 сары Анарға, Қызыл алма Манарға, Қанша сонда бар алма? (6 +3) +1 =10 О
3. Мұз айдында жеті бала, Асыр сап жүр сырғанап Сырғанамай 2 бала, Жағалауда тұр қарап Енді осы бар баланың Санын айтсақ жарадық 7+2 =9 Ғ
4. 2 аяқ пен 2 қол, Ауыз бен 1 тілін Нешеу болды қане бол, Санап шығар кім бұрын. (2+2 ) +2 = 6 Ы
5. Бір – бірімен жарысқан, 4 аю, 2 арыстан. 2 қоян, жоқ түлкі, Бәрі нешеу кім білді? ( 4 + 2) + 2 = 8 З
- Сегізінші наурыз қандай мереке? ( Аналар, әжелер, қыздар мейрамы ) - Жеңіс күні қай күн? 
9 – шы мамыр
- Осы жұмбақта қандай сөз шықты? Тоғыз
Олай болса, біз бүгін « 9 санының қосу және азайту» деген жаңа сабақты өтеміз.
II. Қызықтыру. Ой ашар. Өлең есеп: Он асықтың біреуін, Досын сұрап алады, Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады. (Жауабы: 9)
Есеп құраймыз. 10 – 1 = 9 немесе 9 + 1 = 10

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
1 392
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі санын қосу және азайту
Екі санын қосу және азайту
2 санын бөлшектеп қосу және азайту тәсілін қолдану, 2 санын бөлшектеп қосып және азайтуды біледі, ондықтан аттап 2 санын қосу және азайту тәсілдерін біледі.
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Астана қаласы, № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Муханбетжанова Гульзада Арыстановна
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, Амангелді селосы Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Урбисинова Маржан Кубегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×