Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Қыс" Абай Құнанбаев

13 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіну.
а) автор туралы түсінік, өлеңді түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге үйрету;
ә) ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өз бетімен оқуға машықтану;
б) табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әдемілік пен әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдістері: көрнекілік, сұрақ - жауап, интерактивті оқыту әдісі, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, слайдтар, карточкалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылар: - Бір - бірімізге сәттілік тілеп, қолымызды үш рет шапалақтайық!
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Кіріспе. – Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыстың ерекшеліктерін ата.
- Тағы да жылдың қандай мезгілдерін білеміз?

І слайд (Жыл мезгілдерінің суреттері)
Негізгі бөлім.
Қазақтың ақын - жазушылары жылдың төрт мезгілін өз шығармаларында сипаттаған және осы тақырыпқа тоқтамай кетпеген. Соның бірі – ұлы ақын Абай Құнанбаев. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдерін білмейтін адам кем - де кем. Абай жыл мезгілдерін сипаттай отырып, өз заманындағы халықтың тұрмыс - тіршілігі, тынысы, тұрмысы туралы қоса жырлаған.
Мұғалім Абайдың «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз» өлеңдерін жатқа үзінділерді мәнерлеп оқып береді.

ІІ слайд
Кемел ойдың кемеңгері (Абайдың суреті көрсетіледі).

“ Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, соны да ойла...”
• әлем таныған тұлға
• ақын
• ғұлама ойшыл
• аудармашы
• композитор

«Қыс» өлеңімен таныстыру.
1) Мұғалім өлеңді жатқа оқуы;
2) Сөздік жұмысын жүргізу;
Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп кию;
Шидем – жұқа тоқылған сырт киім;
Ұшпа – жеңіл, жұқа қар;

3) Оқушылардың оқуы;
- Іштей оқуы;
- Тізбектей оқуы.
4) Жаңылтпашты жатқа айту:
Жаңылтпаш
Тайғанақтап,
Қаңғалақтап,
Бұлғалақтап,
Сырғанақ теп.
ІІІ. Бекіту.
ІІІ слайд
1) Берілген суретке қарап, «Қыс қызығы» тақырыбына эссе жазу.
2) Берілген өлең жолдарын пайдаланып, 1, 2, 3,- қатарлар өлеңдерді толықтырып жазады.

...... ақша қар,...... боп қаламыз,... топ бала,
...... тазалар..... барамыз.... аққала.
...... қалың қар,.... аязда,.... бетіміз,
...... шаңғым бар... шанамыз.... шаттана.

IV. Қорытындылау: Бүгінгі сабақтың пирамидасын құру
- Бүгін кімнің шығармасымен таныстық?
- Шығарманың тақырыбы не?
- Не жаттадық?
- Тағы қандай жұмыс жасадық?
- Өлең шығара алдық па?
- Сабағымыздың мақсатына жеттік пе?
Олай болса, мынау бүгінгі сабағымыздың пирамидасы: (пирамида құру).

IV слайд
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге.
(С. Торайғыров)
Абай - әлемдік деңгейдегі ойшылардың қатарындағы ғажайып тұлға
(Н.Ә.Назарбаев)

V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: Абай туралы мәлімет жинау; «Қыс» өлеңін жаттау.
Орнымыздан тұрамыз. Сабақта белсенділік көрсеткеніміз үшін бір - бірімізге үш рет қол шапалақтаймыз!
7 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаев
«Күз» Абай Құнанбаев
Күз өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады. Ақын Абай Құнанбаев жайлы мағұламаттары кеңейеді.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Жаз келер
Жаз келер
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді оқыту арқылы жаз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту, өлеңнің негізгі ойын ашу.
Қыс. Абай Құнанбаев
Қыс. Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Қыс. А. Құнанбаев
Қыс. А. Құнанбаев
Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Күз Абай Құнанбаев
Күз Абай Құнанбаев
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×