Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолда жүру ережесін білеміз бе?

08 ақпан 2020, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру.
2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп - тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер.
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды топқа бөлу.
(Бағдаршам көздеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл дөңгелекшелер арқылы бөлу)
2. Сұрақ - жауап
1 топқа: Жол ережесі дегеніміз не?
2 топқа: Жол ережесін не үшін білуіміз керек?
3 топқа: Жол ережесін қалай сақтаймыз?
Мұғалім: — Ал енді «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты сынып сағатымызды бастаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. «Ой қозғау»
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
Сұрақ: — Бағдаршам деген не?
— Ол қандай қызмет атқарады?
2. « Кел, танысайық!» айдары
Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек.
Бағдаршам — жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Сұрақ: — Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме?
— Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
— Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)
Хормен:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Қызыл – Тоқта!
Сары – Сақтан!
Жасыл – Жол ашық!
3. «Жол белгілерін білеміз бе?»
(Оқушыларды жол белгілерімен толық таныстыру)
Сергіту сәті:
Қызыл: қолымызды жоғары көтереміз.
Сары: бір - бірімізбен амандасамыз.
Жасыл: құшақтасамыз.
4. Топтық тапсырма:
Жол белгілерінің суретін салу, қорғау.
5. «Жол тәртібін білейік, Аман - есен жүрейік!»
Сұрақ - жауап:
1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2. Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара6 ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр
4. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.
5. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? Аялдамада
8. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді.
9. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер көліктері өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? Иә, міндетті.
10. Жолда қай жерден өту керек?
Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.
ІІІ. Қорытындылау.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі — заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды. Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.
Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.
Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.
Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!
7 089
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережелері туралы түсінік бере отырып, көше, жол, жаяу жүргіншілер туралы түсініктерін жетілдіру; жол белгілерін ажырата білуге үйрету, бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту; көшеде тәртіп сақтап жүруге байқампаздыққа, сақтықпен жүруге
Абайла, бағдаршам!
Абайла, бағдаршам!
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
Жолда жүру ережесін сақтайық!
Жолда жүру ережесін сақтайық!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Бекова Жамила Асанқызы
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиешісі Калкаева Адеми Жоламановна
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешева Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×