Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықтық әдеп-ғұрыптар

31 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Сынып: 3
Тақырыбы: «Халықтық әдеп-ғұрыптар»
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының әдеп-ғұрпы туралы түсінік беру. Балалардың бойында қазақ халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет сезімін қалыптастыру.
2. Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіріп, ұлтжандылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, дәптер, «Қазақтың салт-дәстүрлері» кітабы

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қызығушылығын ояту
(4-7слайдтар көрсетіледі)
- Мынау қандай дәстүр? (Балаға ат қою)
- Мынау қандай дәстүр? (Бесікке бөлеу)
- Мына суретте қандай дәстүр бейнеленген? (Тұсау кесу)
- Бұл жерде қандай дәстүрден көрініс көріп тұрсыңдар? (Үйлену тойы)
- Осы айтылған жауаптарды бір сөзбен қалай атауға болады? ( Халықтық салт-дәстүрлер)

2. Мағынаны тану
- Сабағымыздың тақырыбы «Халықтық әдеп – ғұрыптар
- Ендеше, «Топтастыру әдісі» арқылы әдеп – ғұрыптар жайлы не білеміз, соны жазып шығайық.(8 слайд)
Халқымыздың әдеп – ғұрыптары өз қолданысына қарай бірнеше топқа бөлінген.
«Білгенім артық болмас» айдарымен таныс болайық.(9слайд)
1. Отау көтеру дәстүрі
2. Тәрбие дәстүрі
3. Отбасы, тұрмыс дәстүрі
4. Еңбек дәстүрлері
5. Наурыз дәстүрлері
6. Ислам тағылымдары
7. Қаза ғұрыптары
Әр дәстүрлер топтарына жеке тоқталып, түсіндіріледі. Оқушылардан сұралады, мысалдар келтіру. Бесік жырын айтқызу.

3. «Жылу жинау» (отбасылық дәстүр)- Өртке ұшыраған, мал-мүлкі суға кеткенде, бақытсыздыққа ұшырағанда жанұяға, адамға басқа адамдар мал, дүние, ақшалай көмек беруін халық осылай деп атайды.(10 слайд)
«Асар» (еңбек дәстүр)- салт.(11 слайд)
Бір жанұяның қолынан келмейтін күрделі жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады.
Мысалы: үй көтергенде, егін салғанда, жинағанда, шөп шабуға т. с. с ауыр жұмыстарға шақырылады.
«Қонақжайлылық» (отбасы дәстүр) – дәстүр.
Қонақ келсе үйіне
Жалғыз қойын соятын,
Барын алға қоятын
Біздің халық ер халық.
Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, дастарқан жаю – жомарттықтың, елдіктің, азаматтықтың белгісі.(12 слайд)
4. Оқулықпен жұмыс (13 слайд)
Мәтінді оқып шығу, талдау. Мазмұнына байланысты сұрақтар қойып, толық жауап алу.
«Мен саған, сен маған» айдары бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

5. Сергіту сәті
«Шілдехана, бесік той» әнін тыңдату, қимылдар жасап, билеу.
6. Дәптермен жұмыс
«Кім бірінші?» ойыны (16 слайд)
«Қонақжайлылық» сөзіндегі әріптерден жаңа сөз жасау.
Оқушыларға сөздерін оқыту, жеңімпазды анықтау.
7. «Қонақжай бөлмесінің қонағы» айдары (16 слайд)
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі келіп, оқушылармен сауалнама жүргізеді.
- Сенің отбасыңда отбасылық дәстүр бар ма?
- Қандай?
- Олар туралы айтып бер.
- Өзің қандай дәстүрлерді көрдің?
- Дәстүр ұнады ма? Несімен?

ІV. Қорытынды: (17-18 слайд)
- Сабақта не туралы айтылды?
- Қандай жаңа дәстүр естіп білдіңдер?
«Салт – дәстүрлерді сақта, ұмытпа, оны үйрен»деген тілекпен тренинг:
Мен саған......... тілеймін.
«Жүректен-жүрекке»
V. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, салт-дәстүрлер жайлы мәлімет жинау.(19 слайд)
13 939
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салтын сүйген - халқын сүйер
Салтын сүйген - халқын сүйер
Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Дамеля Борашевна
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі Оқытушы: Солтанбек М. Б.
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Салтым – асыл қазынам
Салтым – асыл қазынам
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Ботагөз
Ұлттық тағылымды ұмытпайық
Ұлттық тағылымды ұмытпайық
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жолдыбаева Зәуре
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қазақтың салт-дәстүрлері
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет - Рашидқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×