Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

26 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау.
Өнерлерін тамашалау, әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметі, бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге,
Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.
Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата - аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, әріптер макеті, әліппе оқулығының макеті.

Сабақ барысы:
Залда салтанатты музыка ойналады
1 жүргізуші:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Оқу білім бастауы
Ілім, ғылым арқауы
Бүлдіршінге тіл ашқан
Көкірекке нұр шашқан
«Әліппе» тойы басталды» -

2 жүргізуші:
Бала шаққа болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеген сымбатты
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым сымбатты
1 жүргізуші:
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар
Бүгін міне әліппемен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби еркелер

2 жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрмет етіп, сендерді,
Бүлдіршіндер шақырамын ортаға
Музыка. Балалар жұптасып ортаға келеді

«Ерте, ерте, ертеде, Ерте ме, әлде бүгін бе? Жақын ба, әлде алыс па? Беймәлім бе, таныс па, Бір ел болыпты. Бұл елдің адамдары бір – бірімен көк байрақтың астында тату - тәтті өмір сүріп, өніп - өсіпті. Елді бір кемеңгер хан басқарыпты. Оның талабы осы өркендеп жатқан елде бірде - бір бала білімсіз болмауын талап етіпті. Қанша уақыт өтері беймәлім 2050 жылы ел үлкен өркениетті, барлық ғылымды меңгерген беделді елге айналатынына кәміл сеніпті. Осы ортақ арманға жетуі үшін 13 мектеп гимназиясының 1 в сыныбында ақылына көркі сай 16 қыз бала мен алпамсадай жұдырықты да білімді 9 ұл бала барлық күш жігерін жұмсапты. Татулықты қолдайтын жолдастықты сыйлайтын білімді де өнерлі балаларға барлығы тәнті болыпты.

- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей – ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз
Мысығым - ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш - піш деп,«Мяу! - деп дыбыс бере ғой.

Мысық
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт - көжемді ішіп
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой, ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп алайын ба?(құйрығын кесіп алады)
Мысық: Қойшы, дәл сол ертегідей ме,
Мақта қыз: Жо - Жоқ, әрине. Биыл күзде мен мектепке бардым, өзімдей көп дос таптым, ренжітпеймін ешкімді!
Қатығымды төгетін енді бұзық болмашы
Айтқанымды тыңдайтын, ақылдырақ болсаңшы
Мына отырған балдырған балаларға үлгі боп
Достық туын көтеріп, татулықты қолдашы

- Балалар бүгінгі ертеңгілігіміздің ертегіден басталуы тегіннен тегін емес.
Кеше ғана ертегі тыңдап алаңсыз жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман - есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын!
- Ал қазір мектеп табалдырығын ең алғаш аттаған қуанышымызды тағы да бір көз жүргізіп еске алып өтейік. Экранға назар аударайық.

Аружан
Еркесімін атамның,
Еркесімін апамның,
Жасым толып алтыға,
Мен оқушы атандым.
Алмат
Ай, күндерді санадым,
Күнтізбеге қарадым.
Бойым өсіп кішкене,
Қолқанатқа жарадым.
Жеті жасар баламын,
Мен мектепке барамын.
Сабағымды қалдырмай,
Жақсы оқушы боламын

Дәурен
Туған жердің төсінде,
Гүлдей жайнап өсемін.
Ата - анамды қуантып,
Биіктерге жетемін.
Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрімде.
Қанат
Сабағымды жақсы оқып,
Бүгін тағы бес алдым.
Жарайсың деп аташым,
Жарайсың деп апашым,
Маңдайымнан иіскеп,
Беріп жатыр батасын
Ерсұлтан
Мектеп деген кені білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Хор" Мектебім"

1 - жүргізуші
Біздің балалар да үлгілі тәртібі мен саналы білімі мен еліміздің өркендеп өсуіне өз үлестерін қосуда. Оған біздің достарымыз көмектесуде.
2 - жүргізуші
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Барлығы: Болашаққа жол бастар
Ол - сүйікті Әліппе.
2 - жүргізуші: Ортаға әліппені шақырайық!
(Бір топ қыздар лентамен билеп шығады)
Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз, бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.

Әліппе:
Армысыздар, жас достар
Армысыздар ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!

Несібелі Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Білімге жолын бастаған
Әліппем саған мың алғыс
Оқы деп ұран тастаған
Хор "Әліппе"
Мейрамбек
Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды
- Әліппе, біздің балалар тек оқи, жаза алады деп ойлама, біз жұптасып би билеуді де үйрендік Қазақ би
Бақтынұр
Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том болған кітаптың
Басы болған Әліппем
Бақдаулет

Әсем
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен
Ризамыз біздерді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптерді
Әсел
Ең алғаш қолға алғанда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді
Хор "Мұғалім ол біздің"

Әліппе:
- Балалар, енді мен сендерге бір сұрақ қойғалы тұрмын.
Алфавиттің А тұрады басында,
Әр қашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші!
А деген ол - барлығы Аналар ғой ардақты
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты
Б деген ол - балалар ғой кәделі
"Әліппе " әні орындайтын Аден Мирас
Мұғалім:
- Балалар сендер аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйреніпсіңдер, осының бәрін үйреткен кім?
Барлығы: Мектеп! Мұғалім! Әліппе! Ата - ана!

Мира
Анам екеуіміз
Қолға қалам аламыз,
Бірге жазу жазамыз.
Сұрақтарға берілген,
Бірге жауап табамыз.
Бірге сурет саламыз,
Соған мәз боп қаламыз.
Бірге ойланып есепке,
Қосып, бөліп, аламыз.
Бірге өсіп, толамыз,
Биіктерге қонамыз.
Мектепке де күн сайын,
Қол ұстасып барамыз.

