Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

02 ақпан 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім берудің «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясының «Алгоритм» картасымен қазақ тілінен жүргізілген сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаттары: 1. Оқушылардың етістік туралы білімдерін кеңейту.
Дара, күрделі етістіктерді ажырата білуге, етістіктің сөйлемдегі сөздермен байланысын анықтап, сызбамен көрсете білуді меңгерту.
2. Зейінін, ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Ұжымдағы ауызбіршілікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:«Алгоритм» картасы
Технология түрі: « БжС»
Сабақтың көрнекіліктері: ОӘЖӘ сызбасы, ТКШ, АКШ, ЖКШ тапсырмалары
Техникалық құрал: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Арнайы сөздік алу. Уақыты 5 минут
3. Оқушылар хормен
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
Қадыр Мырза Әли ағамыздың өлеңінен үзінді оқыдық. Балалар, тіліміздің өткені, бүгіні, болашағы туралы білгіміз келе ме? Ендеше Тілдер Патшалығына саяхатқа шығайық.
Алдымен жаңа сабағымызды меңгеріп алайық. Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Етістік» деп аталады.
3. Жаңа сабақ
ОӘЖӘ сызбасы арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі

1. Адам тәрбиені тіл арқылы алады
2. Халық мұрасы ұрпақтан - ұрпаққа тіл арқылы ауысып отырады.
3. Біз ана тілімізді сүйеміз.

1. Түсіндіру
Жаңа сабақты ОӘЖӘ сызбасы арқылы қанша уақыт түсіндіргендігі анықталып, тақтаға жазылады.
Тілдер Патшалығына барғанда алдымыздан 3 қақпа кездеседі. Әр қақпа ашылу үшін тапсырмалар орындаймыз. 1 - қақпа «Байқау» деп аталады. «Байқау» қақпасының тапсырмаларын орындасақ, қақпа ашылады.
Оқушылар дәптердің оң жағына «Байқау» деп жазып қояды. Барлығы мұғаліммен бірдей 1 шапалақ соғады. Шапалақ бірдей шықпаса, қайта соғылады.
1 - тапсырма беріледі.
ТКШ
Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді.
(Етістікті тауып, астын сыз.)
А К Ш
Жылы сөз жаныңды жадыратады.
(Етістікті тауып, астын сыз. Дара, күрделілігін ажырат.)
Ж К Ш
Жүйелі сөз жүрекке жетеді.
(Етістікті тауып, астын сыз. Дара, күрделілігін ажырат. Етістіктің сөйлемдегі сөздермен байланысын сызбамен көрсет.)
Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір - бірін тексереді. Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.
«Байқау» қақпасының тапсырмаларын орындадық. Біздің алдымыздан тіліміздің өткені туралы мағлұматтар жазылып тұр. Ендеше, оқиық.
Қазақ тілінің тарихы сонау 5 – 6- ғасырлардан басталады. Біздің еліміз ұзақ жылдар бойы ресейлік кеңес империясының боданы болды. Соған сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесінен айырылып, оның орнын барлық жерде орыс тілі басты.
Тілімізге жойылу қаупі төнді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.
2 – түсіндіру. Түсіндіру уақыты тақтаға жазылып қойылады.
Уақыты: 1 - түсіндіру уақытының жартысына тең болуы керек
Мұғалім оқушылардың қате жіберген тұстарына ғана тоқталады.

Келесі қақпа «Бекіту» деп аталады.
«Бекіту» қақпасының тапсырмаларын орындасақ, қақпа ашылады.
Оқушылар дәптердің оң жағына «Бекіту» деп жазады. Екі шапалақ соғылады.«Егер - онда» кестесі арқылы 2 - тапсырма беріледі:
Орындау уақыты: 5 оқушы 30 секунд
Т К Ш
Ана тілімде білім аламын.
(Етістікті тауып, астын сыз.)
А К Ш
Әр адам ана тілін білуі керек.
(Етістікті тауып, астын сыз. Дара, күрделілігін ажырат.)
Ж К Ш
Ана тілімізді құрметтейік!
(Етістікті тауып, астын сыз. Дара, күрделілігін ажырат. Етістіктің сөйлемдегі сөздермен байланысын сызбамен көрсет.)
Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір - бірін тексереді. Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.
«Бекіту» қақпасының тапсырмаларын орындадық. Біздің алдымыздан тіліміздің бүгіні туралы мағлұматтар жазылып тұр. Ендеше, оқиық.
Қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші орында.
Ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл.
3 – түсіндіру. Түсіндіру уақыты тақтаға жазылып қойылады.
Уақыты: 2 - түсіндіру уақытының жартысына тең болуы керек
Мұғалім оқушылардың қате жіберген тұстарына ғана тоқталады.
Келесі қақпа «Есте сақтау» деп аталады. «Есте сақтау» қақпасының тапсырмаларын орындасақ, қақпа ашылады.
Оқушылар дәптердің оң жағына «Есте сақтау» деп жазады. Үш шапалақ соғылады.«Егер - онда» кестесі арқылы 3 - тапсырма беріледі:
Орындау уақыты: 5 оқушы 30 секунд
Т К Ш
Тілдер патшалығына саяхат жасадық.
(Етістікті тауып, астын сыз.)
А К Ш
Тіліміз өркендей берсін!
(Етістікті тауып, астын сыз. Дара, күрделілігін ажырат.)
Ж К Ш
Тіл тарихын білдік.
(Етістікті тауып, астын сыз. Дара, күрделілігін ажырат. Етістіктің сөйлемдегі сөздермен байланысын сызбамен көрсет.)

Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір - бірін тексереді. Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.
«Есте сақтау» қақпасының тапсырмаларын орындадық. Біздің алдымыздан тіліміздің ертеңі туралы мағлұматтар жазылып тұр. Ендеше, оқиық.
- Қазақ тілі әлемге танылады.
- Құрылым - құрылысы кемелденеді. Оның болашағы жарқын.
Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Тіл болашағы да сендердің қолдарыңда.

Бағалау.
9 тапсырма дұрыс - «5»
7, 8 тапсырма дұрыс - «4»
6 тапсырма дұрыс - «3»
3 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Оқушылардың етістік, дара және күрделі етістіктер жайлы алған білімдерін толықтыру. Дара және күрделі етістіктер дұрыс қолдана білуді үйрету.
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Қолайлы қосылғыштарға жіктеу арқылы
Қолайлы қосылғыштарға жіктеу арқылы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурадинова Айнагүл Нурадинқызы
7 санының құрамы
7 санының құрамы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×