Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, құтты Әліппем!

03 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қош бол, құтты Әліппем!
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, бүлдіршіндер! Бүгінгі балалардың қуанышында шек жоқ. Өйткені, тұңғыш сауатын ашқан барлық ғылымның анасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отыр. Әліппе бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық. Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп, өнерімізді ортаға саламыз.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып, оқитын хәлге жетті,
Құтты болсын, білімі балалардың. – дей отырып, сіздерді «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

1 – бастаушы:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2-бастаушы:
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып
Әліппеменқоштаспақ
Өсті білім, бойымыз
Құтты болсын тойымыз.
Хор: Сәлем саған, мектебім!

Ұлжан: Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым.
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным.

Мүслим: Әліппем, менің әліппем!
«А» деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен.

Айнұр: Осылай алға аттадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.

Қуаныш: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе.

Айкүнім: Әсем ою-өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем!
Сен болмасаң білімге
Бастайтын жолды біліп пе ем.

Нұрдәулет: Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын, сәнімін.
Хор: Елтаңбасы елімнің.

Мұғалім: Балалар, өздерің алғаш қолға ұстаған аяулы Әліппе оқулықтарыңды ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, келіңіз!

Мұғалім: Жақсы достым, келіңіз,
Тамашаны көріңіз.
Төрімізден орын бар
Құтты мейман болыңыз.

Әліппе: Армысыңдар, жас достар,
Армысыңдар ата-аналар, ұстаздар
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден

Бастаушы: Айдана
Алфавиттер шығыңдар,
Орындарыңа тұрыңдар.
Бастайық кәне жарысты,
Жібермейік намысты.
1. А дегенім – ақыл, алғыс, адалдық Нұрдәулет
Аналардан алған ақыл – адамдық

2. Ә дегенім – әдеп, әсем, әділет ГауҺар
Ержеткенде Отаныңа қызмет ет!

3. Б дегенім – бақыт, білім, балалық Мүслим
Болашаққа нық сеніммен қаралық

4. Г дегенім – гауһар, газет, Гүлдәурен, Диана
Гүл-гүл жайнап, өсе бергін балдәурен.

5. Ғ дегенім – ғибрат, ғылым, ғанибет, Нұрмұхаммед
Ата-анаңа қартайғанда қызмет ет!

6. Д дегенім – достық, дарын, даналық, Сабина
Мектеп бізді шығарады дана ғып.

7. Е дегенім – еңбек, есті, ел, ерлік, Сүндет
Ер – азамат болам елім сенерлік.

8. Ж дегенім – жолдас, жігер, жаңалық, Назгүл
Жан анамның жұмсауына жаралық

9. И дегенім – игілік, иба, инабат, Сымбат
Үлкендерге әрқашан да сәлем ет!

10. К дегенім – кітап, кәсіп, компьютер Сабина
Кәмпиттерді төгер бізде кондитер.

11. Қ дегенім – қажыр, қайрат, қолғанат Нұрбек
Қасиеттің қадірлісі – қанағат.

12. Л дегенім – лағыл, лашын, лалагүл Айнұр
Топты жарған лидер бала бола біл.

13. М дегенім – мектеп, мақсат, мархабат Нұрдәулет
Мерейлісі мақтауменен марапат

14. О дегенім – оқу, озат, ой – сана Айкүнім
Отан артық қорға оны ойлана

15. П дегенім – парыз, пікір, парасат Бауыржан
Пайдалы іс жасау бізге жарасат

16. Р дегенім – рақымдылық, разы ет Райымбек
Рухы биік Республикама рахмет!

17. С дегенім – сенім, серік, сырғанақ Сабинұр
Бүгін бізде сондай сәтті салтанат

18. Т дегенім – талант, талап, тілектес Бекарыс
Тәртібіміз – әр кезде де кілең бес!

19. У дегенім – уыс, уық, уызым, Ұлжан
Инабатты бола білгін ұл-қызым.

20. Ұ дегенім-ұлан, ұстаз, ұлағат, Қуаныш
Ата-анаңның ақта үмітін азамат.

21. Х дегенім – халат, хабар, халайық Ұлжан
Үлкендердің тек алғысын алайық.

22. Ш дегенім – шашу, шешім, шарапат, Азамат
5-ке оқу алға қойған біздің мақсат

23. Ы дегенім – ырыс, ықылас, ынтымақ Айдана
Бүгінгі жыр Әліппеге арналмақ.

Бастаушы: Нұрдәулет:
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.

Назгүл: Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе.

