Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік рәміздер – ұлтымыздың болашағы

07 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер – ұлтымыздың болашағы

Мақсаты: 1. Білім күні, еліміздің рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың құқығымен таныстыру.
2. Оқушылардың ой-өрісін, таным белсенділігін, өз бетімен жұмысын, сөздік қорын дамыту.
3. Өз елінің рәміздерін құрметтеуге, Отанын сүюге, олимпиадада жетістікке жеткен спортшыларымыздың еңбегін бағалай білуге бейімдеу.
Көрнекілігі: Білім күніне байланысты суреттер, рәміздер, Лондон – 2012 жетістікке жеткен спортшыларымыздың суреттері, гүлдер, шарлар.
Типі: Жаңа білім беру.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ – жауап, ой қозғау, көрнекілік, әңгіме.

Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырыппен жұмыс.
а) Кіріспе бөлім.
ә) Негізгі бөлім.
б) Қорытынды бөлім
III. Сабақты бекіту.

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып бөлмесін тәрбие сағатына сай жабдықтау. Оқушыларды түгендеп, тынышталдырып, назарларын сабаққа аударамын.
II. Жаңа тақырыппен жұмыс.
а) Кіріспе бөлім.
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыру. Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс жүргізу. Сұрақ – жауап әдісі арқылы тақырыпқа жалпы шолу жүргізу, ой қозғау.
ә) Негізгі бөлім.
- Балалар, бүгінгі күн несімен ерекшеленеді? (Балалардың пікірін тыңдау)
1 - қыркүйек білім күні. Барлық жерлерде алғашқы қоңырау мерекесі тойлануда.
Қазақ жерінде 130 ұлттың өкілдері мекендейді. Солардың бәрінің ынтымағының ұйытқысы – Ата Заң. Ата Заң - 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Ол - әр адам бұлжытпай орындай тын заңның темірқазығы. Ата Заң – елде және одан тыс жерлерде жүрген азаматтарды қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстанның әрбір азаматы тегін білім алуға, тегін ем қабылдауға міндетті. Заң - бүкіл қауым мойындайтын жалпылама қабылданған ережелер жиынтығы. Сендерде оқушы атанып, мектеп табалдырығын аттадыңдар. Бүгіннен бастап сендер оқушының міндеттерімен, құқықтарымен танысасыңдар. Солардың бірнешеуі:
Оқуға арналған уақытты толық пайдалану, өзінің білім аясын кеңейту ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
Мектеп ғимаратымен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет таныту, мұғалімдер мен ата - аналардың заңды талаптарын орындау.
Осы талаптарды күнделікті орындауға тырысайық.
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Біз қай ұлтпыз?
- Еліміздің басшысы кім?
Мемлекеттік рәміздерді кім атап береді?
Биыл – ҚР Мемлекеттік рәміздері қабылданғанына 20 жыл.

Әнұранды орындату.
1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй - тәй басқан республикамыз - бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз жалауы желбіреді, елдігімізді танытар елтаңбамыз қабылдан - ды.: Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі, ал ою - өрнек қай елдікі екенін аңғартады.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір мата. Күн – шұғыла және қыран бейнесі алтын түсті. Матаның сол жағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан.

Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақтың айналасында күн сәулесінен тарап уықтар орналасқан, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген сөз бар. Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасының реңдік белгісі екі түсті: алтын және көгілдір түсті.
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар – халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»
Н. Назарбаев

Лондон – 2012 ж. жазғы ХХХ олимпиадасындағы спортшыларымыздың жетіс тіктері Қазақстанды күллі әлемге танытты. Александр Винокуровтың - велоспорттан, Зульфия Чиншанлоның - ауыр атлетикадан, Мая Манезаның - ауыр атлетикадан, Светлана Подоведованың - ауыр атлетикадан, Илья Ильиннің - ауыр атлетикадан, Ольга Рыпакованың – жеңіл атлетикадан, Серік Сәпиевтің – бокстан алған алтындары Көк байрағымызды көгімізде желбіретіп, Әнұранымызды бүкіл әлемге тындатты. Күміс жүлдегеріміз Әділбек Ниязымбетовтың(бокс), – Даниял Гаджиев(грек - рим күресі), Марина Вольнова(әйелдер боксі), Гузел Манюрова(Әйелдер күресі), Иван Дычко(бокс), Ақжүрек Таңатаров(еркін күрес) ерен еңбектерінің арқасында мемлекетіміз 85 ел ішінде 12 - орында тұрақтады.

б) Қорытынды бөлім.
Балалар, сендерде бүгінгі сабақтың жеңімпазы болғыларың келсе мына сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Әнұранның авторлары кім?
2. Тудың авторын ата..
3. Елтаңбаның авторын ата.
4. Олимпиада жүлдегерлерін ата.
5. Заң деген не?
III. Қорытынды бөлім.
2 891
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
Мен қазақша сөйлеймін
Мен қазақша сөйлеймін
Өскемен қаласы, "№26 орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Алтын сөз
Алтын сөз
Благодарное орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Хасенова Жазира Қуанышбекқызы
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тіл. Мемлекеттік рәміздер
Тіл. Мемлекеттік рәміздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылы, Күлетов атындағы № 92 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Избастова Алия Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×