Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, құтты Әліппе!

05 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қош бол, құтты Әліппе!
Мақсаты:
1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің бірінші сынып шәкірттерінің «Әліппемен қоштасуға» арналған ертеңгілігіне қош келіпсіздер! Құрметті, ата - аналар, балаларыңыз қолдарына алғаш рет ұстап бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Мерекемізді бастайық.
«Бастау» әуеніне ойнап тұрады.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп
Келе жатыр көшеде,
Қайда әлгі мектеп - деп
Жетпіс келеді сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп.

Ильяс:
Балам, балам жақсы бол,
Міне сенің мектебің
Сабағыңа зейін сал,
Ақылды бол, тентегім.
Диас:
Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Анар: Біз мектепке барамыз,
Кітап, қалам аламыз
Ақ параққа әріппен
Білім жолын саламыз!
(осы кезде барлық оқушы сахнаға шығады)
Ән: «Қошақаным»

Мұғалім: Қымбатты, Диас, Анар, сендер мектепке алғаш келгенде білім ордасында адасып жүргендей едіңдер. Сендерге дыбыс пен әріптен бастап, саралап, нақтылап, білімнің сансыз сырына бастайтын жол керек еді. Сол жолды бізге қай кітап көрсетті?
Балалар: Әліппе, әліппе

Мұғалім: Ендеше, ортаға әліппені шақырайық!
Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғалымның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Диас: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе
Анар: Әліппе – білім анасы
Әліппе – кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
Әліппе: Балалар, сендер әліппеден не үйрендіңдер?
Диас: Алфавитті біліңдер
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде
40 дыбыс, 42 әріп бар.

Анар: Біз әліппеден дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін білдік.
Әліппе: Ал, неге тұрсыңдар? Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтысын бастайық.
Акежан: «Отан» деген асыл сөз адам үшін.
Дыбыстардан дауысты табар күшін.
Елназар: Адам үшін осындай қымбат сөзді
Дауыссыз дыбыс, сен жазармысың?
(«Отан» сөзі жазылады)
Акежан: Жүріңдер, дауысты дыбыстар, кетіп қалайық. Не болар екен?!
Елназар: Енді оқиықшы.
Акежан: «ТН»
Елназар: Міне, жеңді деген осы ғой
Әліппе: Білім сөзін жазып көріңдерші?
Акежан: Жүріңдер, дауыссыз дыбыстар, кетіп қалайық. Не болар екен?!
Елназар: Енді оқиықшы, Диас
Әліппе: Ендеше, балалар алфавиттегі дауысты, дауыссыз әріптердің ешқайсысы артық емес екен. Маған арналған әндеріңді тыңдайық.
Ән: «Әліппе»
Әліппе: Өте жақсы, ендігі сендердің міндеттерің осы білгендеріңді ұмытпау, білім алуды жалғастыру. Сол үшін сендерге мына кітапты сыйламақшымын.
Мұғалім:
Барлық әріп бағалы
Бердік әділ бағаны.
Дыбыссыз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Сондықтан да, балалар,
Еске сақтап қалайық
Ұмытпастай болайық!
Енді әліппені шығарып салайық.
Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл сандықта не бар?
(Балалар шулап, әркім өз пікірлерін ортаға салады)
Оны ашу үшін мен сендерге алдымен жұмбақ жасырамын.
(Сандықтың ішінен ана тілі шығады)

Ана тілі: Дильнара Сәлеметсіздер ме, балалар.
Туған елдің тілімін
Ақылымен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам
Ана тілің – арың бұл
Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте. Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Сендерге ана тілі кітабын бермес бұрын, мен сендердің оқи алатындарыңды тексеруім керек. Дайынсыңдар ма?
(оқушылар оқиды)
Оқу - инемен құдық қазғандай.
Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырығы.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Ана тілі: өте жақсы, балалар. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар.
(Ана тілі кітабын береді).
Мұғалім: Балалар, ендігі кезекті әліппе кітабының досына берейік.
Математика Елназар: Тез ойлан, тез тап деп,
Санды, сызуды үйреткен.
азайт, қос деп,
есептеуді үйреткен математика мен болам. Балалар менің тапсырмаларыма жауап беруге дайынсыңдар ма?
Мына фигуралардың аттарын атаңдар.
Мына сандарды ата. Сан ретімен сана. Кері сана.
Мына есепті шығар. Өте жақсы, балалар.
Ән: «Рахмет саған, әліппе».

Мұғалім:
Таулары бар ең биік
Даласы бар жерұйық
Бұл қай ел?
Қазақстан

Әйнегі - күн, шатыры - аспан,
Кең дала. Төсі толған егін.
Көлдері күміс
Бұл қай ел?
Қазақстан

Гүл гүлденіп жайнаған
Гүлстандар Отаны.
Бірін - бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны
Бұл қай ел?
Қазақстан

Елінің болашағын ойлаған
Бақытты балалары ойнаған
Тәуелсіздігінің 21 жылдығын тойлаған
Бұл қай ел?
Қазақстан
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Еліміз өсті, Абай ауданы түрленді, мектебіміз осындай сәулетті... Сендер бақытты балаларсыңдар! Елімізді көркейтер, саналы, ақылды, ибалы қоғам мүшесі болуларына тілектеспін, Бүлдіршіндер!
Осы біздер қандаймыз?
- Талабы биік таудаймыз
- Мың бұралған бишіміз
- Күмбірлетер күйшіміз
- Біз қызықпыз, қызықпыз,
Сәл еркелеу бұзықпыз
- Біз шеберміз
- Ақылдымыз
- Көп оқимыз
- Үлкенге ізеттіміз
- Кішіге қамқоршымыз
- Қазақстан
- Елтаңбасымен еңселі
- Туымен тұғырлы
- Әнұранымен әйбатты
Біз қазақ елінің болашағымыз!

Мұғалім:
Тәуелсіздік ата - бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам!
Құтты болсын, «Тәуелсіздік», «Әліппемен қоштасу» мейрамдары
Олар әркімге еркін өмір, ақыл, білім сыйлады!
Сонымен біз болашаққа қандай ұранмен барамыз?

Хормен:
«Ер жеткенде ел сенер нағыз адам боламыз!»
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата аналар келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше дейміз.
4 005
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем
Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу
Қош бол, құтты Әліппем
Қош бол, құтты Әліппем
Атырау облысы, Атырау қаласы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Куанова Анар Аманкайыровна
Әліппе, саған мың алғыс
Әліппе, саған мың алғыс
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Раушан Хамидоллақызы
Әліппе саған мың алғыс!
Әліппе саған мың алғыс!
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Капышева Айгүл Қалымбекқызы
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі Бегайдарова Лейле Айдосовна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу 1) Так, так, так Бәрін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×