Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б. Бұлқышев «Ана»

17 қаңтар 2020, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев «Ана»
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын таныстыра отырып, ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, оның адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру, мәтінді дұрыс түсініп, оқи білуге, өз ойларын ортаға салып, айта білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға жақсылық атаулының барлығы ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, мәтіндегі негізгі ойды түсіндіру.
Дамытушылық: тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ананы ардақтап құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: СТО
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа жүйесі, Б. Бұлқышевтың суреті, карточкалар.
Сабақтың барысы:
I. Бағдарлау - мотивациялық кезең
Оқушылармен амандасу, түгендеу, үй тапсырмасын сұрау.
Психологиялық дайындық.
Әрбір тілде сөйле, әлемді таң қылып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілін жасау керек мәңгілік
Сұрақ - жауап:
1. Тілдің ең негізгі қызметіне не жатады? (пікірлесу)
2. Мемлекеттік тіліміз қалай аталады? (қазақ тілі)
3. Бұл өлеңде не туралы айтылған? (Ана тілі)
4. Адамның негізгі қаруы, ең жоғарғы баға жетпес, асыл мұрасы не? (тіл)
5. Қай күн Қазақстан халқының тілдер күні? (22 қыркүйек)
6. Республикамызда Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997ж 11 шілде)
Сөзжұмбақты шеш:
1. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын?
2. Ас атасы не?
3. Жемістің бір түрі?
Тігінен екі реет қандай сөз шықты?
II. Операционалдық - орындаушылық кезең
Жаңа сабақ. Б. Бұлқышев «Ана»
Балалар мына сөзжұмбақты шешкенде бәрімізге жарық дүние сыйлаған «Ана» сөзі шықты. Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы да Ана шығармасы. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді дейді. Анасына баласынан артық ешкім жоқ. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. Тіпті жан - жануарларда баласына мейірімен қарайды. Қарапайым адамдарда анасына қолынан келгенше сый құрмет көрсетсе, ақындар өлең арнайды жазушылар әңгіме жазады, яғни барлық адамзат баласы ана алдындағы борышын өтеуге тырысады.
Ана бізге жарық дүние сыйлады, түн ұйқысын төрт бөлді, бар жақсыны бізге арнады. Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
Оқулықпен жұмыс.
Автордың қысқаша өмірбаянымен таныстыру.
Авторы Б. Бұлқышев 1916 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. 1944 жылы небәрі 28 жасында Ұлы Отан соғысында қайтыс болады. «Балалық шақ» «Есімізде қанды жорықтар» т. б туындылары бар.
Мәтінмен жұмыс (тізбектеп оқыту)
Мәтінде « Ананың жолы басқа» деген сөз бар Бұл сөзді қалай түсінеміз?
Яғни ол бәрінен ерекше, ешкімге ұқсамайды, сондықтан ананың орны бөлек. Ананы ешкіммен теңестіре алмаймыз.
Анаға деген махаббат қай күннен басталады?
Құндақта деген сөзді қалай түсінеміз?

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
1 348
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата - ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.
Б. Бұлқышев «Ана»
Б. Бұлқышев «Ана»
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қуатбаева Айман Мамытовна
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
ШҚО, Семей қаласы «№ 16 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Оразаева Раушан Турсыновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×