Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық ережесі

30 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Құқықтану.
Сабақтың тақырыбы: Достық ережесі
Мақсаты.
Білімділік: а) Дос, достық, халықаралық достық туралы түсінік беру; Азаматтардың тең құқылы екенін ұғындыру.
ә) Достық ережесін құруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойын, тілін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды сыпайылық пен ізеттілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ түрі: аралас
Әдіс - тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, топтастыру, эссе, проблемалық әдіс, талдау, ой қорыту, бағалау.
Көрнекілігі: «Қазақстан - 2030» бағдарламасы, ҚР - сының Конституциясы, Конвенция, Декларация, достық туралы суреттер мен сөздер, баптар жазылған плакаттар, кітапшалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың психологиялық дайындығы.
а) Досқа тілек. Досыма жақсылық тілеймін.
ІІ. Жаңа тақырыпты хабарлау. Мақсатын айту.
Достық ережесі.

Кіріспе сөз.
І. Дос болу – киелі ұғым.
Ертеде дос болу үшін ер азаматтар «мал құдайы» жасап, малдың бауыздау қанына көйлектерін батырып, көйлек ауыстырып киіп, жүректерін түйістіріп, ырым жасаған. «Кеуделері түйіскен, қанды көйлек киіскен» достардың бұл ырымы, бір - біріміз бір тамшы қанымыз қалғанша достықты сақтаймыз – деп серт бергендікті көрсетеді. Жүрек түйістіру «жанымыз жақын, жүрегіміз бірге болады» деген сертті білдірген. Дос болудың «ант су ішу», «серт берісу» т. б. рәсімдері бар.
ІІ. «Дос» деген қасиетті ұғым.
1. «Дос» деп кімді айтамыз?

- Дос адамдық асыл қасиетпен саған тек жақсылық ойлайды.
- Дос қиындықта көмектеседі.
- Дос қуанышты да, қайғыны да бірге бөліседі.
- Дос қамқоршы, көмекші.
- Дос жанын сала сыйлайтын ең жақын серік.
- Дос – басыңа ауыр күн түскендегі таянышың, ауырып сырқасаң жанын қияр серігің.

2. «Достық»деген не?
«Достық» деген құдіретті ұғым, ақ ниетті адам баласының бірлігін сақтап, тірлігін ақтап, өмір көшін өркениетті жолға салып келеді.
Достық – тіршілік иесінің жасаған жақсылықтары. адамгершілігі қалыптасқан әрбір адам басқаға баянды достық жасауды - өзінің борышы деп есептейді.
Достық, дос болу, достасу, бірлесу, ынтымақтасу, ұйымдасу, адамзаттың адамдық ізгі әрекеттері, игілікті тіршілік нәтижелері болып табылады.

ІІІ. Атадан қалған – асыл сөз.
Достық нешеу?
- Достық екеу.
- Біреуі адал достық.
Екіншісі амал достық.
Адал достық - өмірлік нұсқа болады,
Амал достық өрісі қысқа болады.

ІҮ. Жағдаят.
Мұқан есебін шығара алмай басы қатып отырған. Сол сәтте ойына Сәкен түсті. Жүгіріп Сәкенге келді. Ол есебін шығарып қойыпты. Мұқан оны көшіріп алғысы келді. Бірақ Сәкен дәптерін бермей қойды. Мұқан досына ренжіп қалды. Ол есікке қарай беттеді. Сәкен досын тоқтатты. Олар ұзақ отырып есеп шығарды.
Сұрақ: Мұқан мен Сәкен қандай дос?
Жауап: Менің ойымша...
Сұрақ: Неліктен?
Жауап: Себебі,...

Ү. Халықтар достығы.
Достықтың ең жоғарғы түрі – халықаралық достық.
Сұрақ: Қазақстан қандай мемлекеттермен достық – қарым-қатынаста?
Жауап: Қазақстан 5 мемлекетпен шекаралас. Олар...
Олармен достықтық қарым-қатынаста.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан елі, оның адамдары басқа мемлекеттермен әр түрлі қарым-қатынастық байланыста болды. Дүние жүзіндегі елдердің азаматтары бір - біріне барып келіп тұрады.
Қазақстан азаматтары дүние жүзі азаматтарымен дос.
Қазақстандықтардың шетелге сапары мен саяхат жасауы, бізге келген шетел қонақтары арқылы достыққа қол жеткіземіз. Дүние жүзі елдері халықтарының балалары өзара достасады.
Сергіту сәті: Дос болайық бәріміз.
Сен өз құқығыңды білесің бе?
Сенің құқықтарың
1 - бап
Барлық адам болмысынан тең құқылы және азат болып туады. Барлық адамға ақыл - ой берілген, сондықтан туысқандық, бауырмалдық қарым - қатынас жасаулары тиіс.

