Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақбота аруы

19 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
М Әуезов атындағы орта мектебі
«Ақбота аруы - 2010» бүлдіршіндер байқауы
1 - бастаушы:
Құрметті өнер сүйер қауым! « Ақбота аруы - 2010» бүлдіршіндер байқауына қош келіпсіздер!
2 - бастаушы:
Ақ шашты абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, ұстаздар, оқушылар!
1 - бастаушы:
Сіздерді көгілдір көктем - 8 Наурыз әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
2 - бастаушы: Сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып « Ақбота аруы - 2010» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!
1 - бастаушы:
Жазғытұрым жасырып жердің жүзі,
Жан бітірген сәулелі күннің көзі.
Жан тербетіп, нәр берген ұрпағына,
Ананың ақ сүті мен жылы сөзі.
2 - бастаушы:
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы,
Аналар күнін атау елдің салты.
Көкбайрақ төбемізде тұр желбіреп,
Шарықтап еркіндіктін атқан таңы.
1 - бастаушы:
Өмірдің иесі сен, ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сенде ғана.
2 - бастаушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
1 - бастаушы:
Аналар құтты болсын мерей тойы,
Бір емес, айтпағым көптің ойы.
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда,
Аналардың арта берсін абыройы.
2 - бастушы: Ән: Анашым»
Орындайтын: Доғалбеков Темірлан
Бұл ән сіздерге арналады, асыл аналар! қабыл алыңыздар.
1 - бастаушы:
Әзілдеп жауса ақ жауын,
Астында тұрады балаша.
Балдырған бала жауқазын,
Не деген көркем тамаша!
2 - бастаушы:
Мұнтаздай таза, кіршіксіз,
Балауса, балғын бой қандай!
Мөлдір мүсін, мүлтіксіз,

Өн бойын нұрдан құйғандай!
1 - бастаушы:
Бүлдіршіндердің бұл байқауына сымбатты, ақылы мен парасаты, өнері мен білімі тең келетін, сүйкімді бүлдіршіндеріміз сайысқа түседі.
2 - бастаушы:
Сіздерді байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Сырт пішін сұлулығы. Бүлдіршіндердің өзін таныстыруы.
2. Білім сайысы: екі бөлімнен тұрады:
а. Білгенге маржан.( ата - мұра - алтын қазынан, ырым - тиым сөздерінің мағынасын ашу)
ә. Мақал - сөздің мәйегі.(мақалдың жалғасын табу)
3. Өнерлі бала - сүйкімді (арулар өз өнерлерін көрсетеді.)
4. Сән үлгісін көрсету.
5. Ою ойғанның - ойы ұшқыр. Қолөнер сайысы.
1 - бастаушы: Байқау 5 балдық жүйемен бағаланады.
2 - бастаушы: Аруларымыздың өнерін шарт бойынша бағалайтын әділ - қазылар алқасын сайлаймыз.
1 - бастаушы: Әділ - қазы алқасының төрайымы: оқу - ісінің меңгерушісі:
2 - бастаушы:
Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр, той - думан
Арулар сайысында.
1 - бастаушы:
Көркем өнер - жас бөбек,
Сүйкімді болмас бақпаса.
Тортасын алған балқаймақ,
Бойына сылау жақпаса.
Үлпілдеген балғын шақ,
Басына үкі тақпаса.
2 - бастаушы: Сонымен ару бүлдіршіндерімізді құрметпен шақырамыз.
1 - бастаушы:№1бүлдіршін ару - Смағұлова Талшын

1 - бастаушы: Бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып, ән жолдаймыз.
Ән:
Орындайтын:
2 - бастаушы:
Кезек беріп біріңді бөгеме енді,
Бүлдіршіндер сәлемін береді енді.
Назар сап, тыңдайықшы көрерменім,
Өнерін бойындағы төгеді енді.

1 - бастаушы: Бірінші шарт бойынша бүлдіршіндер өзін - өзі таныстырады.
1 - бастаушы: Бірінші шарт бойынша бүлдіршін аруларымыздың бағасын сұраймыз.

