Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліктің лағы

12 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: «Еліктің лағы»
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік мақсаты: Мәтін мазмұнын ашу, негізгі ойда ұғындыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорларын жетілдіру, елестеу, өз ойларын еркін айта білу, қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы, табиғатқа деген көзқарастарын қалыптастыру. Табиғат қамқоршысы болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1) Шығарма талданып негізгі ойды білу керек.
2) дамыта оқыту стратегияларын қолдану арқылы шығарманы зерттеу,
білімдерін кеңейту.
3) топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүние тану, сурет, информатика.
Сабақ көрнекілігі: мәтін бойынша салынған суреттерден буклет, лақтың суреті, бұлбұлмен тоқылдақтың костюмдері, компьютер, кезендік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару. (сын тұрғысынан стратегиясы байланысты тапсырмалар берілді.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалды рөлге бөліп оқу.
1 - топ«Алғырлар»
2 -«Тапқырлар»
3 -«Ойшылдар»

І - кезең: «Ой толғаныс»
Мысалды көрініс ретінде көрсету.
1 - топ Мысалды рөлге бөліп мәнерлеп оқу.
1 - топ Бұлбұл мен Тоқылдаққа мінездеме беріңдер.
Орман құстары
Бұлбұл – әнші, өнерлі
Тоқылдақ – дәрігер, еңбекқор
3 - топ Халқымыз бұлбұлды «әнші құс», тоқылдақты «орман дәрігері» деп неге атайды.
(Бұлбұлдың және Тоқылдақтың салынған суреттерін көрме қылып көрсету.)

ІІІ. Жаңа сабақ
- Орманда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?
- Балалар, мына суретке қарайықшы нені көріп тұрсыңдар?
- Лақ
- Ол ненің лағы?
- Ол еліктің лағы.
- Қайда мекендейді?
- Орманда мекендейді?
- Ендеше балалар бүгінгі сабақта өтетін тақырып: Мамытбек Қалдыбаев жазған «Еліктің лағы»
А) Автордың өмірбаяны.
Қазақтың көрнекті жазушысы. Балаларға көптеген шығармалары бар. Оның ішінде «Үлек», «Уәде», т. б. шығармалар бар.
«Еліктің лағы» мұғалімнің оқуы. (Компьютерге мұғалімнің даусымен жазылған мәтінді оқушылар тыңдай отырып көрініс көреді)
Б) Оқушыларды тізбектей оқыту
В) Сөздік жұмыс
Шоқы - тік, биік төбе
Нысаны - көздеп ататын жер
Қарауыл - күзет
Г) Мәтінге қандай ат қояр едіңдер және неше бөлімге бөлер едіңдер
ІІ - кезең «Ой - шақыру.» /сұрақ - жауап арқылы/
1 - топ. Сол күні ауа райы қандай еді?
(түсінгеніңді айту)
2 - топ. Аңшы неліктен мылтығын қолына алды?
Ол неге ызаланды? /мәтіннің ішінен тауып оқыту/
3 - топ. Түймебай нені көріп қалды? Аңшының елікті атуға неге батылы бармады? /түсінгенін айту/
ІV. Сергіту сәті.
/жұмбақ шешейік, жаңылтпаш айтайық

ІІІ - кезең «Ой қорыту».
1 - топ. Аңшының орнына сендер қайтер едіңдер? (Өз ойыңды білдір)
2 - топ. Аңшының сыртқы бейнесін сипатта.
3 - топ. Аңшыға мінездеме беріңдер.

Аңшы – ержүрек, ұстамды, қайырымды

Қорытынды: жануарларды қорғау, аялау, сүю керек. Өйткені олар біздің кіші достарымыз.
«Мақалдар айту»
«Сиырдың сүті -...........»
«Нар жолында..............»
«............ бота тату»

V. Сабақтың қорытындысы: әр топтың балдарын шығару.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма «Еліктің лағы» мазмұнын айту, аңшының суретін салу.
12 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Әңгімені мәнерлеп оқуға дағдыландыру, оның мазмұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, талдауға үйрету, мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу.
Бұлбұлдың әні
Бұлбұлдың әні
Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы табиғатқа деген көзқарасын қалыптастыру. Табиғат қамқоршысы болуға тәрбиелеу.
Еліктің лағы
Еліктің лағы
Мәтінді шапшаң оқып, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету. Балалардың бойындағы рухани - адамгершілік қасиеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу.
Еліктің лағы М. Қалдыбаев
Еліктің лағы М. Қалдыбаев
Оқушыларға экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Еліктің лағы
Еліктің лағы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы «Алға мектеп - бақшасы» ММ бастауыш сынып мұғалімі Жуманиязова Жулдыз Дуйсенгалиевна
Еліктің лағы
Еліктің лағы
Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып табиғат туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыта отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×