Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кішкентай Әлкей

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кішкентай Әлкей
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның өмірімен, балалық кезіндегі естелік оқиғаларымен таныстыру.
Айналысқан ғылыми жұмыстары, ғылым салалары жайлы түсінік беру.
Дамытушылығы: Мәтінді мәнерлеп оқи білу, өз ойын еркін айта білу дағдыларын шығармашылық қабілеттерін дамыта
түсу. Белгілі бір ғылым саласымен айналысам деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі: Әлкей Марғұлан өмірі үлгісінде кітапты бала Әлкей сияқты сүйіп оқи білуге тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, СТО стратегиялары.
Түрі: ғылыми сабақ.
Типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Көрнекілігі: Әлкей Марғұлан суреті, топтық тапсырмалар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II Психологиялық дайындық.
Балалар – гүлім менің,
Балалар - күйім менің.
Балалар нұр сыйлайтын
Бүгінгі күнім менің - дей отырып балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңемекпін! Мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын.
Оқушылар: Кеудемдегі күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын!
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңіліміз жайнап құлпырсын!
Олай болса, осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.

ІІI. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тапсырма «Өз үйім - өлең төсегім» атты мәтінін мәнерлеп оқып, сахналық көрініс әзірлеу (сахналық көрініс алдыңғы сабақта дайындық жұмыстары жүргізілген). Сонымен қатар, өз үйінің суретін салып келу тапсырылған. Үй тапсырмасы қорытындыланады.

ІV. Жаңа сабақ
Сабақ бойынша түсінік беру.
1. Қызығушылығын ояту
Ғалым, ғылым деген сөздері қалай түсінесіңдер?
Қандай адамдар ғалым болады деп ойлайсыңдар?
Олар кішкентай кезінде қалай оқыды деп ойлайсыңдар?
Сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу. Ғалым, ғылым сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру.
Ғалым - Жаңалық ашатын адам.
Ғылым - Зерттелетін жаңалықтар

ІІ. Мағынаны тану.
1. Оқулық бетіндегі суретке қарап, бұл кісінің мамандығын
анықтау тапсырылады.
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Ескі құмыраны ұстап тұр, үстел үстінде үлкейткіш лупа жатыр, яғни бұл кісі көне дүниелерді зерттейтін ғалым.
2. Әлкей Марғұланның суретін көрсете отырып, өмірбаянынан деректер айту. 1904 жылы мамырдың он бірінде Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Әлкей Марғұлан

Археолог
Ғалым
Шығыстанушы
Әдебиеттанушы

Әңгіменің авторы: Асхат Жақсыбаев
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. 2007 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Мәтінді мұғалім баяндап түсіндіреді.
Бұл әңгіме автордың өзі баяндап отыр бала кезінде Әлкей Марғұланның өз аузынан естіген бір естелік әңгімесін бізге ұсынып отыр.

Жаңа сабақты түсіндіру.
Сурет бойынша мұғалім баяндап береді.

3. Оқушыларға мәтінді іштей оқыту. Мәтін кезектеп мәнерлеп оқылады.
4. Сөздік жұмыс
Дастан - ұзақ оқиғалы жыр (мағынасы түсіндіріледі)
5. Топтық жұмыстар
І топ. Мәтінге жоспар құру
Жоспар мына үлгіде болуы мүмкін.
1. Әңгіме авторының Әлкей атаймен кездесуі
2. Әлкей атайдың әңгімесі.
ІІ топ. Әңгімеге басқа ат қою.
Мысалы: Білімге құштарлық
Білімді Әлкей
ІІІ топ. Әлкейге мінездеме беру
Әлкей

Көп оқиды
Әңгімешіл
Білімді
Қамқоршы

ІІІ. Ой - толғаныс.
Венн диаграммасы арқылы ауыл балалары мен Әлкейді салыстыру.
Балалар: Оқуға, білімге құмар, кішіге қамқор көп ойнамайды
суға шомылады, жидек тереді, ойнайды

Дәптермен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар әрқайсысы өз бетінше бала Әлкейге мінездеме береді.
IV. Тест
Жауап алу
1. Әңгіме кім туралы?
- Әлкей
2. Әлкей атай бала кезінен қандай болған?
- оқымысты
3. Оқуды неше жасыннан үйренді?
-5жасынан
4. Дастанды қалай жаттады?
- түгел жаттады
5. Үйінде неше кітабы болды?
-5 - 6 кітабы болды

Сабақты қорытындылау
Әңгіменің аты: Кішкентай Әлкей
Авторы: Асхат Жақсыбаев
Кейіпкерлері: Автор, балалар, Әлкей
Негізгі ой: Кішкентай Әлкейдің білімге, ғылымға құштарлығы
Түйін: Әлкей ұлы ғалым. Археолог
Бағалау
Үйге тапсырма беру. 1. Мәтінді оқып мазмұндап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 017
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау. Бағалау критерийлері
Сегіз сері (күнделікті сабақ жоспарлар)
Сегіз сері (күнделікті сабақ жоспарлар)
Өз кезінде ерекше мұрасымен қалған, қазақ әдебиетіне ақындығымен, айтыскерлігімен, жыршылығымен, білімділігімен атағы жеткен әйгілі Сегіз (шын аты Мұхамет - Қанапия Баһрамұлы Шақшақов) сері екендігі белгілі
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
Техника ғылымының саласындағы белгілі тұлғалар
Техника ғылымының саласындағы белгілі тұлғалар
Жалпы мақсаттар: сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, өз бетінше тіл үйренуге, білім алуға қабілетін баулу, жағдаятты шешу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру;
Дәулет Қасенов «Адалдық»
Дәулет Қасенов «Адалдық»
Ақтөбе қаласындағы № 51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі Бердеева Айнагуль
Иса Байзақов «Алтай»
Иса Байзақов «Алтай»
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×