Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын тұрғысынан ойлау

17 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолданудың тиімділігі

Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлай қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін технологияны тиімді қолдана білу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:
1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.
2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3. Проблеманы шеше білу.
4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
1. Әдіс түрлері.
2. Белсенді практикалық іс - әрекетте болуы
3. Басқалармен қарым - қатынас жасай білу, қорғай білу.
4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5. Топтық тұжырымға келе білу.
6. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.

СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 3 - сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында дүниетану сабақтарында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:
Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай болса ойлауға үйрете отырып бала тілін дамытуға жол саламыз. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда бес жолды өлең, эссе, елес құшағында, торлы талқылау, раундробинг, РАФТ, INSERT, болжау, қосжазба күнделігі, еркін жазу, кубик, дөңгелек үстел, қолжазба, кержез, дәлелді эссе сияқты стратегиялардың дүниетану сабағында берері көп.

РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, сезінеді, рөлге енеді, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

Жуан - жіңішке сұрақтар: оқушылар тақырып бойынша жұмыс істей отырып, тақырып мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен түсінуге тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 594
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын айтуға, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алу.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын сабақта тиімді қолдану
Топ мүшелерінің сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, өз ойларын айтуға, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік алу.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
«Бaлa дaмyының eң шapықтay шeгi – бұл тiл мeн oйдың шығapмaшылығы» (Л. С. Выгoтский)
А есебі
А есебі
Егер сіз бір нәрсені алты жасар балаға түсіндіре алмасаңыз, демек оны өзіңіз де толық түсінбепсіз. (Альберт Эйнштейн)
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×