Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана құшағында Ғабит Мүсірепов

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы:
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға Ғ Мүсіреповтың Қазақ солдаты романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету.
2. Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу барысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
3. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу. Ананы қадірлеуге баулу.

Сабақ түрі: Дамыта оқыту.
Жұмыс түрі: топтық
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, дамыта оқыту технологиясы,
Рөлдік бөлу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үлек әңгімесін оқып, мазмұнын айтып келу.
1.-Үлек дегеніміз не екен қане, үлекке сипаттама беріп көрейік.
- Үлек - жалғыз өркешті, нардың бурасы. Айбатты, батыл, қорқу дегенді білмейді
Еңбегі өте зор, ауыл түйелерін бағады.

2.- Түйе жейтін қандай шөптер айтылған? Тағы да қосуға болама?.
3. Мүлкібай ата портретін кім айтады
Қоржиған, бойы кішкентай, ап - арық. Көңілді, балаларды жақсы көреді.
Себебі ол малға барғанда бүкіл баланы жинап апарады.
Малды да жақсы көреді. Үлектің оны тыңдайтыны кішкентай кезінен жақсы баққан, қараған.
4. мазмұнын 3 - 4 оқушыға жалғастыра айтқызу.
5. Түйе туралы мақал - мәтелдер айту
Жаңа сабақ
Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов 1902 - 1985 — жылдар аралығында өмір сүрді. Оған арнап Алматы қаласында ескерткіш қойған.
«Қазақ солдаты» атты романынан үзінді «Ана құшағында» әңгімесін бізге ұсынып отыр. Бұл әңгімеде Қайырғали Смағұлов деген баланы бәрі Қайрош деп атайды. 10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырып қояды. Оның алдына 87 бас мал салып беріп, егер бір бас малды жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамаймын дейді қара мұртты.
Ойбай, мен қашан оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Ары санаймын 86, бері санайды 86. Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі.
Зытып келем, зытып келем.
Артыма қарай - қарай зытып келем.
Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.
- Балалар үйі кімдерге арналған?
- Панасыз, әке - шешесіз балаларға арналған.

Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің? деп әлсіз дауыс естіледі
Кімнің даусы деп ойлайсыңдар?
Әрине, анасының даусы.
Әңгімені жалғастыра оқыту.
Оқу барысында сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.

Мәтін мазмұнымен жұмыс.
1. Анамен баланың бір - біріне деген сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?
2. Қайрош анасымен неге ауылға кетіп қалмады?
3. Егер мен Қайроштың орнында болсам не істер едім?

Жазба жұмысы. Қайраттың анасына сипаттама берейік.
Қайроштың анасы ауыл анасы. Басында үлкен жаулығы, Көк шұбар кең көйлегі бар. Мейірімді, ақылды.

Топтық жұмыс

1. Қамшы. Домбыра. Ана жаулығы. Монолог.
2. Абай. Аналары. Монолог.
3. Бүгінгі Қайрош пен анасы. Монолог.

Мұғалім: Қайырғазы Смағұлов Ұлы Отан Соғысына қатысып, ерлік көрсетіп, Кеңестер Одағының Батыры атанды.

Топтық жұмыс
1. Менің анамның ішкі дүниесі
2. Менің анамның портреті.
3. Ананың қоғамдағы ролі.
Қорытынды: Топтық жұмыс
Әр топ ана туралы нақыл сөз немесе мақал құрастыр.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Әңгімені оқу, мазмұндау. «Менің анам» әңгіме жаз.
21 292
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қабыш Жәркенов «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?»
Қабыш Жәркенов «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?»
Оқушыны Қабыш Жәркеновтың «Есім сабақ оқуды қалай үйренді?» атты әңгімені түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды.
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік беру. «Ұлпан» повесінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру
Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Қызылорда қаласы, Н. Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күздеубаева Алия Сайфуллақызы
"Үлек" М.Қалдыбеков
"Үлек" М.Қалдыбеков
Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×