Амина
Оқитұғын баланың,
Қадағалап сабағын.
Ойынын да ойнатып,
Дайындайтын тамағын.
Менің анам – жаны ізгі,
Әрбір сөзі маңызды.
Меніменен оқитын,
Сыныптасым тәрізді
Алақаның аялы,
Бесігімді тербеткен.
Дәл осындай ананы,
Таба алмаспын жер - көктен
- Рахмет балалар ата - анаңыздың үмітін ақтап, мақтанышы болыңыздар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір - қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
- Мыналар не жиналған - әй. Менің атымды атаған қайсың?
- Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
- Әліппемен қош - та - су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
- Тиіспе, менің шарыма. Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
- Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты - ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай - ақ білемін.
Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О, П әріптері.
Білмесбек:
- Әріптерді оқып, жаттағанша, мен сияқты қолды қалтаға салып талтаңдап жүрмейсіңдерме? Нейля
- Білмесбек, арман дейсің бе, ол қандай арман?
Білмесбек:
- Менің 1 - арманымды тыңдаңдар

Мына менің ойымша
Мектеп деген жойылса
Сабағы мен білімі
Кітап, дәптер қаламы
Мәңгілікке жоқ болса

- Білмесбек сенің мұның не, сен мені тыңда
Достым, ойың тайыздау
Ақылың сенің тіпті аздау
Жойылса деп мектепті
Армандайсың арсыздау
Мектеп егер жойылса,
Білім қайдан аларсың
Үлгі, өнеге тәрбие
Ұстаздардан аларсың

Білмесбектің 2 - арманы
Пах, пах! Шіркін!
Жегенім бесбармақ болса,
Ішкенім "моя семья" болса
Ата - анам ақша тауып
Түрлі киім алып беріп,
Модаменен киіндіріп тұрса,
Сөйтіп жағдайым керім болса

Жесем дейсің бесбармақ
Ішсем дейсің бал шырын
Ата - ананың ақшасын
Жойсам дейсің па шіркін!
Білім алмай мектептен
Еңбек етіп тер төкпей
Оңай олжа ойлайсың
Ата - анаңды қинайсың
Білмесбектің 3 - арманы
18 жасқа келгесін,
Институт мені қабылдаса,
Бір оқу орны қуғанда
Екіншісі қыңқ етпей қабылдаса
Диплом деген қағазды
Қолға әкеліп бір ұрса,
Шіркін осы тілектерім орындалса!

Институт қабылдап
Жүрсем дейсің былқылдап
Сатып алып диплом
Бастық болып талтаңдап
Болашағы елімнің
Ойламайсың сен неге
Сауаты жоқ сауатсыз
Мамандар көп біздерде
Соның бірі болмақсың
Қандай үлес қоспақсың
Егеменді елімнің
Сәнін қалай бұзбақсың

Білмесбектің 4 - арманы
23 - ке келгесін
Байдың қызы жарым болса
Бойы үлкен сүйкімді болса
Екі аяғы түзу болса
Ақшасы көптеу болса,
Ақылы жоқтау болса
Сөйтіп ақсақалды шал болсам
Менде басқа арман бар ма?
Байлығынан не пайда
Ақылы оның болмаса

Ақшасы мен көркінен
Саған келер сән қайда
Ел сыйлаған ақсақал
Болсам дейсің қадірлі
Елге еңбегің сіңбесе
Қайдан болар қадірің
Білмесбек: Достар сендердің айтқандарыңның бәрі дұрыс,
Мен енді жалқаулықты тастаймын
Жаңа өмір бастаймын
Егеменді елімнің
Ертеңі үшін күресіп
Еңбекпенен көгеріп
Бір асыл іс қыламын
- Білмеспек сен жақсы болуың үшін алдымен үстіңді жөндеп кел
2 - жүргізуші Диас
Нейланың әні

- Міне, балалар осыншама білім беріп, тақылдатып сөйлеткен Әліппемізбен қоштасатын уақыт болды
Әліппе
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам
Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам
Аттанатын жолым бар
Оқумен өсіп толыңдар
Аман - есен болыңдар
Тұмар
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Нұрай
Сержан
Қош Әліппем биіктеткен асқарға
Қанат берген шарықтауға асқарға

Қоштасақ та, ұмытпаймыз өзіңді
Тапсырамыз іні - қарындастарға
Кезекті тағы да биге береміз Балдырғандар маршы
2 - жүргізуші
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімнің жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімен Егеменді елімнің.
Жаса Қазақстан әні
Қорытынды сөз
Қымбатты шәкірттерім! Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауларыңызбен құттықтап, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын демекпін, мерекеміздің соңын да ертегімен аяқтағымыз келіп тұр. Мектебіміздің мақтанышы болыңдар
8 846
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әліппенің ар жағы - білім бағы
Әліппенің ар жағы - білім бағы
Білімнің бастауы болған Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Әліппемен қоштасу кеші
Әліппемен қоштасу кеші
Оқушылардың өнерін тамашалау, еркін сөйлеуін, есте сақтау қабілетін дамыту, ата – анамен байланысты нығайту. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеп, эстетикалық талғамдарын кеңейтіп, оқу, білім алуға тәрбиелеу;
Рахмет, саған Әліппе!
Рахмет, саған Әліппе!
Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Әліппе - білім бесігі
Әліппе - білім бесігі
ШҚО, Аягөз аудан, «Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш класс мұғалімі Карабаева Жанар Кажымукановна
Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін
Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы қтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін. Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×