Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балықты күту және баптау

06 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі

Ашық сабақ
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналамен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: Балықты күту және баптау.
Сабақтың мақсаты: Аквариумдегі балықтармен, олардың тіршілігімен танысу. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
1 Жұмбақ шешу.
Өткенді еске түсіру, қайталау.
Жыл мүшелерін еске түсіру, атап өту, оларды рет ретімен айтып өту.
Биылғы қай жыл екенін анықтау.

Сергіту жаттығуы:
Топта қоңыз ұшады,
Ж ж ж ж әнге басады,
Оңға қарай ұшады,
Солға қарай ұшады.
Алақанды жаямыз,
Алақанға қоңызды қондырамыз,
У ф ф ф деп қоңызды ұшырамыз.

Ойын «Аққаланың мұрнын тап»
Мақсаты: Сипап сезу қабілетін жетілдіру.
Барысы: Балалар көздері жұмулы күйде, тақтада ілулі тұрған аққаланың пластилиннен жасалған мұрнын қояды.
Жаңа сабақ:
Балық туралы әңгіме өрбіту.
Балық туралы не білесіңдер?
Балық қайда өмір сүреді?
Басқа жануарлардан қандай ерекшеліктері бар?
Өздерің білетін балықтың түрлерін атаңдар.
Тәрбиеші аквариумдағы балықтарды көрсете отырып:
- Ал, енді бүгін біз сіздермен аквариумдағы балықтармен танысамыз, оларды қалай күтіп бағу керектігін білеміз.
- Ең алдымен балықтарды таза суы бар ыдысты аламыз, сосын сүзгімен балықты ұстап таза суға саламыз. Аквари умды жуып, тазалап, балықтарды қайтадан орнына саламызда жем саламыз. Аквариумдағы балықтар ұсақ насекомдардың қалдығымен қоректенеді, міне, біз қазір соларды ұнтатып береміз.
Тәрбиеші ұсақ ұнтақтарды балықтарға себелейді, балалар да себеді.
Балалардан аквариумдегі балықты қалай күтіп, баптау керектігін өз түсінгендері бойынша әңгімелету.
- Балықтың суын қалай алмастырамыз?
- Оған тамақты қалай береміз
- Оның жемі қандай?
- Ол немен қоректенеді?
Ұсынылған парақтардағы балықтардың суретін өз қалаулары бойынша бояу.
Сабақты қорытындылау.
Балаларды мадақтау, боялған балық суреттерінен көрме жасау, ең таңдаулыларын мақтау.
8 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Мақсаты: Табиғат бұрышындағы гүлдермен таныстыру. Гүлдердің аттарын толық айтуға дағдыландыру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрете отырып табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру.
Алтын балық
Алтын балық
Ермексазды есу, шымшып созу және жалпақтау тәсілі арқылы балықты мүсіндеуді үйрету
Ұшады-ұшпайды...
Ұшады-ұшпайды...
Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың атын атай білуге үйрету. Құстардың түрлерімен танысу, үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балабақша тәрбиешісі: Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Алтын балық
Алтын балық
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Куанышбаева Жанар Сайлаубекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×