Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Өзен» Ыбырай Алтынсарин

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы:« Өзен» (Ыбырай Алтынсарин)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға автор туралы кең түрде түсінік беру. Өлең мазмұнын ашу, негізгі ойын анықтау. Өзендердің тіршілік үшін маңызы жайлы білім беру;
2. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін, ойлауын дамыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын байыту;
3. Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, алғырлыққа, ізгілікке, табиғатты аялауға, оның қамқоршысы бола білуге баулу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, сатылай кешенді талдау, әңгіме
Көрнекілігі: слайдтар, тест, қима қағаздар, Ы. Алтынсарин портреті.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, көркем әдебиет, дене шынықтыру, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. ( СТО технологиясы бойынша)
Психологиялық дайындық.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (2 - слайд)
Қасым Аманжолов «Көктем»
а) Өлеңді мәнерлеп жатқа айтқызу.
ә) Өлең мазмұнын қара сөзбен әңгімелету.
б) Өлең сұрақтарына жауап алу.
в) Тест (Қатар қайталау)(Жауабы слайд арқылы тексеріледі. (2 - 3 - слайд)
(Теориялық білімін дамыту)

Дұрыс па?
1. Өткен бөлім «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» деп аталады.
Иә Жоқ
2. «Жазғытұры» Абайдың өлеңі.
Иә Жоқ
3. Гүл, жасыл желек, хош иіс, еңбек ------ көктем сәні.
Иә Жоқ
4. Дегдіді деген сөздің мағынасы «жауды» дегенді білдіреді.
Иә Жоқ
5. Наурыз орыс халқының ұлттық мерекесі7
Иә Жоқ
6. «Еңбекпен тапқан тиын» қазақ халқының ертегісі.
Иә Жоқ
Жарайсыңдар, балалар! Енді экранда пайда болған суретке назар аударайық. Суретте не көріп тұрғанымызды көркем сөздермен бейнелеп айтайық. (Табиғат, өзен, тау) (Пейзаж ұғымы арқылы бейнелеу өнері сабағымен байланыстыру. (4 - слайд)

ІІІ. Жаңа сабақ (5 - слайд)
Олай болса бүгін біз «Табиғат менің өз үйім» атты жаңа бөлімді бастаймыз.
«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші табиғат пен адам егіз ұғым. Адам өз тіршілігіне қажеттіліктің бәрін табиғаттан алады. Өз кезегінде табиғатқа да көмегін тигізіп отырады. Ағаштар отырғызып, орман тоғайларды табиғи өрттен құтқарып, жан - жануар, құстарға қамқорлық көрсетеді.(Экологиялық тәрбие беру.)
Бүгінгі сабақта Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысатын боламыз.(Тақтаға жазу)
а ) Оқулықпен жұмыс
Суретпен жұмыс.
--- Сурет бойынша не айта аламыз? Суретте не бейнеленген? (Экологиялық тәрбие беру)
(Оқушылардың жауабы)
--- Суретте аспанмен тілдескен биік таулар, ақбас шыңдар, таудан сарқырап ағып жатқан өзен, көк майса, өрлей өскен шыршалар, табиғатқа ерекше көрік сыйлап тұрған әсем гүлдер. өзен жағасында маржан тастар бейнеленген.
--- Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл күй туғызады?
--- Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
б ) Шығармашылық тапсырма (6 - слайд)
«Табиғат және адам» тақырыбында не айта аламыз?
(Ауызша әңгіме құрастыру)
в ) Концепцуальды карта (7 - 8 - слайд)
(Оқушылардың шығармашылық ой - өрісін дамыту)

г) Автор туралы мағлұмат беру. (9 - слайд)
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин

д ) Өлеңді мәнерлеп оқу (Мәнерлеп оқуға үйрету)
- Бұл қандай шығарма?
- Поэзиялық шығарма.
- Шығарманың өзге қандай түрлерін білеміз?
- Проза, драма, роман т. б
е ) Іштей оқу
ж ) Сөздік жұмысы ( Сөздік қорын байыту) (10 - слайд)
Қынарда - жағасында
Жанабында – маңайында
Алуан - алуан – әр түрлі
Сергіту сәті
З ) Өлеңді талдау(Теориялық білімін дамыту)
- Өлеңнің тақырыбы не?
- Өлеңнің негізгі идеясы қандай?
- Өлеңді талдау
( Шумақ, тармақ, бунақ, ұйқасын табу)
- Өлеңде 4 шумақ, 1 - 3 - 4 – шумақтардың әрқайсысында 4 тармақтан бар. Ал екінші шумағы 6 тармақтан құралған.
- Шумақтағы бунақ санын анықтау
и ) Өлең ұйқасын табу. Дәптерге жазу
1 - шумақ 2 - шумақ 3 - шумақ
■ ---------------■ -----------■
■ ---------------■ -----------■
o ---------------o -----------o
■ ---------------■ -----------■
-----------------▲
-----------------■
(Слайд арқылы тексеріледі.) (11 - слайд)
Қара өлең ұйқасын қазіргі ақындардың көпшілігі пайдаланады.
й) Жеке оқушылармен жұмыс
Өлеңнің әрбір шумағын 1 оқушыға оқытып, қара сөзбен әңгімелету.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Өлең сұрақтарына жауап алу. Сұрақтарды әр оқушыға оқытып, жауап алу.
Қазақстанда ірілі - ұсақты 85 мыңнан аса өзен бар. Оның 7 - еуінің ұзындығы 1000 км - ден асады. Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика
жеріндегі ұзындығы – 1700 км болса, жалпы ұзындығы – 4248 км. Жоғары бөлігіндегі ағыны екі ірі су электр станцияларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Қазақстандағы ұзындығы – 1400 км, ал жалпы ұзындығы – 2219 км - ді құрайды. Іленің республика шегіндегі ұзындығы – 815 км. Жайық өзенінің Қазақстандағы ұзындығы – 1082 км, жалпы ұзындығы – 2428 км. Есіл, Тобыл, Шу өзендері де ірі өзендер қатарына жатады. (12 - слайд)
к) Дәптермен жұмыс (Тақтамен жұмыс)
Қазақстандағы өзен аттарын жазу.

Проблемалық сұрақ
Балалар бізге өзеннің қатысы бар ма? Біз қайда тұрамыз?
Жаңаөзен қаласының пайда болу тарихын білеміз бе?(Туған жерді сүюге үйрету.)

Ү. Қорытындылау. Не үйрендім, не білдім? (СТО технологиясы бойынша) (13 - 14 - слайд)
Ыбырайдың біз оқыған шығармалары.

ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді жаттау.
2. Өзеннің суретін салу.
3. Ыбырай туралы тың мәліметтер жинау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 642
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Ы. Алтынсарин «Өзен»
Ы. Алтынсарин «Өзен»
Өзен өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Күнсұлу Ерсайынқызы
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Жалғабаева Жанар "Атамекен орта мектебі мұғалімі
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×