1 - бастаушы:
Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Ән: «Ана - әке»
Орындайтын: 1 - сынып оқушысы Болатғазыев Мұхит.
2 - бастаушы:
Сіздерге артар міндет көп,
Көтер биік, ата - салтын құрметтеп.
Ақтай біл сен - ата - баба үмітін,
Әрбір сөзі, тәлімі мол бір мектеп,- дей келе екінші шарт бойынша бүлдіршін аруларымыздың білімділігі сынға түседі. Бұл шартымыз екі кезеңнен тұрады:(қоржыннан карточка алып, сұрақтарға жауап береді )
Сұрақтар:
1. Қолыңды жуып болған соң сілкіме! Сөзінің мағынасын ашып, түсіндіріп бер.
2. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды, себебі не?
3. Қонаққа ұсынатын нәрсені сол қолмен емес, оң қолмен беру керек, себебі неге?
4. Үлкеннің жолын кеспе, себебі не?
5. Үйге қарай жүгірме, неге?
6. Тамақты жатып ішпе, неге?
7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас қалай аталады? Наурыз көжеге тойып ішу нені білдіреді?
8. Қолыңды қусырма, себебі...
1 - бастаушы:
Алдыменен ана тілін игере біл,
Қастерлі өз тілінді жөн көре біл.
Адам болу жолында бабаларым,
Ата - баба дәстүрлерін меңгере біл,- дей отырып бүлдіршін аруларымыз мақалдың жалғасын табады. Ол үшін тағы да карточка аламыз.

Мақалдар:
1. Ақыл тозбайтын тон,...
2. Өнер - ағып жатқан бұлақ,...
3. Балапан ұяда не көрсе,...
4. Жақсы – ай мен күндей,...
5. Еңбек түбі - береке,...
6. Батыр туса, ел ырысы,...
7. Төртеу түгел болса,...
8. Әдептілік белгісі -...
2 - бастаушы: Бүгін - Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз -
Адамның айтар лебізі.
Би:
Орындайтын: 4а - сынып бишілер тобы.
1 - бастаушы: Әділ қазылар алқасынан бүлдіршін аруларымыздың екінші шарт бойынша бағаларын сұраймыз.

2 - бастаушы:
Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, қанекей, арулар
Босқа қарап тұрмандар,
Бастап сайыс өнерін,
Алға қарай самғаңдар,- дей келе үшінші шарт бойынша бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсетеді.

1 - бастаушы: Есеп - санақ комиссиясынан алдыңғы бірінші, екінші шартымыздың жалпы ұпай санын сұраймыз.
2 - бастаушы:
Аналардың күлкісіндей шуақты,
Көктем келді сылдырлатып бұлақты.
Ал, халайық, құтты болсын мерекең,
Төгіліп күй, көмейден ән - жыр ақты.
Ән: Асыл әжем»
Орындайтын: бірінші сынып оқушысы Спатаев Бекболат. Ән сіздерге арналады ақжаулықты әжелер.

1 - бастаушы: Үшінші шарт бойынша бүлдіршіндеріміздің бағасын сұраймыз.
1 - бастаушы:№1бүлдіршін ару - Смағұлова Талшын

1 - бастаушы:
Жапырағында маржан шық,
Сұлулықты жиғандай.
Ұлылық пен нәзіктік,
Бір бойына сыйғандай. Төртінші шарт бойынша бүлдіршін аруларымыз сән үлгісін көрсету арқылы киім үлгілерін, шаш үлгілерін қорғайды.
1 - бастаушы:№1 бүлдіршін ару - Смағұлова Талшын
2 - бастаушы:№2 бүлдіршін ару - Байбосынова Аида

2 - бастаушы:
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Ән: Аналардың тілегі»
Орындайтын: үшінші сынып оқушысы Доғалбекова Динара

1 - бастаушы: Төртінші шарт бойынша бүлдіршін аруларымыздың бағасын сұраймыз.
1 - бастаушы:№1 бүлдіршін ару - Смағұлова Талшын
2 - бастаушы:№2 бүлдіршін ару - Байбосынова Аида

2 - бастаушы:
Өмірге ана бұлақ, ана - пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
1 - бастаушы:
Үмітіндей көзіме,
Көп қарайсын үңіліп,
Еркелеген сөзіме,
Ертеңіңіз тұр күліп.
2 - бастаушы: Есеп - санақ комиссиясынан бүлдіршін аруларымыздың үшінші, төртінші шартымыздың жалпы ұпай санын сұраймыз.

