Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ас қорыту мүшелері және олардың қасиеттері

17 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Дүниетану;
Мектебі, класы: 3 класс;

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері және олардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
1. Астың адам өміріндегі маңызы, адам ағзасындағы асты қорытып, сіңіруге қатысатын мүшелер, олардың үйлесімді қызметі туралы түсінік - ұғым беру. Тамақтану ережесі, оны ұстанудың адам денсаулығын сақтаудағы маңызы туралы біліктерін қалыптастыру;
2. Тазалықты сақтауға, ұғымталдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа баулу;
3. Дүниетанымдарын кеңейту, таным белсенділіктерін арттыру, ой - өрісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, оқулық, қима қағаздар;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме?!
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтарға қарағанда ерекше. Оны ойдағыдай етіп өткізіп, өз білімдерімізді қонақтарға көрсете білейік. Ол үшін өзімізді дайындап алайық!
Психологиялық дайындық.
Мен күштімін!
Мен мықтымын!
Мен әдемімін!
Сабағымды мен «5 - ке» оқимын!
(2 рет қайталау)
- Олай болса, сабағымызды бастайық!
- Мен өзіме сәттілік тілеймін, сіздерге де соны тілеймін!
II. Үй тапсырмасын тексеру;
- Үйге қандай тапсырма берілді?
(Ауызша тексеріледі)
- «Тыныс алу мүшелері»
Тыныс алу мүшелерінің қызметі Тыныс алу гигиенасы Тұмау, туберкулез ауруларының алдын - алу. Шылым шегудің зияны.

Бекіту.
(«Иә» немесе «жоқ» деп жауап беру.)
1. Ауа жолы өкпеге кіретін ауаны жылытады, ылғалдайды, зиянды заттардан тазартады. (Иә)
2. Өкпеден қайтадан сыртқа шыққан ауада оттегі көп болады. (Жоқ)
3. Шылым шегуден тыныс алу мүшелері жиі ауруға шалдығады. (Иә)
4. Өкпе кеуденің сол бөлігінде орналасқан. (Жоқ)
5. Тыныс шығарғанда өкпе сығылып, кішірейеді. (Иә)

III. Жаңа сабақ.
a) Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау;
- Балалар, біздер ары қарай адам ағзасы туралы білімімізді толықтырамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Ас қорыту мүшелері және олардың қызметі деп аталады. (Тақырыпты тақтаға жазу)
- Алдыңғы сабағымызда қан қоректік заттарды тағамнан алатынын білдік. Енді қан оларды қандай күйде, қалай алатынын талдайық. (сұрақ - жауап, ой қозғау)
- Ас қорыту жолы қандай мүшелерден басталады?
- Ас ауыз қуысында қандай өзгеріске ұшырайды?
-...
Сурет бойынша түсіндіру.
- Ас қорыту мүшелері: ауыз, өңеш, жұтқыншақ, асқазан, ішек, бауыр, ұйқы безінен бөлінетін сөл арқылы қорытылып, сұйық, ерімтал күйде ащы ішек қабырғаларынан қанға өтеді. Ол қан тамырларымен дененің барлық мүшелерін қоректендіреді.
Қорытылмаған ас тік ішек арқылы сыртқа шығарылады.

b) Ой қозғау.
- Тісі түскен адамдардың асты қорытуы нашарлайды. Оның себебі неде?
- Тістің ауруға шалдығып, ерте түсуі неден басталады?
c) Оқулықпен жұмыс.
- «Тамақтану гигиенасын» оқу;
- (3 - 4 оқушы дауыстап оқиды)

d) Сергіту минуты.
Шынықтырып денесін,
Тісін жуып, тазалап,
Мектебіне барады
Міне, нағыз Азамат!
Орамалы қалтада
Үсті - басы тап - таза,
Отырады партада
Міне, нағыз Азамат!
Тапсырмалар.

1. Ас қорыту мүшелері. Ауыз қуысы. Қызметі
Тамақ қорытылып, ыдырауға түседі.
Бауыр
Қорытылып еріген тағамның қоректік заты қанға араласады.
Тік ішек

2. Рөл – асқазан.
А – аудитория.
Ф – арыз, шағым, тілек.
Тақырып – «Ас – адамның арқауы»
3. Тамақтану гигиенасы туралы әңгімеле.

IV. Бекіту.
Тамақтану – ағзаның өсіп - дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай.
V. Бағалау.
Өзін - өзі бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру.
20 - 21 бет. Тамақтану ережесі, ішек - қарын ауруларының алдын - алу.
15 484
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбаларға не жататынын және олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өте кең тараған және көп пайдаланылатын пайдалы қазбалар туралы түсінік.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Ас қорыту
Ас қорыту
Оқушылардың ас қорыту мүшелерінің құрылысы, қызметі, жалпы маңызы жайлы алған білім, білік дағдыларын, биологиялық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, қалыптастыру.
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесінің қызметі және сезім мүшелерінің қызметі жайлы түсінік беру. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту
Ас қорыту мүшелері және оның қызметі
Ас қорыту мүшелері және оның қызметі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Жүрек – қан айналым мүшесі
Жүрек – қан айналым мүшесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Тоғымбаева Айнұр Әбдімүнәпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×