Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

14 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. 1-5 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты: сөйлем туралы түсініктерін нығайту
Білімділік: сөйлемнің сөзден құралатыны, тиянақты ойды білдіретіні, сөйлемнің алғашқы сөзінің бас әріппен жазылатыны, сөйлем соңына тыныс белгі қойылатынын меңгерту.
Дамытушылық: сөздік қорларын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын жетілдіру, сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.
Тәрбиелік: әдемі, көркем, сауатты жазуға, өз ана тілін қастерлеуге, өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, мультимедиа, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын!
Күніміздің бәрі,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын!

ІІ. Кіріспе сөз: Қазір қай сабақ, балалар? Қазақ тілі.
Мұғалім: Қазақ тілі қандай тіл?
Балалар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мұғалім: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім!- деп жырлаған ақындар тілі.
Өз ана тіліміздің қадір-қасиетін, Отанымызды сүюге үйрететін сүйікті пәніміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІV. Өткен сабақты қорыту. Семантикалық кесте мәтін мазмұны әңгімелеу сипаттау пайымдау

V. Жаңа сабақ. Балалар, бүгін ерекше сабақ.
Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олардың түстері де бірдей болыпты, тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні дауыл соғып, оларды ұшырып жіберіпті.
а, ә, е, ё, и, о, ө, ү, ұ, ы, і, ғ, ю, я – күнге күйіп қып-қызыл болыпты.
б, в, г, ғ, д, ж, з – ағашқа қонып, ұяң болыпты.
қ, к, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ – ағаш діңіне қонып қатаң
л, м, н, ң, р, й, (у) – бұлтқа қонып үнді болыпты. Олар қайғырыпты. Не істейміз? – деп кеңеседі. Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыс бәрін көріпті, ортақ шешімге келеді.
Бұларды біз біріктірейік! – деп келіседі. Содан кейін
Олар дыбыс, әріптерден
ба, құ, бө, ла, рық, пе.
бала, құрық.
Ал, сөзден кейін не құрайды?
Мен мектепке барамын.
Олай болса, бүгінгі жаңа сабақ тақырыбы «Сөйлем» деп аталады.
а) Күн реті
б) Көркем жазу
в) Сөздік диктант: қобыз, бөрік, домбыра, сандық, торсық.

№ 1 – жаттығу (берілгенін оқыту, үш сөйлемді үш қатарға жаздыру).
№ 2 – жаттығу. (ауызша) Шығармашылық жұмыс, ой қозғау.
Сергіту сәті: (киіз үй құру).
3 – жаттығу. Өлеңді түсініп оқыту, сүйікті пәндері туралы сұрау, сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылғанын сұрау, (нүкте, сұрау, леп белгісі)
Қ. Мырзалиев туралы айту.
4 – жаттығу. Көкек
а) іштей оқыту
б) ой қозғау. Не байқадыңдар?
в) дауыстап оқыту, жігін ажырату.

Сабақты қорыту. Сонымен, балалар, сөйлем дегеніміз не?
аяқталған ойды білдіреді;
сөзден құралады;
сөздер бөлек жазылады;
бірінші сөз бас әріппен жазылады;
соңына тыныс белгі қойылады.
Сызба арқылы сөйлем құрап көрейік.

Үйге тапсырма: 5-жаттығу 94-бет, ереже 93-бет.
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын
Азамат бол, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын – дегендей бүгінгі сабаққа бәріміз жақсы қатыстық. Енді білімдеріңді бағалайын.
3 105
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру. Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлемді табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы ұғымды меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, талдай білуге баулу, жай сөйлемнен құрмалас сөйлемді ажырата білуге үйрету, сөйлем туралы өткенді пысықтау
Сөйлем түрлері
Сөйлем түрлері
Сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×