Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ү дыбысы мен әрпі

28 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пән: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету. Оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Мәтінмен жұмыс жасау.
2. Ү дыбысына байланысты жаңа сөздермен танысу арқылы оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту. Мәтінді түсініп оқуы, түсінігін айтып беруі, дүниетанымын кеңейту.
3. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, сауатты, әдемі, көркем жазуға тәрбиелеу. Жазу каллиграфиясына қатаң көңіл бөлу.
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. - Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Сабаққа дайынсыңдар ма?
- Өте жақсы, балалар.
Психологиялық дайындық
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.

Өткенді қайталау
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Ө дыбысы.
- Ө дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс.
- Өзен ——– Ө ——– өрік
- Ө дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Ө дыбысына байланысты сөз құрау.

Жаңа сабақ
- Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ма? Ендеше балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барайық.
- Бауырсақ ертегісін білесіңдер ме?
- Ендеше барлығымызда мұқият тыңдайық. Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп береді, оны суытуға терезенің алдына қояды. Бауырсақ домалап қашып кетеді. домалап келе жатса, жолда мынадай тапсырма берілген екен. Берілген жұмбақты шеш. Балалар жұмбақты шешкенді жақсы көреміз бе?
Үйрек десе бірінші
Бүйрек десе екінші
Бұл қайсы әріп екенін
Біреу айтып берсінші
Кім тапқыр?
- Үйрек, бүйрек деген сөздерде қандай дыбыс естіледі?
- Ү дыбысын хормен айтқызу.
- Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты, жіңішке қысаң, еріндік дыбыс екенін айту.
- Ү дыбысын айтқанда ерік, тіл алға созылады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, иек көтеріледі.
- Ү дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. Мысалы, үйрек, күн
- Ү дыбысы сөздің қай жерлерінде келетініне назар аудару.
- Өте жақсы, балалар!
- Домалап қашып келе жатса алдынан қоян шығады. Қоян бауырсақты жегісі келеді.
- Қане балалар, бауырсақты қояннан құтқарып алайық. Мына тапсырманы орындасақ, қоян бауырсақты жемейді екен.
- Ойлан тап. Қай дыбыстық талдау, қай суретке сәйкес. Соны қарындашпен сәйкестендір.
- Жарайсыңдар, енді бауырсақты қояннан құтқардық оны әрі қарай шығарып салайық.
Сергіту сәті
- Қане балалар кішкене дем алып алайық.
Бауырсақ әрі қарай домалап кетті. Алдынан қасқыр шығады, бауырсақты жегісі келеді.
- Балалар, бауырсақты қасқырға жегіземіз ба?
Ендеше тапсырманы орындайық.
Оқулықпен жұмыс

- Өте жақсы балалар, ал енді алдарыңдағы кеспе әріптеріңді ала қойыңдаршы. Мен сіздерге сөздер айтамын, ал сенде кеспе әріптеріңнен тез, шапшаң сөз құрастырыңдар.
Өте жақсы, балалар бауырсақты қасқырдан құтқарып алдық.
- Бауырсақ орманда әрі қарай домалап келе жатса, алдынан не шығады?
- Аю шығады.
Балалар, аюға бауырсақты жегіземіз бе?
Ендеше аюдың тапсырмасын орындайық.
Дәптермен жұмыс
- Барлығымызда тақтаға назарларымызды аудардық. Ү әрпінің бас және кіші әрпі бар. Бас әрпін біз сөйлемнің басында кездессе және адам аты мен жер - су аттарында кездессе қолданамыз. Бас әрпінің жазылуын үйренейік.
- Ал енді кіші әрпін үйренейік.
- Балалар енді барлығымызда ауада жазып көрейік.
- Ендеше дәптерлеріңді ашып Ү әрпінің бас және кіші әрпін жаза қойыңдар.
- Ал енді ү әрпіне байланысты қандай сөздер білесіңдер? Кім тақтаға шығып сол сөздерді жазып береді.
- Ал енді осыған дыбыстық талдау жасап көрейік.
Сергіту сәті
- Бауырсақты аюдан құтқардық, өзіміз бір демалып алайық.
- Балалар бауырсағымыз әрі қарай домалап, алдынан түлкі шығады.
Түлкі өте қу менде бауырсақты құтқаруға көмектесейін.
Жұмбақ.
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
- Ол не?
- Дұрыс айтасыңдар. Ал енді қарлығаш туралы не білесіңдер? Ол қандай құс?

Сабақты қорытындылау
- Сонымен балалар, бүгін біз сендермен қандай ертегіге саяхатқа бардық?
- Онда біз не істедік?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Сонымен Ү дыбысы қандай дыбыс?
- Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?
- Өте жақсы, балалар! Бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет! Сау болыңыздар.
6 235
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, мәтінді түсініп оқуға үйрету.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
І дыбысы мен әрпі
І дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсатты: Білімділік: І дыбысы мен әрпін таныту; І әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадір-қасиетіңмен, тіл туралы, кітап туралы мақалдармен танысып, түсінік
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Нәубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×