Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

15 ақпан 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
1. Оқушыларды отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, олимпиада жүлдегерлерін құрмет көрсетіп, мақтаныш етуге тәрбиелеу.
2. Оқушыларға Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана, жалпы рәміздер туралы мағлұматтар беру.
3. Астана қаласы, мемлекеттік рәміздер, олимпиада туралы баяндау арқылы
оқушылардың патриоттық сезімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны, Астана қаласы, ХХХ олимпиада ойындарының жүлдегерлерінің суреттері.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық. (Мұғалімнің құттықтау сөзі)
Құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар! Сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймын. Дендеріріңізге саулық, бастарыңызға байлық, балаларыңыз еліміздің білімді, тәрбиелі азаматы болуға тілектеспін. Ал оқушыларымды жан - жақты дамыған, үлгілі, білімді, ертеңгі болашаққа зор сеніммен қарайтын азамат болуларыңды тілеймін.
- Балалар көздеріңді жұмып бір - бірлеріңе жақсы тілектеріңді айтыңдар.
( оқушылар өз тілектерін айтады)

Мұғалім: 1 - қыркүйек білім күні. Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек. Сонда ғана сенің ол ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің болады.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Асыл ұям – мектебім
- Асыл ұя мектептеріңе қандай сезіммен келдіңдер?
(Сұрақтар қойылып оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтады.)

Мұғалім: Ал қане балалар, Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
Оқушы: Отан - дегеніміз адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
- Ал балалар тәуелсіздігімізді алғаннан бері республикамызда қандай
өзгерістер болып жатыр?
- Қандай мейрамды тойладық?
- Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
(сұрақтарға жауап береді)
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні 1995 жылғы
30 тамызда қабылданды.
- Енді бүгінгі тақырыбымыз «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»
дегенді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын айтады.)
Мұғалім: Егемендігіміздің белгілерінің бірі – мемлекеттік рәміздер. «Қаншама ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке»- деп Төле би бабамыз айтқандай егеменді ел атандық. Міне, енді өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. Халқымыздың еңсесі жоғары.

Оқушылар орындарынан тұрып Әнұранды орындайды.

Республикалық референдумда қабылданған Қ. Р - ның Конституциясы референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күннен бастап бұрынғы күшіне енеді, сол мезгілден бастап бұрынғы Қ. Р. Конституциясының күші жойылады.
Қажет болған жағдайда еліміздің заң шығарушы органы Парламент өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады.
Конституция – еліміздің басты құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз жайлы байыпты да парасатты кітап. Конституцияны мұқият оқып үйренген жөн. Өйткені онда жазылған заң талаптарын өзімізде байқай берместен, күн сайын қолданып отырамыз.

Қалай ойлайсыңдар, Ата Заң не үшін керек? (Өз ойларыңды қағаз бетіне сурет салып көрсете қойыңдар)
Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек:
7 - бап. Қ. Р - ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
9 - бап. Қ. Р - ның нышандары - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.
15 - бап. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
24 - бап. Әркімнің еңбек ету, кәсіп пен қызмет түрін еркін таңдау құқығы бар.
29 - бап. Қ. Р - ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап. Тегін орта білім алуына кепілдік береді. Орта білім алу міндетті.
36 - бап. Қ. Р - ның қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндетті.
Конституция деген сөзден кім көп сөз шығарады?
М: ( он, ту, сия, су, тон, т. с. с)

Мұғалім:
- Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз.
Отан туралы кім көп мақал - мәтелдер біледі? Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.
Отан - елдің анасы
Ел -(ердің анасы)

Туған жердей жер болмас,
(Туған елдей ел болмас).
Отанды сүю -(отбасынан басталады)

Отан оттан да (ыстық)

Пәлен жерде алтын бар
(Өз жеріңдей қайда бар)

Отансыз адам -( ормансыз бұлбұл)

Отан үшін күрес
(Ерге тиген үлес)

Ел іші - (алтын бесік)
Мақал - мәтелді көп айтқан оқушы жеңімпаз атанады.

Мұғалім: Осы жаз сендерге қандай әсер қалдырды?
ХХХ олимпиада ойындары туралы не білесіңдер? Жүлдегерлері кімдер?
( мұғалім өзі толықтырып кетеді)
- Сендерге спорттың қай түрі ұнайды? Неліктен? ( спортпен айналысуды таңғы жаттығудан бастауымыз қажет)

Мұғалім:
- Балалар, мысалы сендерге шет елден қонақтар келді. Сендер сол қонаққа біздің елімізді сурет салу арқылы қалай таныстырар едіңдер?

Оқушылар: өздіктерінен шет елден келген қонаққа қалай таныстыратындарын суретке салады. Бірінші жеке, жұппен, топпен жұмыс жасап, 1 спикер қорғап шығады.

Сонымен қорыта келгенде өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер – азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.

Ата Заң.
Ата заңым, алтын заңым - ардағым,
Аялаған азаматтың арманын
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың - дегендей тәрбие сағатымызды қорытындылайық.
5 385
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
- Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және жас ұрпақ, жасөспірімдер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекелеріңіз құтты болсын!
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным. Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы. Бұрын да ел ішінде танымал болған «Менің Қазақстаным» әні 2006 - жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік әнұран ретінде бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Гульсум Булатовна
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тіл. Мемлекеттік рәміздер
Тіл. Мемлекеттік рәміздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылы, Күлетов атындағы № 92 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Избастова Алия Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×