Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің жекеше, көпше түрі

16 ақпан 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып
Тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Мақсаты: Білімділік: оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету.
Дамытушылық: оқушының тілін, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеу, шығармашылық қабілетін одан әрі дамыту, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушыны адамгершілік қасиеті мол тұлға ретінде қалыптастыру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Интерактивті тақта

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
/тақтада қыстың суреті/
Балалар, Сәлем - сөздің атасы демекші кәне бірінші бәріміз амандасып алайық.
Оқушылар хормен:
Сәлеметсің бе, алтын күн,
Сәлеметсің бе, көк аспан.
Сәлеметсің бе, жер - ана,
Сәлеметсіздер ме, қонақтар,
Сәлеметсің бе сен,
Сәлеметпін мен.
1 - 2 слай Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі. Мақсатымен таныстыру.
Балалар бүгін мектепке келе жатқанда ауа - райы қандай болды? Қазір қандай қыс мезгілі?
3 - слайд Қыс
Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? /қыс/
Қысты күні сендер табиғатқа саяхатқа шығып көрдіңдер ме? Ендеше біз бүгін өз білімімізді тексеру үшін табиғатқа саяхат жасаймыз. Жолда бізге әртүрлі бөгеттер кездеседі. Сондағы тапсырмаларды орындауымыз керек.
4 - слайд
Өзіңді тексер
1. Өзің білетін сөз таптарын ата.
2. Зат есім қандай сөз табы?
3. Жалқы, жалпы зат есім туралы не білесің?
4. Зат есімнің көптік жалғаулары.
5 - слайд
Өте жақсы, енді бәріміз көзімізді жұмып саяхатқа шықтық деп елестетейік. Саяхатымыз қыста болғаннан кейін өзімізбен қандай заттар алғанымыз дұрыс деп ойлайсыңдар? Оны білгілерің келсе, менің жұмбағымды мұқият тыңдаңдар?

6 - слайд шана, шаңғы

1. Зулап түстім төменге,
Шықпас менсіз төбеге.
2. Қос аяққа байладым
Таудан - тауға зырладым.
Жұмбақтың шешуі: шана, шаңғы
а/ Сөздерге сұрақ қою
ә/ Қандай сөз табына жатады?
б/ Көптік жалғауын жалғап айт
в/ Дыбыстық талдау жасау

7 - слайды Өзен
Балалар, бұл ненің суреті. Қысқы өзен. Өзеннен өту үшін келесі тапсырманы орындауымыз керек.
Тақтада ағып жатқан өзеннің суреті.
Сөздерді екі бағанға бөліп жазу./жалқы, жалпы есімдер/
Шелек, гүл, Арман, Болат, кезекші, сауыншы, Есіл, Астана, Екібастұз, дәрігер, Құлагер, Ақтөс, мұғалім, бөлме, құрылысшы
Балалар, мен байқаймын сендер шаршаған сияқтысыңдар, енді кішкене дем алайық.
8 - слайд
Сергіту сәті
Қыста келді қар жауды,
Қар атысып ойнайық.
Боран соғып гуілдеп,
Жан - жақтан кеп үрледі.
Бұл тапсырма да сендерге еш қиындық туғызған жоқ сияқты. Әр қарай саяхатымызды жалғастырайық.

9 - слайды Орманның суреті
Қысқы орманды тамашалағыларың келе ме? Олай болса оның тапсырмасы оқулықтағы 1 - 2 - жаттығулар

10 - слайды
Шанамен сырғанауды кім жақсы көреді. Ол үшін таудың басына шығуымыз керек. Таудың басына шығу қаншалықты қиын екенін білетін сияқтысыңдар. Оның тапсырмасы да оңай емес. Мына берілген суретке қарап әңгіме жазасыңдар. Сол әңгіменің ішіндегі зат есімдерді, жалқы және жалпы есімдерді, зат есімге жалғанатын көптік жалғауларды табуларың керек.
Өте тамаша балалар, саяхаттан үйге оралатын уақыт таяп қалған сияқты. Ол үшін біз бүгін сабақта не үйрендік, нені қорытындыладық соны тағы бір қайталап көрейік.

11 - слайд Венн диаграммасы
Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы оқулықтағы 4 - 5 - жаттығу.
7 350
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Оқушылардың зат есім жөніндегі өткен сабақтардағы алған білімдерін еске түсіру; тиянақтау; зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру. Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан – жақты шығармашылық қабілетін
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Зат есім туралы алған білім, білік, дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бекова Жамила Асанқызы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі Сыдыкова Биба
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×