Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


10 санының құрамы

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу,
кезкелген 10 - нан кем санды 10 - ға дейін толықтыру, 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10 - ға тең қосынды, оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру. Саналы түсіну машығын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, зерде үрдістерін, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқу қызметіне, өз оқу әрекетіне саналы көзқарасқа, ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.
Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын дайындау, түгендеу
2. Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де.
Қуанамыз бәріміз,
Жарқырап атқан күнге
Мұғалім: Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім? (Адам). Менің ойымша, сендер де ақылды, күшті, зерексіңдер. Ендеше біз өз білімімізге сеніп, сабағымызды ойынмен бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Бүгін сабағымыз ерекше, өйткені бір мейрамға арналған.
- Биыл бізде қандай жыл? Былтыр естеріңде болса қандай жылды қарсы алдыңдар?
- Қоян жылы
- Дұрыс айтасыңдар биыл қоян жылы екен. Олай болса қоян жылы сендер үшін өте ырысты жыл болды, Білім есігін ашып 1 сыныпқа қабылдандыңдар. Санаулы күннен кейін сауаттарыңды ашқан өз білімімен сусындатқан алтын жол ашып берген Әліппемен қоштасасыңдар.
Енді осы қоян жылы сендердің қаншалықты білімдерің бар екенін тексергісі келіп көптеген тапсырмалар ұсынып отыр? Осын қоянға өзіміздің математикадан алған білімдеріңді көрсеткілерің келеді ме?
- Олай болса біз дайынбыз деп қоянның алғашқы тапсырмасын орындауымыз керек
Осы уақытқа дейін қанша санмен танысып келдік
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 деген сандармен танысып келдік
1. Тапсырма: Сұрақтарға жауар беру
1. Тәуелсіздікке неше жыл? (20жыл)
2Есік қандай геометриялық фигура? (төртбұрыш)
3. Қосудың компоненттерін ата?
4. 5 пен 7 - нің арасында қандай сандар бар? (6)
5. 1 жылда неше ай бар? (12)
6. Заттарды бір - біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
7. Заттарды бөліп алуға қандай амал қолданамыз?
- Қандай сурет шықты? (шырша)
- Ия, балалар шыршасыз жаңа жыл болмайды.
- Біздің сабағымыз жаңа жылға арналады?
- Ал шырша ойыншықсыз болмайды
- Енді осы шыршаны ойыншықпен безендіру мына сендердің қолдарыңда
Қоянның 1 тапсырмасын орындап едік бізге шырша беріп жіберіпті.
- Тақтадан не көріп тұрмыз?
- Ойыншықтар
- Осы ойыншықтарды қоян алып келіп тұр.
Ол ойыншықтарда Жасырынған сандарды табуымыз керек сонда сандар құрамы шығады екен.

2тапсырма
- Ендеше сабағымыздың мақсаты 10 санының құрамын білу.
Қоянның берген ойыншықтары неше қатар екен.
Осы қатардың айырмашылығы бар ма?
/Слайд арқылы тапсырмалар беріледі/
Ендеше бірінші қатарға тоқталайық.
1 - ші қатардағы ойыншықтардың, айырмашылығы бар ма? (бар) – қандай
10 дегеніміз 8 және 2 немесе 6 және 4; 7және3; 5және 5
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейді?
Қосуды немен алмастыруға болады?
V. Оқулықпен жұмыс.
3. тапсырма балаларға беріледі. Қоянның берген балаларға тапсырмасы. Сандар мен ұзындықты салыстыру.

VІ. Дәптермен жұмыс.
Қолға қалам алайық.
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық.
Әдемі етіп жазайық.

Сергіту сәті
1. Алшаға кеп күнара
Қонушы еді бір ара.
Бүгін тоғыз туысын
Ертіп келді бұл ара,
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды қанша ара?

2. Төртбұрыштарды тап
Түрлі фигуралардың суреті (үшбұрыш, төртбұрыш, т. б.)
1. Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек,
1 - еуі тығылды, 1 - еуі жығылды
Қалғаны неше үйрек? (6)
2. 10 асықтың 3 - н
Досың сұрап алады,
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолында қалады? (7)
3. Екі ешкінің мүйізі нешеу? (4)
Балалар біз шыршаны безендірдік енді шырша несімен көрікті біз кімдерді күтеміз?
Аяз атамен, Ақшақар
Дұрыс айтасыңдар.
Аяз атамен, Ақшақар біздерге не алып келеді?
Сыйлықтар алып келеді Олай болса біз қоянның тапсырмасын дұрыс орындадық Енді Қоянның қандай тапсырма беретінін экранға қарап көрейік.
Балалар сендер менің берген тапсырмамды жақсы орындадыңдар Шыршаларыңды ойыншықпен әдеміледіңдер Енді ойлаңдаршы шыршаның несі жоқ?
Жарқырап тұратын жұлдызы жоқ
- Дұрыс айтасыңдар
Осы бес жұлдыздың әр бұрышында тапсырмалар бар, сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар сендердің шыршаларың одан әрі әдеміленіп жанып – сөніп тұрады. Сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар Аяз ата мен Ақша қар сендерге тапсырма алып келеді және дорба толы сыйлығы бар. Сол сыйлыққа ие боламыз.
Жұлдыздың тапсырмасы
№ 6есеп
3 + 2 ------- 8+2-------- 7 - 3
6 - 2 ------- 9 - 1 ------ 5+4
10 - 1 ----- 7+3 ------- 10 - 4
9 + 1 ------- 6+4 ------- 9 - 2

Аяз атаның неше сыйлығы бар? 10
Ақшақардың ше? 8
Қайсысының сыйлығы артық?
Нешеуі артық?
Бекіту
Бекіту мақсатында оқушылардан тест алынады
Қосылғыш 5 6 9 7 8
Қосылғыш 5 4 1 3 2
Қосындының мәні
10 дегенім - Отан
Қорға соны ботам!
Біз нені қорғаймыз?
- Отанымызды
- Дұрыс айтасыңдар
- Биыл тәуелсіздікке неше жылдық мерей тойды қарсы аламыз? Қазақстан Республикасының Рәміздеріне нелер жатады?
(Әнұран, Елтаңба, Мемлекеттік Ту)
Қорыту
Тәуелсіз – Қазақстаным
Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным
Үйге тапсырма
№6 есеп (4 баған)
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 068
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Оқушыларға 9 саны мен құрамы туралы түсінік беру, 9 санын жазуға басқа сандармен салыстыруға, құрамындағы сандарды білуге үйрету.
3 санының құрамы. 4 санының құрамы
3 санының құрамы. 4 санының құрамы
Салыстыру арқылы сандардың тең емес екендігін талдай алу
7 санының құрамын меңгерту
7 санының құрамын меңгерту
Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғаімімі Базабаева Мөлдір
Өткенді пысықтау. Есептің жанама түрі
Өткенді пысықтау. Есептің жанама түрі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Гайбуллаева Фарида Сейдуллаевна
7 санының құрамы
7 санының құрамы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы. Сабақтың мақсаты: 1. 9 санының құрамын білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×