Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім (2 сынып)

17 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты: 1. Оқушылардың сан есім туралы білімдерін тереңдете отырып,
сөз таптары туралы білімдерін бекіту.
2. Ойлау белседіліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Әдемі, көркем жазуға баули отырып, алғашқы экономикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: слайдтар, жетондар, семантикалық карта
Әдісі: ауызша, жазбаша, сұрақ - жауап
Түрі: аукцион сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Әрбір адам? Туысым, досым, бауырым.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға көп қонақтар келіпті. Қонақтар сендердің білімдеріңді көрмекші. Сабақ бойы нақты, толық жауап бере отырып, таза, әрі әдемі жазуға тырысайық.
- Біз қай ауданның тұрғынымыз?
- Жарма ауданының.
- Биыл ауданымыздың қандай айтулы мерекесі болады?
- 85 жылдығы
- Қандай сабақ түрлерін білесіңдер?
- Саяхат сабақ, ертегі сабақ, жарыс сабақ, концерт сабақ,
- Ендеше, осы мерейтойға байланысты бүгін «Аукцион сабағын» өткіземіз.
Аукцион дегеніміз көпшілікпен жүргізілетін сауда. Яғни, сендер, нарықтық экономиканың алғашқы қадамын жасайсыңдар. Дүкенде сауда жасағанда заттарды ақшаға сатып аласыңдар, ал мен әр дұрыс жауаптарың үшін ақша құны жазылған жетон беремін. Сабақ аяқталғанда әр оқушы жинаған жетоны бойынша ақшасын санайды. Ал бүкіл сынып болып жинаған ақшамызды ауданымыздың мерейлі тойына қосамыз. Ал, іске сәт! Саудамыз сәтті болсын!

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау
*Шығармашылық тапсырма: Сөзжұмбақ шешу (2 слайд)
- Ерекше торкөзде не жазылған?
- Сан есім
- Жақсы, балалар. Дәптерімізді ашып, күнді, айды жазайық.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сәуірдің он үші.
Сынып жұмысы.

Ққ ҚҚ (жеке сөздер, мақал - мәтел жазу)(3 слайд)
414 - жаттығу
Асқар...... он жаста. Ол..... сыныпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады. Үнтаспа...... теңге тұрады. Асқардың ағасы – шопан. Ол...... бәйге алды.
**Шопан, бәйге сөздерінің мағынасын түсіндіру.

* Шығармашылық тапсырма «Жаңа сөз» (4 слайд)
( құраған сөздерін оқып, қай сөз табы екенін айту)
415 - жаттығу (ауызша орындау. Сан есімді табу. Өздері сан есімі бар қандай мақал - мәтел білетінін айту)
416 - жаттығу (өздік жұмыс ретінде орындалады )
1. Қай көшеде тұрасың?
2. Үйіңнің нөмірі неше?
3. Пәтеріңнің нөмірі нешінші?
4. Отбасыңда қанша адам бар?

ІҮ. Қорытындылау, бағалау
Семантикалық карта арқылы бекіту. Берілген суреттерге байланысты толтыру.(қыз, мысық, гүл) (6 слайд)
Жетондары бойынша ақшаларын санап, бағалау.
Үйге тапсырма: 1. 417 - жаттығу 151 бет
2. Сан есімі бар жұмбақтар жазу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 371
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыстардың жазылуы
Дыбыстардың жазылуы
Ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Қарсы мәндес сын есімдер
Қарсы мәндес сын есімдер
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы,№4 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жанесенова Айнур Аманжоловна
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Шығыс септік
Шығыс септік
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзилова Айжан Абилгазиевна
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×