Нұрбек: Біз жазамыз ана деп,
Біз жазамыз дана деп.
Біз жазамыз қала деп,
Біз жазамыз дала деп.

Әліппе:
Алғаш рет өзімнен
Білім алды балалар
Оқу сырын сөзімнен
Біліп алды балалар
Өсті білім санасы
Елжірейді жүрегі
Маған адам баласы
Алғыс айтып жүреді.

1 бастаушы: Айдана
Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық

2 бастаушы: Нұрдәулет
Ұқыптылық, әдептілік жайлы не білеміз?

Ұлжан: Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?

Хормен: Әдепті екен бұл дейміз

Сүндет: Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?

Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз

Нұрмұхаммед: Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?

Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз

Сымбат: Бұғынбаса қорғалап
Үлкенге болса қолғанат
Кім дейміз?
Хормен: Еңбексүйгіш бұл дейміз?

Хор: Болайықшы осындай

Әліппе: Рақмет, балалар, көп нәрсе үйренген екенсіңдер.
Енді менен қандай ертегі оқып үйрендіңдер?

Ертегі: «Бауырсақ»
Әліппе: Рақмет балалар, мені жақсы оқып бітірген екенсіңдер.
Енді әрі қарай білім беретін оқулықпен таныстырайын.
Ұстаздар мен балалар
Аталар мен апалар
Танысыңдар досыммен
Достасыңдар осымен
Атттанғанда бүгін мен
Ана тілін таныңдар
Оқып жақсы ана тілін
Ақыл, білім алыңдар!
Хормен: Сәлеметсіз бе, ана тілі!

Ана тілі:
Сөйлетер сөзді шеберлеп
Өзіңнің ана тіліңмін
Байыптап жақсы оқысаң
Негізі менде білімнің.
Балалар мені ынта қойып оқысаңдар көп нәрсені үйренесіңдер.
Хормен: оқимыз, ана тілі оқимыз!

Әліппе:
Ал, балалар, менің сендермен қоштасатын уақытым да болып қалды.

Сабина: Қош бол, құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің

Бекарыс: Білімге жолды бастаған
Әліппе саған мың алғыс
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған мың алғыс

Диана: Қош әліппем биіктеткен асқарға
Қанат берген шарықтауға аспанға
Қоштассақ та ұмытпаймыз өзіңді
Тапсырамыз іні қарындастарға

Сабина: Әліппем, менің әліппем
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Хормен: өзіңе көп, көп рахмет!

Әліппе:
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам
Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам
Аттанатын жолым бар
Оқумен өсіп толыңдар
Аман-есен болыңдар!

Хормен:
Бізге білім салып берген
Хош бол, құтты әліппем!
Хор: Әліппемен қоштасу.

Гауһар: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға ана тілін аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Сабинұр: Шыбықтай едік, алтыдан жаңа асқанда
Бірінші сынып есігін жаңа ашқанда
Ботам деген сөзді ғана білуші ек
Ұстаз деген сөзді әлі біз білмеуші ек

Азамат: Білім бір теңіз, болмайды екен мүлдем шек
Біз сізге қарап үйренсек дедік үйренсек
Өз балаңыздай сізге біз ыстық жақын ек
Ардақты ұстаз, рахмет сізге, рахмет!

Ұлжан: Мұғалім ғазиз мұғалім
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін
Ән: Мұғалім – ол біздің.
Мұғалім: Рахмет балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата – аналарыңның да қосқан үлесі мол. Кәне, бәріміз ата-анамызға алғыс айтайық!

Бауыржан: Адам етіп баптаған
Ардақтап бізді мақтаған
Ата-ана сізге
Хормен: Мың алғыс!

Назгүл: Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Ата-ана сізге
Хормен: Мың алғыс!

Сымбат: Дүниенің жарық көзі анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар көпшілік,
Анамызға арнап бір ән саламыз.
Хор: Ана

Мұғалім:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана
Тойларыңыз құтты болсын бүлдіршін.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.
Концерттік программа:
4 204
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін
Әліппеден алған білімдерің жинақтау, өз өнерлерің ата - анаға көрсету. Сахна көрініс еркін шығуға, өз ойларын еркін айтуға, есте сақтауға дағдыландыру тілін дамыту.
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Барлық білім беташары Әліппені бітірулеріне байланысты оқушылардың өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің оқығандарын, үйренгендерін білгендерін көрсету. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімін тиянақтау. Қандай білім игергенін іс жүзінде
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатының, әліппенің кең дүниеге есік ашатының сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×