2 - бап
Әрбір адам:
- ұлтына, тіліне, нәсіліне, жынысына, дініне, әлеуметтік тегіне, саяси сеніміне, байлығы мен кедейлігіне;
- елінің көлемі мен әлемдік беделіне қарамастан осынау Декларация жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдалануы керек.
Достасу – ізгі ниетті адамдардың бір - біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып, іс - әрекетте ортақтасуы.
Достасу – игі қасиет. ол ізгілікке әрбір адам бейім болады.
Достасудан – бірлік, бірліктен – тірлік, тірліктен жеңіс, қуаныш, бақыт туады.
Топтасу.
1 - топ. Әдебиеттанушы.
Жазушылардың дос туралы әңгімесіне шолу жасау.
а) «Екі дос» ертегісі.
Абай дана «Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол», - дейді.
Жақсы дос – достықты борышым, адамгершілік міндетім деп есептейді.
ә) «Жаман жолдас» әңгімесі. Ы. Алтынсарин.
«Жаман дос – көлеңке
күн ашықта қойныңда,
күн жабықта мойныңда» - дейді.

2 - топ. Жас ақындар.
Достық туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
а) Достық өлкесінің заңы. Мұхтар Шаханов.
ә) Дос Ә. Табылдиев.
Достық - әдеп, сыйласым,
Дос - өмірлік, қимасың.
Дос – арыңдай қымбатты,
Достық сезім – тым тәтті.

Достық – игі жақсылық,
Достық ниет – жақсы үміт.
Достық жасап адамға
Достаса біл әмәнда.
Дос ниетпен, адал кең,
Дос бол ізгі адаммен.

б) Тату бол. Мұзафар Әлімбай.
Достар болса достық атын ақтаған
Алыс жолда – жақын жол.
Қара бала, сары бала, ақ бала,
Туыстардай тату бол!

в) Достық.
Достық – менің бағым да, қуатым да,
Биіктетіп бойымды тұратын да.
Достық әні қосылып шырқайтыным,
Достық сөзі – таусылмас жыр ақынға.
Ә. Жәмішев.

г) Жанына жақсылықты жиып келген.
Көрінген әрқашан да биіктерден,
Достықтың туын тіккен Қазақстан
Түлегімін осындай сүйікті елдің.
Роза Қунақова.

3 - топ. Жас қаламгер.
«Менің досым» атты эссе жазу. Жазған шағын шығармасын оқушылар оқиды.
4 - топ. Жас құқық қорғаушылар.
Достық дәрежесін құру.
Достық ережесі.
1. Сертіңе берік бол.
2. Дос көңілін қалдырма.
3. Досыңа өтірік айтпа.
4. Досыңа адал бол.
5. Қиналғанда көмектес.
6. Досың үшін ешнәрсе аяма.
Бұл ереже – жеке азамат үшін ғана емес, қоғам үшін де өте маңызды ереже. Ережені күнделікті өмірде ешкімнің мүддесіне қайшы келмейтіндей дұрыс қолдана білу керек. Досыңмен ойнауға, пікірлесуге, өз құпияңды айтуға, табиғат аясында болуға, мәдениет орындарға баруға болады.
Достық туралы мақал-мәтелдер айту.

Бекіту. Сен досыңның қандай болғанын қалайсың?
Үйге: «Менің досым» әңгіме жазу.
Бағалау: Бағалаушылар тобына сөз беру; Досыма сыйлық.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№32 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Қажығалиева Клара Жанұзаққызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
35 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достық дегеніміз не?
Достық дегеніміз не?
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Достық
Достық
Достық Жастайымнан бірге болғам өзіңмен, Нұр шуағы төгілді сенің көзіңнен. Әрқашанда бірге болсақ деп едім Бұл өмірге қарау керек төзіммен.
Екі дос
Екі дос
Достық туралы түсінік беру. Достықтың маңыздылығын ұғындыру. Достықты қадірлей, қастерлей білуге, адал дос болуға тәрбиелеу.
Шынайы дос – асыл қазына (дөңгелек стол)
Шынайы дос – асыл қазына (дөңгелек стол)
№182 мектеп педагог - психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Достық
Достық
Байқоңыр қаласы, К.Э.Циолковский атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жамбылова Гүлсая Ұстазы Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×