Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің шақтары туралы түсінік (4 сынып)

17 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырып: Етістіктің шақтары туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
1. Іс - әрекеттің орындалатын, орындалуға тиістілігі, орындалғанына қарай үш шаққа бөлінетіндігін ұғындыру;
2. Шақтық мағына белгілі бір мезгілде дара етістікпен де, күрделі етістікпен де берілетіндігін түсіндіру; бұл арқылы олардың өзіндік белгілерін меңгерту мақсатында дағдыландыру жұмыстарын жүргізу;
3. Сабақ барысында туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Сұрақ – жауап, топ аралық.
Сабақтың көрнекілігі: Тақта, компьютер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Етістіктің шақтарын оқушылардың терең ұғынуы олардың етістікті жақсы білуімен тығыз байланысты. Сол себепті іс - әрекеттің белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болатынын біліп алудың мәні зор. Сондықтан жаңа материалды меңгертуге мынадай дайындық жұмыстарын жүргізген дұрыс.

1. Мен болашақта мұғалім боламын. Тапсырма: Бұл іс - әрекет қай мезгілде болып жатыр? (келер шақ)
2. Ақерке кітап оқып отыр. Тапсырма: Бұл іс - әрекет қай мезгілде болып жатыр? (осы шақ)
3. Астанаға шетелден қонақтар келіпті. Тапсырма: Бұл іс - әрекет қай мезгілде болып жатыр? (өткен шақ)
Сөйлем ішінен етістікті тапқызу.
Іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау. (Бірінші сөйлемде іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ. Болашақта болатыны айтылады. Екінші сөйлемде іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқаны анықталады. Ал үшінші сөйлемде іс - әрекеттің болып кеткендігі айтылып тұр).
Іс - әрекеттердің белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында (белгілі бір мезгілде орындалатын) болатындығы айтылады.

ІІ. Негізгі бөлім.
1) Оқулықтағы 1 - жаттығу жазбаша орындалады. Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдерді бір бөлек, алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек және қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазады.
Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдер:
1. Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік мәртебелі рәміздері 1992 жылы қабылданды. 2. Төле би бала кезінен шешендігімен елге танылды.

Іс - әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдер:
1. Кешке теледидардан ақпарат хабарын тыңдаймын. 2. Біз Астанаға қолөнер бұйымдарының көрмесіне барамыз. 3. Ата - бабалардың өсиеті ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып қалады.

Іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдер:
1. Марат ақын М. Мақатаевтың өлеңдер жинағын оқып отыр. 2. Сахнада «Айгүл» би ансамблі өнер көрсетіп жатыр. 3. Шетелде тұратын қазақтар атамекеніне оралып жатыр.

2) Етістіктерді тауып, астын сызу.
3) Үшке бөліп жазған сөйлемдер оқытылады.
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың (іс - әрекеттің) өту мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталатындығы түсіндіріледі.
Етістіктің үш шағы (осы шақ, өткен шақ, келер шақ) болатыны айтылады.
Етістіктің әр шағына мысал келтіреді.
2 - 3 - 4 жаттығулар орындалады

ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Етістіктің шағы дегеніміз не?
Етістіктің неше шағы бар?
Осы шақ іс - әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады?
21 619
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістіктің шақтары
Етістіктің шақтары
Мақсаты Етістіктің шақтары жайында түсінік беру Міндеттері Етістіктің шақтары жайында білімдерін кеңейту Етістіктің шақтарын ажырата алуда сыни ойлауын дамыту Сөйлем ішінен саналы түрде табуға және пайдалана білуге үйрету.
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай екіге бөлінеді. 1. Нақ осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ Нақ осы шақ қимылдың іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Етістіктің шақтары туралы түсінік Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады. Соған сәйкес етістіктің шақтары да үш түрге бөлінеді.
Осы шақ
Осы шақ
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек аулы, № 31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Ботагоз
Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары
Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №10 Борсеңгір орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мергенова Надира Абуғазизқызы
Етістіктің шақтары
Етістіктің шақтары
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Ақдидар Рашитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×