Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандарды жазбаша қосу және азайту

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Сандарды жазбаша қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Қосу мен азайту амалдарын баған түрінде орындалуын
қайталау;
Бір және екі амалмен шығарылатын есептерді талдау,
теңдеу шығару.

Оқушылардың математикалық теңізге саяхат жасау арқылы ақыл-ой, ой-өрісін, шығармашылық
қабілеттерін, дүниетанымын кеңейту, математикалық тілін және сөз қорын дамыту.
Оқушыларды өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабаққа керек көрнекілік: теңіз, кеме, әр түрлі теңіз мекендеушілері, слайдтар, үлестірмелі материал.
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақ әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақ барысы
Психологиялық ахуал
Білімнің тұңғиығын бойлайтүғын
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын
« Ғылымдар патшасы» боп дараланып
Математика қызығына тоймайтұғын,-деп математика сабағын бастайық!

Теңіз
- Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда « Білім теңізінде» жүзе отырып, математика еліне саяхат жасаймыз. Математика деген ғажайып елді аралау үшін білімімізді ортаға салайық. Ол елдегі олжаға жету үшін жолдағы кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек.

Кеме
- Бізге теңізде жүзу үшін не қажет?
- Кеме.
- Үй тапсырмасын дұрыс оқысаңдар кеме дайын болады.

Теңіз түйіншегі – Сабақ тақырыбы, мақсаты
Саяхат уақытында біз алған білімімізді қайталаймыз, осының бәрін теңіз түйіншегіне мықтап байлаймыз, теңіз мекендеушілерімен танысып, қызықты мағлұмат аламыз. Бәріміз жайғастық.
Ал, балалар, балалар,
Саяхатқа шығайық
Талай жерді көрейік
Асулардан асайық
Түзу жолды жасайық
Білімге біз енейік
Кедергіні жеңейік,- деп штурвалды қолға алайық.

Штурвал
Бәріміз жақсы жайғастық, ал штурвалға тұрайық.
Сендердің дәптерлерің саяхат бойы борт-журналына айналады.
Жазуларың анық, таза жазылуы керек.

Бірінші жазуымыз бүгінгі күн, класс жұмысы.

Зәкір
Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.
1 дм = * см
1 жыл = * ай
1 сағ = * мин
1 тәул = * сағ

Дәптермен жұмыс.
Зәкірді көтердік, біздің кеме ашық теңізде. Мұнда бізде әр түрлі кедергілер күтіп тұр. 0 шығатындай бірдей сандарды азайт.
15 – 5 – 5-5 = 0
16 – 8 – 8 = 0
18-*-* = 0
16-*-*-*-* = 0

Алдымызда айсберг – мұзтау
Мұзтау деген не? Қалқып жүретін мұзтау. Үлкен мұзтаудың сынығы судың бетінде 70 м дейін жетеді.
Біз айсбергке соғылмас үшін мына тапсырманы орындайық.
1. Қабырғасының ұзындығы 4 см шаршының периметрін табу.
2. Қабырғалары 5 см және 3 см тіктөртбұрыштың периметрін тап.
3. Қабырғалары 4 см, 5 см, 6 см болатын үшбұрыштың периметрін тап.

Мұзтауға соғылмай өттік.
Алай – дүлей жел соғып
Түк көрінбек мазаны алды
Жел бірде тына қалып
Су толқыны бізге жұмбақ әкелді.

«2» ИТ /кит/
Көк кит ең ірі сүтқоректі жануар. Ұзындығы 33 м-ге дейін. Тілінің өзі 3 тонна. Киттің төлі пілден үлкен. Баласын сүтімен асырайды. Киттің сүті сиыр сүтінен 10 есе қою.

Есеп шығару № 4 182 б.
Қатысты 60 өнерпаз
Әнші – 20
Биші – 6
Домбырашы -?
60 – (20+6) = 34 (д) Жауабы: 34 домбырашы.

Өте жақсы. Кит сендерге риза.
Күн ашылды. Кемеміз теңізде адаспайды. – Алдымызда «сандар аралы».
Мумкін осы аралда Робинзон Крузо тұрған шығар, бізге маймылдар тапсырма дайындапты. Шығара алмасақ ұят болар.
34 + 19 = 53
53 – 18 = 35
5 + 9 – 6 = 8
72 – 18 = 54
50 – 17 = 33
17 – (12-5) = 10
46 + 25 = 71
71 – 24 = 47
90 – (13-6) = 83

Біздің теңіз саяхатымыз жалғасуда, ал бізді кездесу күтіп тұр.
Сауыттан мықты шапаны
Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа)

- Сендер білесіңдер ме, тасбақа 2 түрлі болады: теңіз тасбақасы, құрғақта жүретін тасбақа.
Теңіз жасыл тасбақаның жүзу қанатшасы бар, жарғақ аяқ деп айтады. Судан шыққан соң, олар артқы аяқтарымен құмға шұңқыр қазып, жұмыртқаларын сақтайды. Бірақ, өкінішке орай, бірнешеуі қалып, қалғандары құстар мен жыртқыштарға жем болады.

Тасбақа өзінің тапсырмасын беріп тұр:
27 + х = 90
90 – х = 63
х – 27 = 63
Тасбақа сендерге риза болып, су асты әлеміне саяхатқа шақырады.
Су астына түсеміз, теңіз мекендеушілерін қолға ілінгендерін ұстап аламыз.
Сегізаяқ, жұлдызша, медуза, теңіз аты – денесі іркілдеген мөлдір түсті теңіз жәндігі. Бұлармен достасу үшін мына тапсырманы орындау керек.

Көк (23 + 64 ) – 45 = 42
(72 + 28 ) – 46 = 54
Қызыл 3 + 3 + 3 + 3 = 12
15 – 5 – 5 – 5 =0
Сары 100 – 77 = 23
65 + 35 = 100

Кемеміз әрі қарай жүзіп келеді, борт сыртында аққу хат әкеліп тұр.
Неше теңіз бар?
Тынық – 13т
Солт. м. – 10т 37т
Атлант – 9т
Үнді -?

13 + 10 + 9 = 32т
37 – 32 =5т Жауабы: Үнді мұхитта 5 теңіз.

Саяхатымыз аяқталды, кеш батты.
Мектеп – кеме,
Білім – теңіз дегендей, теңіз мекендеушілері сендерге СӘТТІЛІК тілейді!!!
Саяхатымыз қызықты болды ма?
Қиыншылықты жеңе алды па?
Не білдік?
Сендерге БЕЛСЕНДІЛІК, КҮШ, ШЫДАМДЫЛЫҚ тілеймін!!!

Үйге 182 бет, № 4 (2) 6 тапсырма
Сабақ қорыту, бағалау.
6 933
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі амалмен шығарылатын есептер
Екі амалмен шығарылатын есептер
Екі амалмен шығарылатын есеппен және оны шығарудың жолымен алғаш таныстыру, осындай есептің мәнді белгісін тағайындау. 2 - ні қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Математика 5 сынып Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акоразова Бактыгул
Қосу және азайту амалдарын тиянақтау
Қосу және азайту амалдарын тиянақтау
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар станциясы, Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×