Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Осы шақ

14 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру. Осы шақтағы етістіктер іс – әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру. Сұрақтары мен жалғауларын таныстыру
2. Дамытушылық: Тілдерін, ой – өрістерін есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөйлеу дағдысын жетілдіру. Шығармашылыққа баулу.
3. Тәрбиелік: Әсемдікке, ұйымшылдыққа, тазалыққа, жақсылыққа қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, сурет, слайд.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
24 - жаттығу. Етістіктің шақтарының ережесін жаттау.
1) Біз бейбітшілікті сүйеміз» әңгімені оқыту.
2). Ереже сұрау.
3). Ережені пысықтау.
3. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы шақ етістіктерімен танысу, сөйлем, әңгіме құрау, суретпен жұмыс жасау, әдемі сауатты жазу.

РЕБУС ШЕШУ.
Шешуі: Осы шақ.

Түсіндіру.
Осы шақ етістіктері іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді.
Көріп отыр, өсіп тұр.
Осы шақ етістіктер не істеп отырмын? (жатырмын, тұрмын, жүрмін)
Не істеп отырсың? ( жатырсың, тұрсың, жүрсің)
Не істеп отыр? (жатыр, тұр, жүр) деген сұрақтарға жауап береді.
Ережені бір оқушыға оқыту.

Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күннің жадын тақырыпты жазамыз.
Көркем жазу
Оқулықпен жұмыс.
25 - жаттығу.
Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу.
Қайрат қайрақ қайрап отыр.
Қайрақпен балта қайрап отыр.
Етістіктердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Етістікті үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеу. Бұлар қашан болған істі білдіріп тұрғанын айту.
26 - жаттығу.
Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап оқы. Етістіктерді тап, оларға сұрақ қой.
Мен ойлап жүрмін
Сен ойлап жүрсің
Сіз ойлап жүрсіз
Ол ойлап жүр

27 - жаттығу.
Берілген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып жазу.
29 - жаттығу.
Жұмбақты оқып шешуін табу.
Етістіктердің қай шақта, қай жақта тұрғанын айту.
Жұмбақтың шешуіндегі сөз туралы не білесің?
Глобус – жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі.
Глобус - латынша « шар» деген сөз.
Глобуста жер шары ондаған млн. Кішірейтіліп алынады.
30 - жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрату.
«Топтық жұмыс»
«Адасқан сөздер»
Тұр, жел, соғып, қатты
Жауды, қар, қалың
Жүр, ойнап, қармен, балалар

«Ұйқасын тап» Мақал - мәтел.
1. Алып анадан туады,
Ат биеден --------------
2. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа -----------
3. Көп жасаған білмейді,
Көп көрген ----------------
4. Ойлаумен ой толады,
Ойнаумен бой --------------
4. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не оқыдық?
Осы шақ дегеніміз не?
Осы шақтың сұрақтары.
Мысал келтіру

5. Үйге тапсырма: 28 - жаттығу.
Ереже жаттау.
6. Бағалау.
14 174
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Осы шақ
Осы шақ
Етістіктің шақтарын ажырата білуге үйрете отырып, сабақ мазмұны арқылы патриоттыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Келер шақ
Келер шақ
Оқушыларға келер шақ туралы түсінік беру, келер шақ етістіктері іс әрекеттің алдағы уақытта болатынын ұғындыру, сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту, қосымша, шығармашылық тапсырмаларды орындай алуын қалыптастыру.
Осы шақ
Осы шақ
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек аулы, № 31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Ботагоз
Етістіктің шақтары
Етістіктің шақтары
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Ақдидар Рашитқызы
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Етістіктің шақтары туралы түсінік (4 сынып)
Етістіктің шақтары туралы түсінік (4 сынып)
Л. Қылышев атындағы Шилі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×