1 - бастаушы
Шеберлердің тер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан,- дей келе бесінші шарт бойынша бүлдіршін аруларымыз ою түрлерін ойып, құрақ құрайды және ою түрінін атын атына түсінік береді.
2 - бастаушы:
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсындай.
Құлпыра өсіп, дем алам,
Құшағында қысылмай.
Ән:
Орындайтын:
1 - бастаушы:
Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан, қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың кең,
Сен барда менің әрбір күнім өлең.
Ән: Ананың тілі»
Орындайтын: бірінші сынып оқушысы ӘбілқасымоваҰлжан.

2 - бастаушы: Бесінші шарт бойынша бүлдіршін аруларымыздың бағасын сұраймыз.
1 - бастаушы:№1бүлдіршін ару - Смағұлова Талшын

1 - бастаушы:
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Ананың махаббаттың кәусар бұлақ,
Сөйлейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ
2 - бастаушы:
Ана деген - асыл жандар, болаттай,
Ана деген - мөлдір жандар, бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл, Ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
Ән: Анаға сәлем»
Орындайтын: Маратқызы Нұршашқан
1 - бастаушы:
Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
2 - бастаушы:
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Ән:
Орындайтын:
1 - бастаушы:
Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда,
Мейірлене қарайсың.
Би:
Орындайтындар: екінші сынып бишілер тобы.
2 - бастаушы: Құрметті көрермен қауым! Ақбота аруы - 2010»бүлдіршіндер байқауы өз мәресіне жетті. Ендігі сөз кезегін әділ - қазылар алқасының төрайымы: Лаура Мансұрқызына береміз.
1 - бастаушы:
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды жадыратып, күлдіретін.
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
2 - бастаушы:
Құтты болсын ардақты ана,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышты берекең.
1 - бастаушы:
Ән:
Орындайтын:
2 - бастаушы: Сонымен құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер тағы да мерекелеріңіз құтты болсын. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі жүздескенше сау болыңыздар!

Ақыл тозбайтын тон,..
Өнер - ағып жатқан бұлақ,...
Балапан ұяда не көрсе,...
Жақсы – ай мен күндей,...
Еңбек түбі - береке,...
Батыр туса, ел ырысы,...
Төртеу түгел болса,...
Әдептілік белгісі -...
Қолыңды жуып болған соң сілкіме! Сөзінің мағынасын ашып, түсіндіріп бер.
Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды, себебі не?
Қонаққа ұсынатын нәрсені сол қолмен емес, оң қолмен беру керек, себебі неге?
Үлкеннің жолын кеспе, себебі не?
Үйге қарай жүгірме, неге?
Тамақты жатып ішпе, неге?
Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас қалай аталады? Наурыз көжеге тойып ішу нені білдіреді?
Қолыңды қусырма, себебі
4 142
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білімді мыңды жығар химия кеші
Білімді мыңды жығар химия кеші
Химия ғылымының қоғамдағы космосты игеру, атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану, жасанды заттарды синтездеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, жаңа энергия көздерін табу, табиғи шикізат көздерін игеру, тұрмыста, медицинада т. б жерлерде
XXI ғасыр көшбасшысы «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?»
XXI ғасыр көшбасшысы «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?»
Атырау қаласы, Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибраева Жанар Ғилыманқызы
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Табиғатты аялайық
Табиғатты аялайық
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Макенова Анар Қайратқызы
Өмірдегі физика
Өмірдегі физика
Физика - математика мұғалімі Наушек Г.
Күз тартуы
Күз тартуы
Сахнаға бастаушылар әңгімелесіп шығады. 1 – бастаушы: - Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толып, еңбегінің жемісін жеп, адамзаттың да нағыз той тойлар шағы емес пе?!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×